Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып
Астана, 2016
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып
Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.
Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.
Қолданылған шартты белгілер:
-
әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
-
бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
1-тоқсан Ортақ тақырып «Өзім туралы», «Менің мектебім» 5
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 6
Бөлім «Оқылым». 1 7
Бөлім «Жазылым» 2 1
2-тоқсан Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған
әлем» 27
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 2 8
Бөлім «Оқылым». 3 9
Бөлім «Жазылым» 4 7
3-тоқсан Ортақ тақырып «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» . 5 7
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 5 8
Бөлім «Оқылым». 6 9
Бөлім «Жазылым» 7 9
4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау» 8 5
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» 8 6
Бөлім «Оқылым». 9 7
Бөлім «Жазылым» 1 08
3
4
1-тоқсан
Ортақ тақырып
«Өзім туралы», «Менің мектебім»
5
Бөлім «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді
(сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.
Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды
қолданады.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.
Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не?
Шешуі: ( )
Ұшып-қонып тынбайды, Қанша ұрсаң да сынбайды.
Суға салсаң батпайды, Түскен жерде жатпайды. Бұл не?
Шешуі: ( )
Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң көк теңбіл, Бұлтқа да жетеді. Бұл не?
Шешуі: ( )
-
Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады? Түсіндіріңіз.
-
Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
жұмбақтардың шешуін табады;
-
жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды;
-
жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады.
6
Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?)
туралы айтылғанын анықтау.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін
анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Өлеңде не туралы айтылған? Суреттен белгілеп көрсетіңіз.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Ұ. Есдәулетов)
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
-
мәтінге сәйкес суретті белгілейді.
7
Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Оқиғаның ретін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.
Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба алмады. Әжесі Әлиядан:
-
Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
-
Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан шықпайды,- деді Әлия.
-
Балалар қайда келді?
-
Әжесі Әлиядан не сұрады?
-
Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен бөлісіңіз.
-
Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
Дескриптор: Білім алушы
-мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; - сұраққа қатысты өз ойын айтады және түсіндіреді; - мәтінді жүйелі мазмұндайды.
8
Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты: 1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның
иллюстрациясы бойынша болжау.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы
мүмкін екендігін айтады.
Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын
болжап әңгімелейді.
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Тақырыбын оқыңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Қамқорлық
Дескриптор: Білім алушы
-
берілген тақырыпқа қатысты ой бөліседі;
-
сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
-
оқиғаның соңын болжап айтады.
9
Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»
Оқу мақсаты: 1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана
білу.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сыпайы сөздерді атайды.
Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді
қолданады.
Тапсырма
Берілген өлең шумақтарын мұқият тыңдаңыз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Кешіріңіз Не деу керек?
Рұқсат
Сәлем
Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын, Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Добын апар Назардың, Деді ағаң бармадың. Тапжылмадың, сазардың, Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?
па?
Балалар жүр көшеде, Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек?
Рақмет
Осы келген бетіңде, Допты қудың жарыстың, Көшенің сол шетінде, Кезікті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді?
Әжең сенің түскі асқа, Қант-кәмпит салды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа, Өз бетіңмен салдың қол. Не дегенің жөн еді?
Үй артында қоқысты, Жатқан көптен үйіліп. Тазалайды қарт кісі, Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?
Көмекте
сейін
Жарайды
Дескриптор: Білім алушы
-өленде ұсынылған жағдаятты талқылайды;
-
өлеңнің мазмұнына қатысты сыпайы сөздерді атайды.
10
Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты: |
1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру |
||||
|
сөздерін, |
вербалды |
емес |
қарым-қатынас |
|
|
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, |
||||
|
мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті |
||||
|
қолдану. |
|
|
|
|
Ойлау дағдыларының |
Қолдану |
|
|
|
|
деңгейі: |
|
|
|
|
|
Бағалау критерийі: |
Білім алушы |
|
|
|
|
|
|
Сөйлеу барысында |
дауыс ырғағын, мәнерін, |
||
|
|
қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды. |
|||
|
|
Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның |
|||
|
|
көмегімен жеткізеді. |
|
|
|
|
|
Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру |
сөздерін қолданады.
Тапсырма
Диалогті мұқият тыңдаңыз.
-
Сенің атың кім?
-
Менің атым – Марғұлан.
-
Сен неше жастасың?
-
Мен алты жастамын.
-
Сен ше?
-
....
Жұптық жұмыс.
Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы
-
досыңыздың анасының аты кім екенін;
-
отбасында неше адам бар екенін;
-
сүйікті ойыншығы қандай екенін;
-
қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз.
-
Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;
-
жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;
-
тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды, ым-ишараны қолданады.
11
Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты: 1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай
сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі: Бағалау
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мәтінге қатысты пікірін айтады.
Өз көзқарасын түсіндіреді.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады.
-
Мәтін кім/не не туралы?
-
Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?
-
Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
-
мәтінге қатысты көзқарасын айтады;
-
өз ойын түсіндіреді.
12
Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты: 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын
әңгіме құрап айту.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сюжетті суреттерді сипаттайды.
Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме
құрастырып айтады.
Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
өзінің күн тәртібі туралы айтады;
-
сөйлеу барысында өз ойын жүйелі жеткізеді.
13
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты:
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Сөздегі дыбыстардың түрлерін
(дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке
дауыстылар) анықтайды.
Дыбыстарды дұрыс айтады.
Тапсырма
Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-суреттегі заттарды атайды;
-сөздегі дыбыс санын анықтайды;
-
сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;
-
сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;
-
дыбыстарды дұрыс атайды.
14
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты: 1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық
қызметін түсіну.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.
Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге
қатыстылығын түсіндіреді.
Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не байқадыңыз? Өзгерген дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР
АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ
ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ
-
Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
-
сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды;
-
сөздердің мағынасын түсіндіреді;
-
өздігінен мысал келтіреді.
15
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты: 1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі
буын санын анықтау.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.
Сөздегі буын санын анықтайды.
Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсетіңіз.
Дескриптор: Білім алушы
-
заттың атауын буынға бөліп айтады;
-
буынды сызбамен көрсетеді;
-
сөздегі буын санын айтады.
16
Бөлім «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді.
-
Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
Тапсырма
Берілген сызбаларға мұқият қараңыз. Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөз/сөйлем құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
-
сызбадағы сөз санын анықтайды;
-
сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
-
берілген сызба бойынша сөйлемдерді оқиды.
17
Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты: 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя
білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен).
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Иллюстрация бойынша сұрақ қояды.
Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға
жауап береді.
Тапсырма
Жұптық жұмыс. Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша бір-біріңізге сұрақ қойыңыз және жауап беріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
-
иллюстрацияның мазмұны бойынша сұрақ қояды:
-
қойылған сұрақтарға жауап береді.
18
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты: 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі
кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)
қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
Түсініп оқиды.
Тапсырма
Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.
ша-на тау-лар та-ға нан қо-ша-қан пар-та
Дескриптор: Білім алушы
-
сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
-
сөздерді сәйкес суреттермен байланыстырып сызады.
19
Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты: 1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен
сәйкестендіру.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Әріптерді таниды және ажыратады.
Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.
Тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сызыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
сөздерді дұрыс оқиды;
-
көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.
20
Бөлім «Жазылым»
Бөлімше 3.3 «Жоспар құру»
Оқу мақсаты: 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Оқиғаның ретін анықтай отырып мәтінге суреттер/сызбалар арқылы жоспар құрады.
-
Мәтінге ат (тақырып) қояды.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген үлгіні жалғастыра отырып, мәтінге сурет немесе сызбаның көмегімен жоспар құрыңыз.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.
Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ басталды.
1
2
3
-
Мәтінге ат қойыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі;
-
мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп көрсетеді;
-
мәтінге ат қояды.
21
Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты: 1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды.
-
Мәтінге қатысты ақпаратты сурет/сызба/ белгілерді қолданып жеткізеді.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі. Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін салыпты. Мен мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп қойдық.
-
Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сызыңыз.
-
Бос орынға әңгімелеуші баланың салған суретін салыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтінге сүйеніп, берілген сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді;
-
бос орынға әңгімелеушінің салған суретін салады.
22
Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты: 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады.
-
Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Тапсырма
Берілген әріптің жазылуына мұқият қараңыз. Жазу жолына суреттің атауын жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
әріп элементтерін дұрыс салады;
-
әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
-
жазу жолын сақтайды;
-
сөзді сауатты, көркем жазады.
23
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты: 1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді ажыратады.
-
Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді қолданады.
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Заттың атауына санын қосып айтыңыз. Төмендегі кестені толтырыңыз.
-
-
-
-
Қанша?
Не?
бір
...
...
қонжық
жеті
...
қуыршақ
алты
...
...
машина
...
көжек
-
-
-
Дескриптор: Білім алушы
-
заттардың атауын санымен байланыстырып айтады;
-
заттың аты мен санын білдіретін сөздерді жазады.
24
Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты: 1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады.
-
Жіктік жалғауларын дұрыс қолданады
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айтыңыз.
-
Суретке сүйене отырып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.
... оқушысың.
... дәптерім.
Дескриптор: Білім алушы
-
сөздерді суреттермен дұрыс байланыстырып айтады;
-
сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
-
сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;
-
көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
25
Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты: 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып,
сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөйлемнің сызбасын құрады.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.
Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс
қояды.
Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемді сызба түрінде жазыңыз.
Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен жазады;
-
сөйлемді бас әріптен бастап жазады;
-
сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
26