Материалдар / Қалта телефонының адам денсаулығына зияны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалта телефонының адам денсаулығына зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушыларға қалта телефонының адам денсаулығына зияны туралы мәлімет беру • Қалта телефонының адам денсаулығына зиянынан сақтану жолдарын ұсыну • Оқушыларды тақырып бойынша өзара ой бөлісе отырып, ұялы телефонның пайдасы мен зиянын ажыратуға, ұялы телефонды дұрыс пайдалану мәдениетін, әдебін уйрету
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі












«Қалта телефонының адам денсаулығына зияны»

Сынып жетекшісі: Тулеметова К.А.
















Талдықорған қаласы







Сабақтың тақырыбы:

«Қалта телефонының адам денсаулығына зияны»

Мақсаты:

  • Оқушыларға қалта телефонының адам денсаулығына зияны туралы мәлімет беру

  • Қалта телефонының адам денсаулығына зиянынан сақтану жолдарын ұсыну

  • Оқушыларды тақырып бойынша өзара ой бөлісе отырып, ұялы телефонның пайдасы мен зиянын ажыратуға, ұялы телефонды дұрыс пайдалану мәдениетін, әдебін уйрету

Әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, стикер, үлестірме материалдар


Барысы:

Басы

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Назарларыңызға «Қалта телефонының адам денсаулығына зияны» атты тәрбие сабағымызды ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.

2-жүргізуші:  Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың комегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.


Ортасы


1- жүргізуші 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

2-жүргізуші: Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.


1- жүргізуші Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:


Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.


Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.


Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.


Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін - бірі көріп сөйлесуге болады.


2- жүргізуші Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. 
Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.



1-Жүргізуші Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар,

саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. 
Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған

адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы

мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда». 
Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.



2-жүргізуші Сондықтан, ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Ол үшін мынадай қағидаларды сақтасаңыз болады:

1. Ұялы телефонға құлаққап жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

2. Телефонды қалтада, белдікте ұстамаңыз.

3. Телефонды қолда ұстап не  жастықтың астына салып ұйықтамаңыз.

4. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

5. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

6. Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды берер алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.

7. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеңіз, өйткені бұл сәтте электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады  және өте көп тарайды.

8. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеңіз, себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды.

9. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспаңыз, магниттік күші көбейеді.

10. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесіңіз.

11. Ұйықтаған кезде 1,5 не 2 м алыс жерге қойыңыз.

12. Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстаңыз немесе қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз.

13. Телефонды төсегіңізге қойсаңыз, жүйке жүйеңізге  зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең толқындардың әсерінен басыңыз бен беліңіз ауыратын болады.

Ұялы телефонды қолдануды барынша шектеп, осындай қағидаларды сақтай отырып, өзіміз бен баламызды зиянды толқындар тудыратын кеселдерден қорғайық!



1- жүргізуші Сабақты бекіту тапсырмасын жасайық


1. Қалта телефоның пайдалану қағидалары қандай?

2.Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз?

3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?

4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?

5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?


РЕФЛЕКСИЯ.

  • Мен бұрын ... ойлайтынмын, қазір мен ... түсіндім.

  • ... болғаны мені қатты қуантты.

  • Егер мен сол кезде болсам ...

  • Келесі жолы мен ... есте сақтаймын.

Қортынды: Оқушылар қалта телефонының адам денсаулығына зияны туралы мәлімет алды. Қалта телефонының адам денсаулығына зиянынан сақтану жолдарын білді. Оқушылард тақырып бойынша өзара ой бөлісе отырып, ұялы телефонның пайдасы мен зиянын ажыратты, ұялы телефонды дұрыс пайдалану мәдениетін, әдебін уйренді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!