«№12бөбекжай-бақшасы»
Эксперименттік жоспар
Қайың мен шырша ағаштарын
байқау және салыстыру
Тәрбиешілер: Жансүгірова С
Жолекенова Л
2020-2021 оқу жылы
Қайың мен шыршаны байқау және салыстыру
Мақсаты: Шырша ағашы мен қайың ағашын көрсету, айырмашылықтарын түсіндіру, білімдерін молайту. Ағаштардың өзгерістері туралы білімдерін жетілдіру.
Бақылау барысы:
Көркем сөз «Жас шыбық» А. Меңдібай
Көшетін әкеп қайыңның,
Отырғыздым аулаға.
Жіп-жіңішке жас шыбық,
Өспейді деп ойлама.
Жас шыбық өсіп толады,
Әсем қайың болады,
Суғарып, күтіп, баптасам.
Қайың көп ағаштардың ішіндегі сұлу ағаштардың бірі. Оның аппақ діңі жұқа қабықпен қапталған. Қайың қыс шыққан бойда бүр жарып шыға келеді. Халық әндері мен ертегілеріне қайыңды жиі қосқан. Оны сүйіспеншілікпен «ақ қайың» деп атаған. Ерте кезде жолаушы жүретін үлкен жолдардың бойына қайың еккен. Қайыңның жұмсақ қабығынан жеңіл шабата (аяқ киім), жолаушы жүргенде киімдері мен тамағын салатын себеттер тоқыған.
Бақылау барысы:
Көркем сөз «Жасыл шырша» К. Әзірбаев
Қанша заман өткенімен,
Ескірмейтін асыл шырша.
Алатаудың көктемімен,
Доссың ғой сен, жасыл шырша.
Өзгермейсің қыс келсе де,
Бояыңды оңдырмайсың.
Аяз шымшып, тістесе де,
Жапырағыңды тоңдырмайсың.
Тәрбиеші әңгімесі: Шырша ағашы адамға өте ұнамды, қуаныш сыйлайтын ағаш. Шыршаны ойыншықтармен безендіріп, жаңа жылды қарсы аламыз. Өкінішке орай, біздің осындай қиянаттарымыздан шырша орманы сиреп барады. Қазір шыршаны кесіп, бүлдірмес үшін, жасанды шыршалар шығарылды. Қаламызда шырша ағаштары отырғызылып, қала көшелеріне сән беруде.
Шыршаны тек қана адамдар емес, жан-жануарлар мен құстар да жақсы көреді. Қалың шырша орманында аюлар апанын, тиіндер індерін, құстар ұяларын салады.
Зерттеу жұмысы: шырша ағашын маңайдағы басқа ағаштармен салыстыру , ерекшеліктерін атау.
Тәрбиеші сұрақтары:
Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Біздің ауламызда қандай ағаштар өседі?
Ағаштар жылдың қай мезгілінде көктейді?
Әуелі ағаш бұтақтарында не пайда болады?
Қазір аулаға ағаш көшетін отырғызуға бола ма?
Ағаштар жақсы өсуі үшін біз оларға не істеуіміз керек?
Балаларға сұрақтар:
Шырша ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы неде?
Балалар шырша ағашын неге жақсы көреді?
Шырша ағашы туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?
Зерттеу жұмысы
Қайың ағашы мен шырша ағашын салыстыру: оларды қандай айырмашылықтары арқылы ажыратуға болады?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қайың ағашы мен шырша ағашын бақылау
Қайың ағашы мен шырша ағашын бақылау
«№12бөбекжай-бақшасы»
Эксперименттік жоспар
Қайың мен шырша ағаштарын
байқау және салыстыру
Тәрбиешілер: Жансүгірова С
Жолекенова Л
2020-2021 оқу жылы
Қайың мен шыршаны байқау және салыстыру
Мақсаты: Шырша ағашы мен қайың ағашын көрсету, айырмашылықтарын түсіндіру, білімдерін молайту. Ағаштардың өзгерістері туралы білімдерін жетілдіру.
Бақылау барысы:
Көркем сөз «Жас шыбық» А. Меңдібай
Көшетін әкеп қайыңның,
Отырғыздым аулаға.
Жіп-жіңішке жас шыбық,
Өспейді деп ойлама.
Жас шыбық өсіп толады,
Әсем қайың болады,
Суғарып, күтіп, баптасам.
Қайың көп ағаштардың ішіндегі сұлу ағаштардың бірі. Оның аппақ діңі жұқа қабықпен қапталған. Қайың қыс шыққан бойда бүр жарып шыға келеді. Халық әндері мен ертегілеріне қайыңды жиі қосқан. Оны сүйіспеншілікпен «ақ қайың» деп атаған. Ерте кезде жолаушы жүретін үлкен жолдардың бойына қайың еккен. Қайыңның жұмсақ қабығынан жеңіл шабата (аяқ киім), жолаушы жүргенде киімдері мен тамағын салатын себеттер тоқыған.
Бақылау барысы:
Көркем сөз «Жасыл шырша» К. Әзірбаев
Қанша заман өткенімен,
Ескірмейтін асыл шырша.
Алатаудың көктемімен,
Доссың ғой сен, жасыл шырша.
Өзгермейсің қыс келсе де,
Бояыңды оңдырмайсың.
Аяз шымшып, тістесе де,
Жапырағыңды тоңдырмайсың.
Тәрбиеші әңгімесі: Шырша ағашы адамға өте ұнамды, қуаныш сыйлайтын ағаш. Шыршаны ойыншықтармен безендіріп, жаңа жылды қарсы аламыз. Өкінішке орай, біздің осындай қиянаттарымыздан шырша орманы сиреп барады. Қазір шыршаны кесіп, бүлдірмес үшін, жасанды шыршалар шығарылды. Қаламызда шырша ағаштары отырғызылып, қала көшелеріне сән беруде.
Шыршаны тек қана адамдар емес, жан-жануарлар мен құстар да жақсы көреді. Қалың шырша орманында аюлар апанын, тиіндер індерін, құстар ұяларын салады.
Зерттеу жұмысы: шырша ағашын маңайдағы басқа ағаштармен салыстыру , ерекшеліктерін атау.
Тәрбиеші сұрақтары:
Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Біздің ауламызда қандай ағаштар өседі?
Ағаштар жылдың қай мезгілінде көктейді?
Әуелі ағаш бұтақтарында не пайда болады?
Қазір аулаға ағаш көшетін отырғызуға бола ма?
Ағаштар жақсы өсуі үшін біз оларға не істеуіміз керек?
Балаларға сұрақтар:
Шырша ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы неде?
Балалар шырша ағашын неге жақсы көреді?
Шырша ағашы туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?
Зерттеу жұмысы
Қайың ағашы мен шырша ағашын салыстыру: оларды қандай айырмашылықтары арқылы ажыратуға болады?
шағым қалдыра аласыз













