400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қайырымдылық - ізгі іс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырымдылық туралы мектебімізде жасалған жұмыстар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сырым аудандық білім беру бөліміне

Қазақстан негізгі жалпы білім

беретін мектебінен





Қазақстан негізгі жалпы білім беретін мектебінде

«Мейірімділік күндері» қайырымдылық

айлығының өтілуі туралы мәлімет



Қазақстан негізгі жалпы білім беретін мектебінде қазан айында қайырымдылық айлығы оздырылды. Алдымен жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар жасалынды.

«Қарты бардың, қазынасы бар» атты қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараға ауыл ақсақалдары,қариялар шақырылды. Кездесу барысында оқушылар тақпақ оқып,ән айтып, би биледі. Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ата-әжелеріміз оқушылардың сұрақтарына шынайы жауап беріп, олармен бірге ән салды. Мектеп бағдарламасын еске түсіріп, өлең жолдарын оқыды. Соңында барлығы естелікке суретке түсті.

Мектеп кітапханасында тақырыпқа сай оқырмандармен әңгімелесу кеші өтті. Кеш барысында кітапханашы А.Ғ.Стаев қатысушыларға қайырымдылық жайлы айта келе, өлең жолдарын оқыды. Оқырмандар қайырымдылық ұғымы туралы ой бөлісті. Оқушылар өлеңдер оқыды. «Көмек қолын ұсынамыз!» ұранымен оқушылар ауылдағы қарияларға көмек көрсетті. Әр сынып өздеріне бөлінген ата-әжелеріне барып, отын жарды, су тасыды, аулаларын жинасты. Риза болған қариялар алғыстарын жаудырды.

Барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Айта кетсек, 6-сыныпта «Жақсылық жасауға асығайық», 5-сыныпта «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», 2-сыныпта «Қасыңда жүр жақсы адам» сынып сағаттары өтті. Барлық сабақтардың негізгі мақсаты оқушы бойына мейірімділік ұялату, бір-біріне қайырымдылық жасай білуге баулу. Сабақтар мақсатына жетті деп айтуға болады.

Қайырымдылық айлығы барысында ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек, оқуға қажетті заттар сыйлады.

Аталған жұмыстар туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Булекбаеваның «Сырым елі» газетінде мақаласы жарық көрді.





Мектеп директоры М.Г.Исламгалиев


Орындаған: Г.С.Булекбаева

87718665392






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі