Күні:
____________
Сабақтың
тақырыбы: Қалта телефоны туралы
ақпарат-жарнамалар.
Сабақтың
мақсаты: Қалта телефонына байланысты
ақпарат-жарнамалар туралы сұхбаттасып, телефондарды жарнамалауда өз
ойларын дәлелді жеткізе білуге, алынған білімді өмірмен
байланыстыра білуге үйрену.
Күтілетін
нәтижелер:
А)
Қалта телефонына байланысты ақпарат-жарнамалар туралы
сұхбаттасады.
В)
Телефондарды жарнамалауда өз ойларын дәлелді
жеткізеді.
С) Тақырыпты өмірмен байланыстырып қорытынды
жасайды.
Көрнекіліктер:
АКТ, плакаттар, ұялы
телефондар, үлестірмелі қағаздар, әуендер.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен
амандасу;
Телефон шыр
етеді...
Телефон шыр етедi:
Сонда менiң жүрегiм дiр етедi,
Көйлегiмнiң желбіреп гүл етегi
Жүгiремiн. Не пайда сен емессiң.
Тек қимылдау көңiлдi жүдетедi.
Кешке дейiн неше рет дiрiлдетiп
мәнсiз, арсыз алаңмен күн өтедi.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймiн ендi мен – қылғын сарна!
Жүрегiме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесiнен бiр қойып сындырсам ба!?
Әне тағы… сенi ме! Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйiп мен тұрдым сонда.
Фариза
Оңғарсынова
В)
Тренинг: « Сен мені
таныдың ба?» ( Сынып «Белаин», «Актив»
болып екі топқа бөлініп, әр топ өздерін ұрандарымен және
жарнамаларымен таныстырады)
II. Кіріспе бөлім:
Мұғалім
сөзі: Бүгінде ұялы телефондарсыз
жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында
ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып,
күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана
қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей
балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз,
алыстағы ауылдарыңыздың өзінде қалта телефонынсыз үй жоқ. Ал енді
екінің бірінің қолында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген
осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды, қаншалықты пайдалы?
Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын
болды. Бүгінгі сабағымызда осы ұялы телефонның қыр-сырын ашып,
пайдалы-зиянды екенін талқылайтын
боламыз.
Әлемде сіз білмейтін
қызықтар өте көп. Солардың біріне назар аударайық! (Экранда «ұялы
телефон» туралы видео
көрсетіледі)
Ш. Негізгі бөлім:
1. Постермен
жұмыс: Екі топ: «Ұялы телефонды»
даттаушы және жақтаушы топтар телефонның зиянды жағы мен пайдасын
көрсететін суреттер салып, әр топ өзінің постерін қорғайды. (
Уақыты: әр топқа 3 минут)
2. «Пікірталас»
бөлімі:
Екі топ бір-біріне қарсы 10
факті айтып, айтысады. Соңында әр топ нақты да нұсқа қорытындысын
шығарады.
3. Мұғалім
сөзі:
- Мен сіздерге ұялы телефонды
қолдану қағидалары жайында бірнеше кеңес
ұсынбақшымын.
-
Найзағай соғу
қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы
телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді.
-
Ұйықтаған кезде 1,5 не 2
м алыс жерге қою керек.
-
Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Жүйке жүйесіне
зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және
белдің ауыратыны сондықтан, толқындардың әсер
етуі.
4.
« Нөмірді іздеп тап!»
ойыны.
Шарты: Белгісіз телефон нөмірін
жасырып, әр оқушы жасырынған сұрақтарды іздеп тауып, сұраққа жауап
беріп , белгіленген нөмер бойынша рет-ретімен қойып, байланыс
нөмерін шығару керек. Табылған нөмердің иесін екі топ жарыса іздеп
табу керек. Бірінші тапқан топқа 10 ұпай
беріледі.
Сұрақтар:
-
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз
күйінде) 8
-
Аңшы көлде жүзіп жүрген
үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек
қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып
кетеді) 7
-
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен»
тұр) 0
-
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай
қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
5
-
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол
сөйлей алмайды) 1
-
Он жұмыртқа салынған себетті
екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?
(бәрі жарылып қалады)
9
-
Сол жақтан
оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан
қайсы? (ҚЫРЫҚ)
1
-
«Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады?
/жіктеу/ 5
-
Ең тәтті, ең
ащы не? (тіл) 3
-
“Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын,
әріп) 2
-
Бір арба
келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір
түйіншек
(сіріңке)
7
(8 705 191 53
27)
IV. Мадақтау
бөлімі:
Сабаққа қатысқан әр оқушының ойын бағалап,
мадақтаймын.
V. Қорытынды
бөлім: