Алматы облысы Көксу
ауданы «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Карипова Арай
Ермекқызы
«Математика әлемі»
қайталау сабағы
Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әр
түрлі деңгейдегі есептерді шығарта отырып,
Өтілген материалды қайталау,
бекіту.
Дамытушылық: Тез есептеу дағдыларын
қалыптастыру. Еңбектенуге үйрету, жүйелі ойлау қабілетін дамыту,
шығармашылық қиялын арттыру.
Тәрбиелік: Топта бірігіп жұмыс жасауды
үйрете отырып, қол ұшын бере білуге
тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже: Меңгерген математикалық
білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді шешуде қолдана
білумен байланысты білік қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: қайталау
сабағы
Сабақтың әдіс –
тәсілдері: сұрақ – жауап, практикалық,
сөздік, талдау
Сабақтың
формасы: топтық, жеке дара, жалпы
сыныптық
Сабақтың құрал –
жабдықтары: постер, слайд, тест,
дидактикалық есептер
Барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі
-
Оқушыларды
түгендеу
-
Оқушыларды топқа бөлу. Барлық
оқушылар келіп жұлдызшаларды алып, топқа бөлінеді. Жүздіктер,
ондықтар, бірліктер.
-
Ынтымақтастық
атмосферасы
Әр топ шеңбер құрып қолдарынан
ұстап тұрады. «Менің көршім» атты тренинг
жүргізу.
-
Үй тапсырмасын
сұрау. №6 есепті бір-бір оқушыға
оқытып шығу. Мақсат қою
кезеңі
Ойын. «Жасырын сөзді тап»
Слайдпен көрсетілген есептерді шығару арқылы қайталау деген сөзді
балалар табады.
-
Тірек білімдерін
белсендіру.
«Математикалық эстафета»
ойыны. Әр топқа бірнеше сұрақтар қою арқылы топ басшысын
анықтау.
«Жүздіктер»
1.Қай сан 8-ден 5есе артық
40
2.45-ті 9 есе кеміт
5
«Ондықтар»
1.Қай сан 9-дан 7 есе артық.
63
2.36-ны 4 есе кеміт.
9
«Бірліктер»
1.Қай сан 7-ден 5 есе
артық.
35
2.64-ті 8есе кеміт
8
1 – тапсырма.
«Әке»
Әр топқа бір-бір есептен
таратып беру.
2 – тапсырма.
«Бала»
«Дидактикалық
ойындар»
Әр топқа плакат таратып беру.
«Мекенін тап?» «Себетті толтыр» «Үй құрастыр» деп аталады.
Амалдарға берілген есептерді шығару арқылы
орналастырады.
«Немере» Сергіту
сәті.
3 – тапсырма.
«Шөбере»
«Киелі сандар еліне
саяхат»
Киелі сандарға постер
дайындау.
4 – тапсырма.
«Шөпшек»
Жұмбақ есептер
оқу
5 – тапсырма.
«Немене»
Әр оқушыға жеке-жеке 5
сұрақтан тұратын тест тарату. Бір-бірін тексереді. Дұрыс жауабы
слайдта көрсетіледі.
6 – тапсырма.
«Туажат»
Ребус
шешу.
Сабақты
қорыту
Ой түйін. «Біз нені
үйрендік?»
Үйге
тапсырма. № 3,5 есеп 30-31
бет
Бағалау. Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін жазып
жабыстырады.