Материалдар / Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Математика_ 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Математика_ 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Математика_ 3-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
1507
7 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Математика
3-сынып

Астана, 2018

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.

2

Мазмұны
1-ТОҚСАН ....................................................................................................................................................... 4
1А бөлім: «1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту»....................................................................... 4
1В бөлім – Көбейту және бөлу ................................................................................................................ 15
1С бөлім - Кестелік көбейту және бөлу ................................................................................................. 26
2-ТОҚСАН ..................................................................................................................................................... 31
2А бөлім: «Үлес» ...................................................................................................................................... 31
2В бөлім – Аудан. Шамалар .................................................................................................................... 35
2С бөлім - Ауызша көбейту және бөлу ................................................................................................... 48
3-ТОҚСАН ..................................................................................................................................................... 51
3А бөлім - Кестеден тыс көбейту және бөлу ......................................................................................... 51
3В бөлім - Кеңістік фигуралар ................................................................................................................ 58
3С бөлім – Жазбаша көбейту және бөлу ................................................................................................ 60
4-ТОҚСАН ..................................................................................................................................................... 62
4А бөлім - Жазбаша көбейту және бөлу ................................................................................................ 62
4В бөлім – Есепті шешу жолдары........................................................................................................... 64
4С бөлім- Уақыт ........................................................................................................................................ 74

3

1-ТОҚСАН

1А бөлім: «1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту»
Оқу мақсаты

Бөлімше1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну;1000
көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал
сандар қатарындағы орнын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіндіреді
• 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды
• 1000 көлеміндегі сандардың натурал сандар
қатарындағы орнын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Сұрақтардың жауабын теңдік түрінде жаз.
1) 560 санын алдыңғы саннан қалай шығарып алуға болады?
2) 279 санын кейінгі саннан қалай шығарып алуға болады?
3) 678 санынан сол санның бірлігін азайтқанда қандай сан шығады?
4) 678 санынан сол санның ондығын азайтқанда қандай сан шығады?
Дескриптор

Білім алушы
- 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын өрнек түрінде жазады.

2-тапсырма
Сандардың тізбегін жалғастырып жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- 1000 көлеміндегі сандар тізбегін өсу ретімен жалғастырады;
- 1000 көлеміндегі сандар тізбегін кему ретімен жалғастырады.

3-тапсырма
Гүлдердің орындарын тауып, сәйкестендір.

Дескриптор

Білім алушы
- 1000 көлеміндегі сандардың натурал сандар қатарындағы орнын
көрсетеді.
4

Бөлімше1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты

3.1.1.2 Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Үш таңбалы сандарды құрастырады, оқиды және
жазады
• Үш таңбалы сандарды салыстырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Берілген сөздерді пайдаланып, барлық үш таңбалы сандарды құрастырып жаз. Олардың ең
үлкенін және ең кішісін анықта.

екі жүз

қырық

жеті жүз

жиырма

бес

Сандар: ___________________________________________________________
Ең үлкен сан: _______________________________
Ең кіші сан: _______________________________
Дескриптор

Білім алушы
- берілген сандардан мүмкін болатын барлық үш таңбалы сандарды
құрастырады;
- салыстыру арқылы ең үлкен санды анықтайды;
- салыстыру арқылы ең кіші санды анықтайды.

5

Бөлімше1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты

3.1.1.3 Үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық
құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын
анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын
анықтайды
• Разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтайды
• Үштаңбалы санды разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Сурет бойынша әр қатардағы санды жаз.

• Әр санда неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
• Әр санның құрамындағы ондықтардың жалпы санын ата.
Білім алушы
Дескриптор
- үштаңбалы сандарды жазады;
- сандардың разрядтарын атайды;
- санның құрамындағы ондықтардың жалпы санын анықтайды.
2-тапсырма
Кестедегі белгілер бойынша үш таңбалы сандар құрастырып жаз. Оларды разрядтық
қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.

Дескриптор

Білім алушы
- үш таңбалы сандарды жазады;
- үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына
жіктейді.

6

Бөлімше1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты

3.1.1.4 Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру;
1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу,
салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• 1000 санының құрылу жолын түсіндіреді
• 1000 000 көлемінде мыңдықтармен санайды
• Мыңдықтарды салыстырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Сурет бойынша санның құрылу жолын түсіндір.



1000 санын тағы қалай құрастыруға болады? 2 мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы
- 1000 санын жүздіктермен құрастыру жолын түсіндіреді;
- 1000 санын құрастыру жолдарына мысал келтіреді.

2-тапсырма
Берілген сандарды сызықтың бойына өсу ретімен орналастыр.
20000, 50000, 70000, 30000, 90000, 40000, 60000, 100000, 80000




Ең кіші санды жаз _____________________
Ең үлкен санды жаз____________________

Дескриптор

Білім алушы
- 1000000-ға дейінгі мыңдықтарды өсу ретімен жазады;
- 1000000 көлеміндегі мыңдықтарды салыстырады.

7

Бөлімше 5.2 Математика тілі
Оқу мақсаты

3.5.2.1 Көп таңбалы сандардың графикалық моделін құру,
кластар мен разрядтар кестесін қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Графикалық моделі бойынша санды анықтайды
• Көп таңбалы сандардың графикалық моделін құрады
• Разрядтық кесте бойынша көптаңбалы сандарды
жазады және оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Санның графикалық моделіне мұқият қара. Бос орынға сәйкес санды жаз.



Үлгі бойынша 1279 санының графикалық моделін құрастыр.



Осы сандарды разрядтық кестеге түсір. Сандарды оқы.
ІІ класс
мыңдар класы

жүзд.мың

Дескриптор

онд.мың

бірл.мың

І класс
бірліктер класы

жүздік

ондық

бірлік

Білім алушы
- графикалық модельге сәйкес санды жазады;
- берілген санның графикалық моделін құрады;
- сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

8

Бөлімше 5.2 Математика тілі
Оқу мақсаты

3.5.2.4** Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары
компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу
мен жазуда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Арифметикалық амалдардың компоненттерін атайды
• Компоненттері бойынша жақшалы өрнектер жазады
және оқиды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Әр өрнектің компоненттерін ата.



Математикалық диктант: Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.

Дескриптор

Білім алушы
- арифметикалық амалдардың компоненттерін атайды;
- оқылуы бойынша сәйкес өрнектер құрады;
-өрнектердің мәнін дұрыс есептейді.

9

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты

3.1.2.5 Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық
құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды
орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Үш таңбалы сандарды ауызша қосады
және азайтады

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Ауызша есептей отырып, өрнектерді шыққан мәнімен сәйкестендір. Сандарды өсу ретімен
орналастыру арқылы үкінің жасырған сөзін анықта.

Жасырын сөз:
Білім алушы
- үш таңбалы сандарды ауызша қосады;
- үш таңбалы сандарды ауызша азайтады;
- жасырын сөзді анықтайды.

Дескриптор

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты

3.1.2.8 Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
алгоритмдерін қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Үш таңбалы сандармен жазбаша есептейді

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Өрнектерді баған түрінде жаз және мәнін тап.
648 + 322 = __________
745 + 255 = __________
Дескриптор

849 – 512 = __________
493 – 201 = __________

Білім алушы
- бағандап жазуда разряд бірліктерінің орнын сақтайды;
- үш таңбалы сандардың қосындысын табады;
- үш таңбалы сандардың айырмасын табады.
10

Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты

3.2.1.1 Бір айнымалысы /екі айнымалысы бар әріпті
өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Айнымалысы бар өрнектер құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Есептің шарты бойынша өрнек құрып жаз және оқы.
Ыдыста 10 алмұрт бар. Әйгерім а алмұрт жегеннен
кейін, ыдыста 3 алмұрт қалды. Әйгерім неше алмұрт
жеді?
Ыдыста 10 алмұрт бар. Әйгерім оның а алмұртын өзі
жеді, с алмұртын досына берді. Ыдыста тағы 5 алмұрт
қалды. Олар қанша алмұрт жеді?
Білім алушы
- есептің шартына сай бір айнымалысы бар өрнек құрастырады;
- есептің шартына сай екі айнымалысы өрнек құрастырады;
- өрнектерді оқуда математикалық тілді қолданады.

Дескриптор

Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты

3.2.1.2 Әріптердің берілген мәніндегі екі айнымалысы бар
өрнектің мәнін табу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Екі айнымалысы бар әріпті өрнектің мәнін табады

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Әріптердің орнына тиісті сандарды қой және өрнектің мәнін тап.
2·а+7–в

Мұндағы, а = 41, в = 25;

(3 · c + а ) : 6
Дескриптор

Мұндағы, с = 24, а = 204.

Білім алушы
- айнымалының мәнін қойып, сәйкес өрнектер құрастырады;
- амалдардың орындалу ретін анықтайды;
- есептеулерді қатесіз орындайды.
11

Бөлімше 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Оқу мақсаты

3.2.2.1 Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Теңсіздіктердің шешімдер жиынын анықтайды

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
6 саны берілген теңсіздіктердің шешімі бола ала ма? Белгіле



иә () ,

Кез келген бір теңсіздіктің шешімдер жиынын жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- шешімі 6 саны болатын теңсіздіктерді анықтайды;
- теңсіздіктің шешімдер жиынын жазып көрсетеді.

12

жоқ (×)

Бөлімше 4.3 Тізбектер
Оқу мақсаты

3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға
дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• 1000 -ға /1000000-ға дейінгі сандар тізбегінің
заңдылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

1-тапсырма
Сандардың орналасу заңдылығын анықта. Бос орындарға тиісті сандарды жаз.

Дескриптор

Білім алушы
• заңдылығы бойынша тиісті сандарды анықтайды.

2-тапсырма
Заңдылығын анықта және әр қатарды тағы 3 санға жалғастырып жаз.




1070, 2070, 3070,..., ... , ... .
90 000, 80 000, 70 000,
...,
... ,
... .
400 000, 399 998, 399 996,
...,
... ,
... .

Дескриптор

Білім алушы
- бірлік мыңдықтардың өсу ретіне берілген заңдылықты
жалғастырады;
- ондық мыңдықтардың кему ретіне берілген заңдылықты
жалғастырады;
- көп таңбалы сандардың бірліктерінің кему ретіне берілген
заңдылықты жалғастырады.

13

Бөлімше 4.3 Тізбектер
Оқу мақсаты

3.4.3.2 Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру,
тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тізбектің заңдылығы бұзылған тұсын анықтайды
• Заңдылығы бойынша тізбектер құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Берілген сандар қатарына мұқият қара. Заңдылық қай жерде бұзылған? Сол санды тауып,
қорша. Қатесін түзет. Тізбекті тағы 2 санға жалғастырып жаз.

990 000, 890 000, 790 000, 690 000, 550 000, 490 000,
Дескриптор

... , ... .

Білім алушы
- тізбектегі заңдылығы бұзылған тұсты анықтайды;
- тізбектегі қатені түзетеді;
- тізбекке сәйкес екі санды анықтайды.

2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Заңдылығын анықтай отырып, бос орынға тиісті сурет сал.



Кез келген заңдылық бойынша тізбек құрастырып көр.

Дескриптор

Білім алушы
- заңдылығын анықтай отырып, бос орынға тиісті сурет салады;
-өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбек құрастырады.

14

1В бөлім – Көбейту және бөлу
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты

3.1.2.2 Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1
сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына
бөлуге болмайтынын білу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Есептеуде 0 және 1 сандарының қасиеттерін
қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өрнектердің мәнін тап.
62 · 1 =

0 : (1+37) =

Дескриптор

76 : 0 =

0 · 95 =

(700+79) · 0=

(15-14) · 726

347 : 1 =

720 : (36-36) =

Білім алушы
- санды 0-ге көбейтуге/бөлуге берілген өрнектердің мәнін табады;
- санды 1-ге көбейтуге/бөлуге берілген өрнектердің мәнін табады;
-санды нөлге бөлуге болмайтынын білдіретін өрнектерді анықтайды.

15

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты

3.1.2.3** Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік,
терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Есептеуде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін
қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәні бірдей болатын өрнектерді анықтап, сызық арқылы қос. Оларды шыққан мәнімен
сәйкестендір.

Дескриптор

Білім алушы
- көбейткіштері сәйкес өрнектерді анықтайды;
- өрнектердің мәнін табады.

16

Бөлімше1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
Оқу мақсаты

3.1.3.1 Заттың беткі ауданын өлшеуге арналған өлшемдер мен
құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Фигураның ауданын палетка арқылы анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қай фигуралардың ауданын табу үшін палетканы қолдану керек?
Белгіле ().



Палетканы қолданып, белгіленген фигуралардың ауданын есептеп шығар.

Дескриптор

Білім алушы
- ауданын табу үшін палетка қолданылатын фигураларды анықтайды;
- палетканың көмегімен фигуралардың ауданын есептейді.

17

Бөлімше1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
Оқу мақсаты

3.1.3.3** Аудан өлшем бірліктерін: см2, дм2, м2, га салыстыру
және амалдар орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Аудан өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды
• Аудан өлшем бірліктерін салыстырады
• Атаулы сандармен амалдар орындайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
• Шамаларды түрлендір.



Шамаларды салыстыр. Жұлдызшаның орнына >, <, = таңбаларының тиістісін қой.
1м² * 150дм²



2дм2 * 200см²

4м² * 500см²

Амалдарды орында.
48см2 + 36 см2 =

Дескриптор

57дм2 - 28дм2 =

92м2 + 27м2 =

Білім алушы
- аудан өлшем бірліктерін түрлендіреді;
- аудан өлшем бірліктерін салыстырады;
- аудан өлшем бірліктерімен қосу және азайту амалдарын орындайды.

18

Бөлімше2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты

3.2.1.4 Санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын
жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a 0 = 0; a 0 көрсету

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын
жағдайларды әріпті өрнек түрінде жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Математикалық диктант:
• Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.



а мен 0-дің көбейтіндісі

0 мен c -ның бөліндісі

b мен 0-дің бөліндісі

0 мен d-ның көбейтіндісі

Әр өрнек бойынша ереже құрастырып айт.

Дескриптор

Білім алушы
- санды 0-ге көбейтуге қатысты өрнектер жазып, мәнін табады;
- 0-ді санға бөлуге қатысты өрнек жазады және мәнін табады;
- санды 0-ге бөлуге болмайтын жағдайды анықтайды;
- өрнектердің негізінде ереже құрастырып айтады.

19

Бөлімше 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
Оқу мақсаты

3.4.1.1 Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн
диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жиындардың қиылысуы мен бірігуін диаграмма
түрінде бейнелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
М және К жиындары берілген. М және К жиындарының бірігуі мен қиылысуына тиісті
элементтерді жаз.
М ={15, 25, 30, 40}
К ={23, 24, 25}

Оларды Эйлер-Венн диаграммасына бейнеле және қиылысу аймағын боя.
М

Дескриптор

К

Білім алушы
- берілген жиындардың бірігуіне тиісті элементтерді анықтайды;
- берілген жиындардың қиылысуына тиісті элементтерді анықтайды;
- жиын элементтерін диаграммада бейнелеп көрсетеді.

20

Бөлімше4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
Оқу мақсаты

3.4.1.2 Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен
қиылысуын элементтердің берілген немесе
оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша
құру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Ортақ белгілері бойынша жиынның элементтерін
анықтайды
• Жиындардың бірігуі мен қиылысуын жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген сандарды ортақ белгілеріне қарай А және В жиынына бөл және тиісті
элементтерін жаз. Жиындардың бірігуі мен қиылысуын анықта.

Дескриптор

Білім алушы
- жұп сандар жиынын анықтайды;
- екі таңбалы сандар жиынын анықтайды;
- жиындардың қиылысуына тиісті элементтерді анықтайды;
- жиындардың бірігуіне тиісті элементтерді анықтайды.

21

Бөлімше4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.5.2.2 Екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі
бос жиын таңбаларын қолдану
Білім алушы
• Жиындармен жұмыс жасауда сәйкес белгілерді
қолданады
Қолдану

Тапсырма
, , , белгілерінің көмегімен өрнектер жаз.
1) М және К жиындарының бірігуі
2) А және В жиындарының қиылысуы
3) Бос жиын
Дескриптор

Білім алушы
- жиындардың бірігуін сәйкес таңбамен жазады;
- жиындардың қиылысуын сәйкес таңбамен жазады;
-бос жиынды сәйкес таңбамен бейнелеп көрсетеді.

22

,

Бөлімше 4.4 Нысандардың комбинациялары
Оқу мақсаты

3.4.4.1 «Мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу,
күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп
шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Есеп шығаруда «мүмкіндіктер тармағы» әдісін
қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Есепті «мүмкіндіктер тармағын» құрастыра отырып шығар және жауабын жаз.
Алмас хайуанаттар дүкенінен қоян, кірпі, мысық, тауық және үйрек
сатып алғысы келді. Анасы 1 жануар және 1 құс сатып алуға ғана рұқсат
берді. Алмастың неше мүмкіндігі бар?

Жауабы: ______
Дескриптор

Білім алушы
- «мүмкіндіктер тармағын» дұрыс толықтырады;
- мүмкіндік нұсқаларының санын анықтайды.

23

Бөлімше5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты

3.5.1.1** 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба,
қысқаша жазба түрінде модельдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Есептің шартын қысқаша жазба/сызба түрінде
модельдейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Есептің қысқаша шартын жаз.
Жеміс бағына 278 түп өрік ағашы және одан 95 түбі кем алма ағашы
отырғызылды. Жеміс бағына барлығы неше түп жеміс ағашы отырғызылды?


Есептің шартын сызба түрінде жазып көрсет.
Білім алушы
- есептің қысқаша шартын дұрыс құрастырады;
- есептің шартын сызба түрінде бейнелеп көрсетеді.

Дескриптор

Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты

3.5.1.4** Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның
белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және
шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді
шығарады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Есептерді шығар.
Гүлзардың ауданы 96 м2 . Оның ені - 8 метр. Гүлзардың ұзындығын тап.
Орамжапырақтың 8 көшеті 240 тг тұрады. Осындай 5 көшет қанша теңге тұрады?
Дескриптор

сч

- есептің қысқаша шартын жазады/сызбасын сызады;
- есептің шешуін өрнек түрінде жазады;
- өрнектің мәнін табады;
- есептің жауабын жазады.
24

Бөлімше 5.2 Математика тілі
Оқу мақсаты

3.5.2.4** Көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің
атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Көбейту және бөлу амалдарының компоненттерін
атайды
• Компоненттері бойынша көбейту мен бөлуге берілген
жақшалы өрнектер жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.





Бірінші көбейткіш - 8, екінші көбейткіш - 9, көбейтіндінің мәнін тап.
Бөлінгіші- 72, бөлгіші- 8, бөліндінің мәнін тап.
9 бен 6 сандарының көбейтіндісіне 40- ты қос.
81 мен 9 сандарының бөліндісін 3 есе кеміт.

Дескриптор

Білім алушы
- компоненттері бойынша көбейтінді жазып, мәнін табады;
- компоненттері бойынша бөлінді жазады және мәнін табады;
- көбейтіндіге санды қосу түріндегі өрнекті жазып, мәнін табады;
- бөліндіні санға бөлу түріндегі өрнекті жазып, мәнін табады.

25

1С бөлім - Кестелік көбейту және бөлу
Бөлімше1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты

3.1.2.4 6;7;8;9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру,
білу және қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Кестелік көбейтудің негізінде өрнектердің мәнін
табады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өрнектердің жауабын тауып, доптарды қақпаға дәл кіргіз.

Дескриптор

Білім алушы
- өрнекке сәйкес жауапты анықтайды.

26

Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.2.1.1 Бір айнымалысы/екі айнымалысы бар өрнектерді
ажырату, құрастыру, жазу және оқу
Білім алушы
• Бір/екі айнымалысы бар өрнектерді ажыратады
• Айнымалысы бар өрнектер құрастырады
Қолдану

1-тапсырма
Бір айнымалысы бар өрнек жазылған алмаларды қызыл түспен, екі айнымалысы бар өрнек
жазылған алмаларды жасыл түспен боя.

Дескриптор

Білім алушы
- бір айнымалысы бар өрнектерді анықтайды;
- екі айнымалысы бар өрнектерді анықтайды.

2-тапсырма
Есеп бойынша айнымалысы бар өрнектер құрастырып жаз.
Есеп
Дүкенге бірінші күні с кг, ал екінші күні d кг алма әкелінді.
Дүкенге екі күнде барлығы неше кг алма әкелінді?
Бірдей 7 ыдыста а литр шырын бар. Осындай 20 ыдыста неше
литр шырын бар?
Қорапта n кәмпит бар. Төрт бала а кәмпиттен алды. Қорапта
неше кәмпит қалды?
Бірінші сөреге m кітап, ал екінші сөреге одан d кітап кем
қойылған. Екінші сөреге неше кітап қойылған?
Дескриптор

Білім алушы
- бір айнымалысы бар өрнектер құрастырады;
- екі айнымалысы бар өрнектер құрастырады.

