"Қайталау сабағы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қайталау сабағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Ұстаз – ұлы есім»


Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар.

Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған « Ұстаз – ұлы есім»

атты тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер


Арсен:

Алғаш рет оятқансың санамды,

Ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін,

Түсіндірген жақсы менен жаманды


Нұрлыайым:

Ұстаз бізді білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашанда кешірген.

Өмір жолы қиын жол әрдайым,

Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген.


Шұғыла:

Анамдайсың менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем,қыс,күз, жазың.

Жылдар бойы тәрбиелеп аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.


Ән: « Әдемі ай» Өмірзақ Айкерім


Би: «Қамажай»


Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

Әрине Ы.Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым -жазушы Ы.Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдебитілдің тазалығы үшін күресуші, өнер –білімге бастаушы. Ы.Алтынсарин туған халқын оқу –білімге шақырып кенжелеген қарңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылының іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан 1864 жылы мектеп ашты.


Адия

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап, қудық бізде сан арман.

Сіздей адам дүниеде көп болсын,

Балалардың бақытты үшін жаралған.


Айкерім:

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен

Ұстазды жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем.

Аңсар:

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан ұстазыма мың сан алғыс,

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.


Айсұлу:

Нұрын төккен көк аспан күмбезін,

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар балығын әлемнің бір сіздерге.


Ән: «Оқуда озат боламын» Өмірзақ Айкерім


Нұрлыхан:

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.


Мейрамбек:

Келгенімде алдыңа,

Қызыл –жасыл гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.


Ақжайнақ:

«Біз ата –анамызды қалай қадірлеп құрметесек, ұстазды да солай құрметтеуге парызымыз.»


Аяла:

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.»


Нұрлыайым:

«Мұғалім бәрінен де қымбат, өткені мұғалім мектептің жүрегі»


Ән: «Ұстазым»

Би: «Вальс»



Құрметті ұстаздар, оқушылар. Ұстаз ақыл – ойы мен күш –қуатын балаларға арнап жан аямай еңбек етеді. Өйткені, ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп , қиға қанат қақтырады. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймын.































«Бүлдіршін ару - 2017» қыз сыны байқауы


1 – Жүргізуші:

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қыздар. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күнімен мерекелік көңіл – күй тілей отырып «Бүлдіршін ару - 2017» қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Жырдан шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық – деп ән жолдаймыз.

Айым: «Көңілді күн»

Жүргізуші:

Тіл байланып қалатындай көргенде

Сұлулықты соған ғана берген бе?

Кімде болса бас иеді мойындап

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде, - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, қошеметтеп ортамызға шақырайық:

1. Аруымыз Уалихан Айсель

2. Зұлпыхар Аружан

3. Тұрдықұл Гүлсезім

4. Алихан Шынар

5.Тұрғынбекова Айзере

6.Арапбай Қарақат

Жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Алқасын қазыларды біз сайлайық

Ақ аруды талдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныстырайық:

Бүгінгі байқауға аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І – бөлім. «Сәлемдесу». Бұл бөлімде аруларымыз өзін – өзі таныстырады.

ІІ – бөлім. «Өз өнері». Бұл бөлімде аруларымыз өнерлерін ортаға салады.

(ән айту, би билеу).

ІІІ – бөлім. «Сұрақ - жауап». Билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

ІҮ – бөлім. «Сән үлгісі». Бұл бөлімде аруларымыз сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.

Жүргізуші:

Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі,

Қазақ қызы – әдепті де әдемі.

Қазақ қызы – ақылына көркі сай,

Тұнып тұрған тұрған сұлулықтың әлемі – дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін – өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Өнері өрге жүзер талаптының,

Талантты талмай ұшар қанаттының.

Әлди әуен әлемі өнер аты,

Шарпып өтсін лебімен қанатының – деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз. (Сайыскер ару қыздар өнерін ортаға салады. Қазылар алқасы әділ бағасын береді.)

Жүргізуші:

ІІІ – бөлім. «Сұрақ - жауап». Бұл бөлімде арулар билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді. Қазылар алқасы бағалайды.

Жүргізуші:

ІҮ – бөлім. «Сән үлгісін» көрсету үшін аруларымызды ортаға шақырамыз.

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкенді сыйлау ұққанға соның бәрін,

Зерделі ол, зейінді келіп сынар, - дей келе қазылар алқасының қорытындысын

Қорытынды дайын болғанша Қарақаттың орындауында «Мереке» әнін тамашалайық.

Жүргізуші:

Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

Қыздар сыны мінекей,

Келіп жетті мәреге.



Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Бүлдіршін ару - 2017» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашан құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын, - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.










Тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1- ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау арқылы, балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, алған білімін өмірде қолдана алуға бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі суреттер, плакаттар, сан карточкалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қонақтармен сәлемдесу.

Келіңіз, төрлетіңіз!

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бас иеміз біз.

ІІ. Жаңа сабақ.

«Күз »мезгілі туралы әңгіме.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз.

  • Жақсы, олай болса, мен сендерге әңгіме айтып берейін.

  • Күздің шуақты күндерінде қорадан қозы, құлын, бота үшеуі шығып, өріске жайылып кетеді. Қайтып келе жатып адасып қалады. Қозы маңырап, құлын кісіней бастайды. Олардың дауысын естіп, орманнан қасқыр шығады. Сол кезде Арман да малдарын іздеп шығып еді. Қасқырға кездеседі.

  • Қасқыр: Егер менің тапсырмамды орындасаң, малдарыңның қайда жүргенін айтамын – дейді.

Арманға көмек тесейік.

Қасқырдың тапсырмасы:

  1. Сурет бойынша теңдіктер құру. Тақтамен жұмыс.

Оқушылар суретке қарап теңдік құрады және шығарады. Алма ағашының екі жағындағы алмаларды санап, санын жазады.

  1. Осы кезде ауа- райы бұлттанып қалады. Күннің көзін ашу үшін бұлт астындағы тапсырманы орындау керек.

А)Геометриялық пішіндерді атау.

Shape2 Shape3 Shape4 Shape1




Ә). Таңбалардың атын атау

+ -


Сергіту сәті.

Қазым, қазым , қаңқылда,

Суда жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсінбе?

Кәмпит берші дейсін бе?


Жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас

Арпа менен бидай шаш.

Қасқыр Арманға рахметін айтып, малдарының қайда жайылып жүргенін көрсетіп жібереді. Арман өзен жаққа келсе, малдары өзенге батып барады екен. Арман көмек сұрап жатыр. Көмектесіп жіберейік.

  1. 1-қозыны құтқарайық. Суретпен жұмыс.

Барлығы неше жидек ?

Барлығы неше жеміс?

Барлығы неше көкөніс.

  1. Құлынды құтқару үшін 1-ден 10-ға дейін тура, кері санау.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Құлынды да құтқардық. Арманға көмектесеміз деп жүріп шаршадық. Олай болса демалайық.


Сергіту сәті.

  1. Енді ботаны құтқарайық.

Арнайы жұмыс дәптермен жұмыс.


Ботаны да құтқардық. Арманмен қоштасайық. Сау бол, сау бол, сау бол!

  1. Суреттерді санау арқылы сандарды көрсету.

Сандарға байланысты санамақ айту.


ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Алда балалар қандай мереке келе жатыр?

Олай болса бұгінгі сабақты қорытындылай келе «Шыршаны безендіру» ойынын ойнату.

Балаларды бағалау.






Абай атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің 2016 – 2017 оқу жылында бастауыш әдістемелік бірлестігінің атқарылған жұмысына талдау.


  1. Оқу жылында өткен оқу жылындағы қол жеткізген жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерге талдау жасалынды.

  2. Пән бірлестіктер жетекшілерін тағайындау мен әдістемелік бірлестік жоспарларын талқылау мен бекіту іс – шаралар жүзеге асырылды.

  3. 2016- 2017 оқу жылында стандартқа сай оқу жоспарын жасап, бірлестік отырысында

  4. Бірлестік отырысы уақтылы өткізіліп жоспар бойынша жасалынған жұмыстардың орындалуы туралы есеп беріліп, дер кезінде талданып отырды.

  5. Әр тоқсан сайын ашық сабақтар өткізіліп отырды. Ашық сабаққа бірлестік мүшелері талдау жасады.

  6. 3-4 сынып оқушылар арасында қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен мектепшілік олимпиадалар өткізіліп, нәтижесінде аудандық олимпиадаға жіберілді.


Абай атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінде

бастауыш бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс істейді.

І – санатты мұғалімдер:

1. У. Исабекова

2. З. Бектурова

3. Л.Абубакирова

4. Н.Изтилеуова

ІІ - санатты мұғалім:

5. Э.Естемесова


Жаңартылған білім мазмұны бойынша 2015 – 2016 оқу жылында Э.Естемесова өтсе, 2016-2017 оқу жылында 22.05. – 09.06. 2017 жылы күндераралығында Н.Изтилеуова өтеді.

2016 жылдың 20.11 – 26.11. 2016 жылы күндер аралығында бастауыш сынып пәндерінің апталығын өтті. Апталық жоспарға сай өтілді. Дер кезінде талқыланып жақсы деп бағаланды.Бұл апталықта төмендегі мұғалімдер ашық сабақтар өтті.

