
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қамқоршылық кеңестің жоспары, отырыс хаттамалары
«Сатай батыр атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қамқоршылық кеңесінің жоспары.
Әлеуметтік педагог: Н.Н.Кадырахынова
2023-2024 оқу жылы.
Қамқоршылық кеңесінің мақсат-міндеттері.
-
1.Жалпы білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесі /бұдан әрі Қамқоршылық кеңесі/Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44 бабының
9- тармағына сәйкес жалпы білім беру мекемесінің ұжымдық басқару түрі болып табылады.
-
Қамқоршылық кеңесі оның мүшелерінің еріктілігі мен теңдігі,өзін-өзі қаржыландыруын негізге ала отырып жүргізеді. Өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын,Қамқоршылық кеңес туралы ереже мен білім мекемесінің Жарғысын басшылыққа алады.
-
Қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты жалпы білім беретін мекеменің қызыметін тиімді жүргізу үшін жағдай жасау.
-
Қамқоршылық кеңесі қаржы қаражатының пайдалануына бақылау жасайды және білім беру мекемесіне тартылған қаражатты пайдаланудың мақсаты мен бағытын өзгерткен жағдайда өз қызыметін тоқтатуға құқылы.
-
Қамқоршылық кеңесі білім мекемесінің әкімшілігімен,ата- аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдармен өзара әрекеттесе отырып,қызымет атқарады.
Қамқоршылық кеңесінің Бекітемін
төрағасы Н.Құсайынов Мектеп директоры
_____________________ ________Н.Т.Ноғаев
«Сатай батыр атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылына жасалған
«Қамқоршылық» кеңесінің жылдық жоспары
Әлеуметтік педагог Н.Н.Кадырахынова
«Сатай батыр атындағы орта мектеп» КММ
Қамқоршылық кеңесі
I- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Тамыз 2023 жыл
Қатысқандар: 35 адам (қамқоршылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
1.Мектепте «Қамқоршылық» кеңесін құру, мүшелерін сайлау, жоспарын бекіту.
Жауапты: мектеп директоры:Н.Т.Ноғаев , Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:Н.Құсайынов
2.«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру.
Жауапты: Қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп әкімшілігі
3.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық көмек көрсету.
Жауапты: Қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог.
Тыңдалды.
-
Күн тәртібінің мәселесін мектеп директоры Н.Т.Ноғаев таныстырды. Директор жанындағы отырыста «Қамқоршылық» кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңес мүшелері төмендегідей сайланды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:Н.З.Құсайынов, қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары: А.М.Жұмағұлов, кеңес мүшелері: Ұ.М.Әмірова, С.М.Қаңлыбаев, А.Ж.Хайбулаева, Ә.Қ.Қайшыбаева, Қ.М.Нұралиев, Т.Оразбақов , Р.Тыныбекова және хатшысы:Н.Н.Кадырахынованы сайланғаны жайлы айтып өтті. Қамқоршылық кеңесінің жоспарын қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мектеп директоры бекітті.
-
Мектеп директоры:Алматы облысы Панфилов ауданының әкімінің 2022 жыл 28 қыркүйектегі келген хатпен таныстырып , мектептің 29 тамыздағы№41 бұйрығымен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата-аналар,сынып жетекшілерге аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023-2024 оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру әлеуметтік себептермен оқушының сабаққа қатыспай қалуының алдын алу,6-17 жас аралығындағы балаларға орта білім беруді қамтамасыз ету,жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу,аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен көп балалы отбасылардан және жетім ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында білім беру мекемелерінде 2023 жылдың 05 шілде мен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мұхтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін мәслихаттармен,әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен,жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырылады. Әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын , тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстары жүргізіледі.Сол себепті әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға көмек қолымызды созып демеуші болайық деп сөзін аяқтады.
-
Келесі сөзді ДТІЖО Б.Ж.Жырғабаеваға берді. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық көмек көрсету.Ата-аналар акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау,аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға , жетім балаларға сондай-ақ оқу жылына дайындық уақыты кезінде ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуін алдын алу.Мектеп жасындағы барлық балаларды орта білімен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту және көмек қолын созуды ұйымдастыру.
Жиналыс қаулы етеді:
-
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайланып, жоспары құрылып бекітілсін.
-
«Мектепке жол» акциясының ж оспары құрылып,балаларға мектеп формасы,оқу құралдары,киім-кешек,аяқ киім және тағы басқа заттар ұйымдастырылып,берілсін.
-
«Мектепке жол » акциясына барлық мұғалім өз үлесін қоссын.
Жиналыстың төрайымы: Н.Құсайынов
Жиналыстың хатшысы: Н.Н.Кадырахынова
«Сатай батыр атындағы орта мектеп» КММ
Қамқоршылық кеңесі
II- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Қыркүйек 2023 жыл
Қатысқандар: 25 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
1.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру
Жауапты: Әлеуметтік педагог Кадырахынова Назира
2.Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды , аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын оқулықпен қамту . Жауапты: Кітапханашы, әлеуметтік педагог
3. «Мектепке жол» акция барысында көрсетілген көмек туралы. Әлеуметтік педагог Н.Н.Кадырахынова
Тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Назира Нұржанқызы сөз алды. 2023-2024 оқу жылының қыркүйек айынана бастап 1-4 сынып оқушылар толық тегін ыстық тамақ ішеді және олардың әлеуметтік статусы қаралмайды, ол оқушылардың құжаттары жиналмайды. Жалпыға бірдей білім беру есебінен 5-9 сынып арасында 56 оқушы ыстық тамақпен қамтылды, сол 56 оқушының әлеуметтік мәртебесі сараланып құжаттары жиналады . Биылғы оқу жылында
1 оқушыға күнделікті , тамақтың құны 500 теңге . 1-4 сынып арасында 139 оқушы бар сол оқушылардың екеуі денсаулығына байланысты үйден оқытылады , қалған 137 оқушы ыстық тамақпен және әлеуметтік мәтебеге ие 56 оқушы сонда жалпы мектепте 193 оқушы тегін тамақпен қамтылғанын айтып өтті.
Күн тіртібінің екінші мәселесін мектептің кітапханашысы Арайлым Нұрмаулен қызы алды. Сөз барысында кітапханашы: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды , аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын оқулықпен толық қамтылды және жалпы мектептегі барлық оқушы 100 пайыз оқулықпен қамтылды деп сөзін аяқтады.
Күн тәртібінің үшінші мәселесін Н.Н.Кадырахынова айтты. 2023-2024 оқу жылы «Мектепке жол» акция барысында ЖББ есебінен 137 оқушыға ақша бөлінді әр оқушыға 40.567 теңгеден, ол қаражат ата-ананың жеке есепшотына аударылып, ата-аналар балаларына мектеп формасы, оқу құралдарын алып берді. Жалпы 137 оқушыға 5.557.679 теңге бөлінді. Биылғы оқу жылында демеушілер есебінен 31 оқушы, ЖББ есебінен 137 оқушы , жалпы 168 оқушы мектеп формасы, оқу құралдарымен қамтылды. Оқушылар мекепке келуге 100% дайын екендігін айтты.
Келесі сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балжан Жұмағұлқызы мектептегі әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға көмек көрсетіліп жатыр, оқушылардың әлеуметтік жағдайын ескере демеуші есебінен көмек көрсетілуде. Әр оқушының әлеуметтік жағдайын саралай келе ЖББ қорының есебінен бөлінген қаражатқа 137 оқушыны қамтыдық. Оқулыққа келетін болсақ мектеп бойынша ең бірінші әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды және толық мектептегі оқушылардың барлығы кітаппен қамтылды деп өз сөзін аяқтады.
Қаулы:
-
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақ ішуін және оқушылардың уақытылы тамақпен қамтылуы қадағалансын.
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды , аз қамтылған
отбасы, көп балалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын
оқулықпен қамту жұммысы жүзеге асырылсын.
-
«Мектепке жол» акция барысында көрсетілген көмек туралы жұмыс уақытында жүргізілсін.
Жиналыс төрайымы: Н.Құсайынов
Жиналыс хатшысы: Н.Кадырахынова
«Сатай батыр атындағы орта мектеп»КММ
Қамқоршылық кеңесі
III- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Қазан 2023 жыл Қатысқандар: 30 адам
(қорғаушылық кеңесінің
мүшелері,шақырылған
ата- аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
-
Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы І-тоқсанның қортындысы . Жауапты: Мектеп директоры Н.Т.Ноғаев
-
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылау. Жауапты: Н.Н.Кадырахынова
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Т.Ноғаев сөз алды. Сөз барысында мектебіміздің биылғы 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныпта 350 оқушымен бастап, 352 оқушымен аяқтадық . Мектепте жалпы: 52 мұғалім бар, 50 мұғалім жоғары білімді, 2 мұғалім арнаулы орта, 14-модератор, 14-сарапшы, 4-зертеушы , бірінші санатты 1, санаты жоқ 15 мұғалім қызмет етуде. Жаңартылған бағдарлама бойынша 52 мұғалім, 3 мұғалім тренирлік, 8 мұғалім деңгейлік курстан, үш тілдік бойынша ағылшын тілі пәні бойынша үш айлық курстан : физика пәні бойынша бір мұғалім, биологоя пәні бойынша бір мұғалім, бес айлық курстан ағылшын тілі пәні бойынша бір мұғалім курстан өтіп келді. І тоқсанда 352 бала болды, І тоқсанның қортындысы бойынша үздік оқушы 61, озат оқушы 127 болып білім сапасы 60,4 % көрсетіп тұр.Төмен көрсеткіш көрсеткен: 9б сынып -47% , көрсетіп отыр деп сөзін аяқтады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектетің әлеуметтік педагогы Назира Нұржанқызының сөзі: Биылғы оқу жылында 1-4 сынып оқушылары толық тегін ыстық тамақпен қамтылды және Жалпыға бірдей білім беру есебінен тегін ыстық тамақпен 5-9 сынып арасында 56 оқушы қамтылғанын өздеріңізде білесіздер. Тегін ыстық тамақты ең алдымен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары сосын аз қамтылған отбасы, толық емес отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы және көп балалы отбасының балалары қамтылды. Тегін ыстық тамақты бақылауға комиссия құрамы бекітілді және І тоқсанда оқушылардың ішіп отырған тамағын күнделікті мейірбике Саяқова Гүлмира тексеріліп отырды деп сөзін аяқтады.
Қаулы:
-
Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы жүзеге асырылсын.
-
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі бақылансын.
Жиналыс төрайымы: Н.З.Құсайынов
Жиналыс хатшысы: Н.Н.Кадырахынова
«Сатай батыр атындағы орта мектеп»КММ
Қамқоршылық кеңесі
ІV- отырысының хаттамасы
Мерзімі: желтоқсан 2022жыл Қатысқандар: 30 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
-
Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы ІІ тоқсанның қортындысы
-
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету
-
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, толық емес отбасы, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды Жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Т.Ноғаев сөз алды. І тоқсанда білім сапасы 70% болса, ІІ тоқсанда білім сапасы 67 % көтерілді. І тоқсанда 4б сынып -58% төмен көрсеткішті көрсеткен, ал ІІ тоқсанда барлық сыныптың білім сапасы жақсарды, 4б сыныптың білім сапасы көтерілді деп сөзін аяқтады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектетің әлеуметтік педагогы Н.Н.Кадырахынова сөзі: 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Жалпыға бірдей білім беру» есебінен 50 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Бір оқушының ыстық тамағының құны: 450 теңге. Ыстық тамақпен ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары, ата-анасының мүгедектігі бар және мүгедектігі бар балалардың отбасынан, қамқорлықтағы отбасы, аз қамтылған , көп балалы отбасынан шыққан оқушылар қамтылды. Жалгер есебінен ыстық тамақпен 05 оқушы қамтылды деп өз сөзін аяқтады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектетің әлеуметтік педагогы Н.Н.Кадырахынова сөзі: Биылғы президент шыршасына және аудандық әкім шыршасына сұраныс жіберілді. Оқушылардың әлеуметтік жағдайын саралай келе қамқорлықтағы оқушылар 3б сынып оқушысы Смағұлова Сая, 9а сынып оқушысы Жанболатқызы Балғын, 8б сынып оқушысы Сламжан Айерке жіберілсін деген шешім қабылданды. Жоғарыда аталған 03 оқушыда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар, Сламжан Айерке президент шыршасына , Смағұлова Сая, Жанболатқызы Балғын аудандық әкім шыршасына баруға лайықты деп ойлаймыз. Мектеп асханасының меңгерушісі Гүлмира Есенқызы оқушыларға демеушілік етіп , 10 дана дорбасы толған тәттілерін әкеліп берді. Мектеп әкімшілігімен және қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірігіп оқушылардың әлеуметтік жағдайларын саралап аз қамтылған, толық емес отбасы, қамқорлықтағы отбасы және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға берілді деп сөзін аяқтады.