27

Өрнек

Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты

3.2.1.6 Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде
арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін
анықтау, олардың мәнін табу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Төрт амалды өрнектердегі амалдардың орындалу
ретін анықтайды
• Жақшалы /жақшасыз өрнектердің мәнін табады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Дөңгелектің ішіне амалдардың орындалу ретін жаз. Өрнектің мәнін тап.

Дескриптор

Білім алушы
- жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтайды;
- жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтайды;
- төрт амалды өрнектердің мәнін дұрыс шығарады.
Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер

Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

3.2.1.7 Формулаларды шамалардың арасындағы өзара
қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну
Білім алушы
• Формуланың көмегімен белгісіз шамаларды
анықтайды

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Периметрді табу формуласын қолданып, тіктөртбұрыштың ұзындығын есептеп шығар.
6см

Мұндағы, Р = 48 см
? см

Дескриптор

Білім алушы
- формулаға сүйеніп, тіктөртбұрыштың периметрінің жартысын
анықтайды;
- тіктөртбұрыштың ұзындығын анықтайды.

28

Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты

3.5.1.2** Есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны,
жалпы массасы/ бір затқа жұмсалғаны, заттың саны,
жалпы
жұмсалғаны
арасындағы
тәуелділікті
пайдалану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Масса шамалары арасындағы байланысқа берілген
есептерді шығарады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Кестені толтыр және есепті шығар.
Бір жәшік жүзімнің салмағы 9 кг. Осындай 6 жәшік жүзімнің салмағы неше килограмм
болады?

Бір жәшіктің
салмағы

Дескриптор

Жәшіктердің саны

Білім алушы
- сәйкес деректерді анықтайды;
- есептің шешуін өрнек түрінде жазады;
- өрнектің мәнін дұрыс есептейді;
- есептің жауабын жазады.

29

Барлық жәшіктің
салмағы

Бөлімше5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты

3.5.1.5** Жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше
бірлік артық/ кем» «бірнеше есе артық/ есе кем»
қатынастарымен байланысты) талдау және шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Еселік салыстыруға берілген жанама есептерді
шығарады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Есепті шығар.
Қоймаға 200 қап тары әкелінді. Бұл қоймаға әкелінген арпаға қарағанда 4 есе кем.
Қоймаға неше қап арпа әкелінді?
Дескриптор

Білім алушы
- есептің қысқаша шартын жазады/сызбасын сызады;
- есептің шешуін өрнек түрінде жазады;
- өрнектің мәнін шығарады;
- есептің жауабын жазады.

30

2-ТОҚСАН

2А бөлім: «Үлес»
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты

3.1.1.5 Үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу
және салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Бүтіннің үлесін анықтайды және бөлшек түрінде
жазады
• Үлестерді салыстырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

1-тапсырма
Дөңгелектің боялған бөлігі оның қандай үлесін көрсетіп тұр? Оларды бөлшек түрінде жаз
және оқы.

Дескриптор

Білім алушы
- үлесті сәйкес бөлшек түрінде жазады;
- бөлшектерді дұрыс оқиды.

2-тапсырма
Дөңгелектің боялған бөліктерін анықта. Үлестерді салыстыр. Бос торкөздерге >, <,=
таңбаларының тиістісін қой.

Дескриптор

Білім алушы
- суретке сәйкес бөлшектер жазады;
- бөлшектерді салыстырады.

31

Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты

3.1.1.6 Жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай
бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сурет бойынша жай бөлшектер құрап жазады
• Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Әр суретте шаршының қанша бөлігі боялған? Бөлшек түрінде жаз.



Суретті пайдаланып, бөлшектерді салыстыр.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша бөлімдері бірдей бөлшектер құрап жазады;
- суреттің көмегімен бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстырады.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау

Оқу мақсаты

3.1.2.1** Бөлшекті - бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі
натурал санның бөліндісі ретінде түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Бүтіннің бөлігін бөлшек сан түрінде көрсетеді
• Бөлшекті екі натурал санның бөліндісі түрінде жазады

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Суреттің неше бөлігі боялған? Бөлшек сан түрінде жазып көрсет. Бөлшекті екі натурал
санның бөліндісі түрінде жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша бөлшек сандарды жазады;
- бөлшектерді екі санның бөліндісі түрінде жазып көрсетеді.
32

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты

3.1.2.14 Санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша
санды/шаманы табу; 100 көлеміндегі сандар мен
жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір,
оннан бір бөлігін табу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Санның/ шаманың үлесін анықтайды
• Үлесі бойынша санды/шаманы табады
• 100 көлеміндегі сандардың жартысын, үштен бір,
төрттен бір, оннан бір бөлігін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұл 1 сағаттың қанша бөлігі болады? Бөлшек түрінде жаз.



Бөлігі бойынша бүтін санды анықта.



Бұл қай сан? Жаз.
жүздің жартысы

отыздың үштен бірі

онның оннан бір

сексеннің төрттен бірі

Дескриптор

Білім алушы
- сағаттың жарты, ширек үлесін бөлшек түрінде жазады;
- үлесі бойынша бүтін санды табады;
- берілген сандардың бөлігін анықтайды.

33

Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
3.5.1.3 Санның және шаманың үлесін табуға берілген
есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру
және шығару
Білім алушы
• Санның үлесін табуға берілген есептерді шығарады
• Есепке кері есеп құрастырады және шығарады

Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Есепті шығар.
Кітаптың 28 беті бар. Cамат кітаптың
кітаптың қанша бетін оқыды?


1
4

бөлігін оқыды. Ол

Берілген есепке кері есеп құрастыр және шығар.

Дескриптор

Білім алушы
- есептің қысқаша шартын жазады/ сызбасын сызады;
- амал таңбасын анықтап, өрнек құрастырады;
- өрнектің мәнін табады;
- берілген есепке кері есеп құрастырады және шығарады.
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель

Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның
белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және
шығару
Білім алушы
• Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген
есептерді шығарады
Қолдану

Тапсырма
Есепті шығар.
6 кг құлпынайға 420 тг төленді. 20 кг құлпынай сатып алу үшін неше
теңге төлеу керек болады?
Дескриптор

Білім алушы
- есептің қысқаша шартын жазады/ сызбасын сызады;
- амал таңбасын анықтап, бірінші өрнекті жазады;
- бірінші өрнектің мәнін табады;
- амал таңбасын анықтай отырып, екінші өрнекті жазады;
- екінші өрнектің мәнін табады.
34

2В бөлім – Аудан. Шамалар
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.3.1.1 Шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін
(центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және
атау/ симметриялы және симметриялы емес жазық
фигураларды айыра білу және оларды қоршаған
ортадағы заттармен сәйкестендіру
Білім алушы
• Шеңбер мен дөңгелекті ажыратады
• Симметриялы және симметриялы емес фигураларды
анықтайды
Қолдану

1-тапсырма
Шеңберді – 1, дөңгелекті – 2 санымен белгілеп көрсет.



Суретке мұқият қара. Әр элементтің атауын жаз.
О нүктесі - _________________
ОА кесіндісі - ________________
МКкесіндісі- ________________

Дескриптор

Білім алушы
- шеңбер мен дөңгелекті ажыратады;
- шеңбердің центрін анықтайды;
- шеңбердің радиусын анықтайды;
- шеңбердің диаметрін анықтайды.

2-тапсырма
Қай фигураларға симметрия осін жүргізуге болады? Сызып көрсет.

Дескриптор

Білім алушы
-симметриялы фигураларды анықтап, симметрия осін жүргізеді.
35

Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
Оқу мақсаты

3.3.1.2 Геометриялық фигураларды жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жазық фигуралар мен көлемді денелерді ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Жазық фигураларды тауып, боя. Көлемді денелерді қоршап сыз.

Дескриптор

Білім алушы
- жазық фигураларды анықтайды;
- көлемді денелерді ажыратады.

36

Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
Оқу мақсаты

3.3.1.3 Тік бұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы
формуласын: S= (a·b):2, S=a2, S=a·b шығарып алу және
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Фигураның ауданын формуланың көмегімен
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген фигуралардың ауданын табу үшін қай формуланы қолдану керек? Сурет пен
формуланы сәйкестендір.

S = (a ∙ b) : 2


S=a∙b

S = a2

Формуланың көмегімен әр фигураның ауданын есептеп шығар.

Дескриптор

Білім алушы
- әр фигураның ауданын табу формуласын анықтайды;
- формула бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табады;
- формула бойынша шаршының ауданын табады;
- формула бойынша тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!