Даярлық сыныбында Л.Абубакирова математика пәнінен «Қайталау сабағы» тақырыбы бойынша сабақ өтті. 1 сыныпта Э. Естемесова Сауат ашу пәнінен «Қ дыбысы мен әріпі» тақырыбы бойынша, 2 - сыныпта У. Исабекова

әдебиеттік оқу пәнінен «Қыс» тақырыбында, 3 – сыныпта дүниетану пәнінен З. Бектурова «Табиғаттағы су» тақырыбы бойынша, 4 – сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Н.Изтилеуова «Сабырсыз, арсыз, еріншек» тақырыбында өтті.

Л.Абубакирова , У. Исабекова және Н.Изтилеуованың сабақтары «Ұстаз жаршысы» газеті басылымына шықты.

Мектебімиізде 14 – желтоқсанда өзін –өзі тану аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 30 –мұғалім келіп қатысты. Осы семинарда

1 – сынып жетекшісі Э. Естемесова «Бір –бірімізге көмектесейік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабағы Кембридж бағдарламасы бойынша өтіліп, қатысқан мұғалімдер жоғарға баға берді. Осы сабағы «Ұстаз жаршысы» газетінің бетіне жарық көрді.

І – жарты жылдықтың қорытындысы бойынша бақылау жұмысы мен диктант қорытындысы мынадай нәтиже көрсетті.

Қазақ тілі (2 – 4) орта есебі -3,3 білімі – 4,4 үлгерімі - 7,5

Математика (2 – 4) орта есебі -3,3 білімі – 3,8 үлгерімі - 7,2

Орыс тілі (2 – 4) орта есебі -3,2 білімі – 4,0 үлгерімі - 6,5

Әр мерекеге байланысты іс – шаралар өткізіліп отырылды. Атап айтсақ «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», «Тұңғыш Президент күні», «Жасыл шырша жанында», «Ардақт айық ананы», «Қош келдің – Наурыз», «Бүлдіршін ару – 2017» , «Көктем аруы» , «Жігітке жеті өнерде аз», «Қош бол

Бастауыш» атты ашық тәрбие сағаттары өткізіледі. Қаңтар айында меуктепте өтілген, «Қамқорлық» акциясында бастауыш сыныптардан әл – ауқаты төмен және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қаржылай және заттай көмек көрсетілді.

Біздің бастауыш сынып мұғалімдері «Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие» беруде аянбай еңбек етіп келеді. Сол еңбегінің нәтижесінде 2016 – 2017 оқу жылында Исабекова Үрила апайдың оқушысы Алихан Жансая «Алтын ұрпақ» интеллектуралды ойынға қатысып ІІІ – орынға және Бектурова Зулфияға апайдың оқушысы Төлен Қазына ІІ - орынға ие болды.

Апталықта 10.04. - 15.04. 2017ж бастауыш сыныпта соңғы қоңырау аясында сабақта үздік оқитын таудай талапты, іздемпаз оқушылар мадақтау қағаздары марапатталды.

  1. сыныпта, 11 оқушы Білім сапасы 54% үздігі – 2, екпіндісі - 4

сынып жетекшісі: Э. Естемесова

2 - сыныпта, 11 оқушы Білім сапасы 54% үздігі – 2, екпіндісі - 4

сынып жетекшісі: У. Исабекова

3 - сыныпта, 12 оқушы Білім сапасы 54% үздігі – 4, екпіндісі - 4

сынып жетекшісі: З.Бектурова

4 - сыныпта, 10 оқушы Білім сапасы 54% үздігі – 1, екпіндісі - 3

сынып жетекшісі: Н.Изтилеуова


ІІ – жарты жылдықтың қорытындысы бойынша бақылау жұмысы мен диктант қорытындысы мынадай нәтиже көрсетті.


Қазақ тілі (2 – 4сын) орта есебі -3,3 білімі – 4,7 үлгерімі - 7,2

Математика (2 – 4 сын) орта есебі -3,3 білімі – 4,2 үлгерімі - 7,0

Орыс тілі (2 – 4 сын) орта есебі -3,1 білімі – 5,5 үлгерімі - 8,8


Жеке тұлға бастауыш сыныпта қалыптасатын болғандықтан бастауыш сынып мұғалімдері балалардың жас ерекшелігін ескеріп, заман талабына лайық білім мен тәрбие беруді көздеп келеді. Оқушылының соңында бірлестікте биылғы 2016-2017 жылына жоспарланған іс – шаралар толығымен орындалды.




Әдіс бірлестік жетекшісі: Л. Абубакирова










































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2018
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі