Бала
саны: 2 бала О. С. С.
А.
Аңғарымы:
Психологиялық дамуы тежелген. Жалпы тіл кемістігі – III
деңгейі.
Тақырыбы:
«Қайдан
келдің, бауырсақ?».
Сабақтың
түрі: саяхат
сабағы.
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға нан туралы білім
беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып,
өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру.
Түзетушілігі: Баланың тілін, ой- өрісін,
ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Зейін
мен есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өздігінен қорытынды шығарып,
өз ойын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап
сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай
білуге тәрбиелеу.
Жаңа
сөздер: наубай-нан пісіретін орын;
диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін
өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.
Көрнекі
құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер,
нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер,
ИКТ.
Әдіс-тәсілдер; түсіндіру, оқу, әңгімелеу,
жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе сөз
-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің,
бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.
-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.
-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін
сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.
-Бәріміз мына сиқырлы тақтаға
қарайық.
- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».
-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос
болыпты.
-Бір күні тауық бір уыс бидай
тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін
сұрайды.
-Ал тышқан болса мен үгіте
алмаймын дейді.
-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.
-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан
қамыр илейді.
-Илеген қамырдан енді бауырсақ пысыр дейді-
тышқанға.
(Олигофренопедагог бидайдан ұн
жасалатынын дәлелдеп, бауырсақ қалай пайда болатынын
көрсетеді)
-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы
дейді
-Содан тауық бір табақ қылып
бауырсақ пісіреді.
-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп-
бауырсақты кім жейді- дейді?
-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.
-Сонда тауық:
-Бидайды үгітуге де,
бауырсақты пісіруғе де ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең
ерінбей- тояды қарының тіленбей,- дейді де тышқанды үйінен қуып
шығады.
-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды
екен.
-Балалар ертегі үнады ма?-
иә.
-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ»
дұрыс
-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің
бауырсақ» өлеңімен танысамыз.
ІІ Жаңа тақырып.
-
Өлеңмен танысу.
Жатты аппақ
бауырсақ,
Бауырсаққа
қызығып,
Қарап тұрды көзін
сап;
-Қайдан келдің
бауырсақ?-
Деп сұрады
қуыршақ
-Дүкеннен келдім нан
сатқан,-
Деді оған
бауырсақ.
-Дүкенге
келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға
келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан
-Диірменге келдім кең
жақтан
Жер- анам менің
көсілген,
Диқандар
мені өсірген.
Балалар өлеңде не туралы
айтылған?
-Бауырсақ
туралы.
-Балалар дастарханға бауырсақ қалай
келеді?
-Дүкеннен
-«Дүкенге қалай келеді»?
-Наубайдан.
-«Наубайға қайдан келеді?»
-Диірменнен
-«Диірменге қайдан келеді?»
-Диқаннан
-Дұрыс балалар.
2) Суретпен жұмыс.
Балалар сендердің үйлеріңде
бауырсақты апаларың мен мамаларын неге пісіреді?
-Пешке от жағып, қазанға май
құйып пісіреді.- Дұрыс.
Сергіту
сәті: Нан қиқымын
шашпаңдар,
Жерде жатса
баспаңдар.
Теріп алып
қастерлеп,
Торғайларға
тастаңдар.
ІІІ Компьютерлік ойын: «Сенсорлық
тәрбиелеу»
ІV Көзге арналған жаттығу:
V Ойын: «Қайдан келдің
бауырсақ»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген
қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен
орналастыруға үйрету.
Ойын
барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы
барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды
ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу.
ІV
Сөйлем
құрайық:
-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға
қараймыз.
-Сендердің алдарыңда сыйқырлы тақтада карточкалар
тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.
Ө
те жақсы балалар
дұрыс.
Сөйлем құрай алдыңдар.
VІІ Тірек сызбамен жұмыс:
-Тағы сиқырлы тақтаға
қарайық?
-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер
тұр
-Қайсысының бауырсаққа қатысы
бар.
-Дұрыс қазан
-Қазан не үшін керек?
-Жақсы бауырсақ пісіру
үшін
Ал енді келесі суретте баурсаққа қатысы жоқ
суретін табайық.
- құмыра. Жақсы.
-Балалар бүгін сабақа өте жақсы
қатыстыңдар.
-Қандай өлеңді тыңдадыңдар
-«Қайдан келдің бауырсақ?»
-Өте дұрыс
-Ойынды да ынталы ойнадыңдар.
VІІІ Қорытынды:
-Балалар
біраз жұмыс жасадыңдар, енді көздерімізді жұмып демалып алайық..
(Көздерін жұмған кезде мұрындарына нанды жақындатып, сезу
қабілеттерін тексеру).
-Балалар
сабаққа жақсы қатыстыңдар, енді бауырсақтан ауыз тиіндер. Сабақ
аяқталды.