Қаулы:
1. Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы жүзеге асырылсын.
2. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау әлеуметтік педагогқа жүктелсін.
3. Мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа алынған,аз қамтылған отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру шаралары әлеуметтік педагогқа жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Н.З.Құсайынов
Жиналыс хатшысы: Н.Н.Кадырахынова
«Сатай батыр атындағы орта мектеп»КММ
Қамқоршылық кеңесі
V- отырысының хаттамасы
Мерзімі: наурыз 2023жыл Қатысқандар: 35 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
-
Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы ІІІ-тоқсанның
қортындысы
-
Қайырымдылық акциясының өтілуі туралы қортынды
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Т.Ноғаев сөз алды. Мектебімізде жалпы 1-11 сынып арасында 365 оқушы бар. Оның 185 ұл бала , 180қыз бала. 81-үздік, 127-озат , 157-қанағаттанарлықпен оқитын оқушы бар.
ІІ тоқсанда білім сапасы 70 % болса, ІІІ тоқсанда білім сапасы 63,4% көрсетті. ІІІ тоқсанда 10а сынып 57% , 6а сынып 55 % білім сапасы төмен көрсетуде деп сөзін аяқтады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектетің әлеуметтік педагогы Н.Н.Кадырахынова сөзі: 2022-2023 оқу жылының қаңтар айынан бастап мектептегі әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға көмек көрсетіліп жатыр. Қаңтар айында 03 оқушыға көмек көрсетілді. Олар Сламжан Балым 7а сынып оқушысы оған оқу құралын , Айтан Оразәлі 5а сынып оқушысы оған қыстық куртка , Сағымбек Үміт 9б сынып оқушысы оған азық-түлік алынып берілді . Оқушыларға сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог демеушілік көрсетті. Ақпан айында 05 оқушыға оқу құралдары берілді. Ол оқушылар: Тұрған Ақжол 4а сынып оқушысы толық емес отбасынан, Смағұлова Сая 3б сынып оқушысы қамқорлықтағы отбасы, Тілеуберген Ақжол 6а сынып оқушысы аз қамтылған отбасынан, Жақыпбек Әлішер 6б сынып оқушысы көп балалы отбасынан шыққан. Демеушілік көрсеткен сынып жетекшілері. Наурыз айында мектебімізде ерекше білімді қажет ететін 3 оқушыға сыйлықтар берді. Демеушілік көрсеткен дефектолог, логопед, мектеп психологі мен әлеуметтік педагог деп өз сөзін аяқтады.
Қаулы:
1. Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы жүзеге асырылсын.
2. Қайырымдылық акциясының өтілуі туралы қортындысын жүргізу әлеуметтік педагогқа жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Н.З.Құсайынов
Жиналыс хатшысы: Н.Н.Кадырахынова
«Сатай батыр атындағы орта мектеп»КММ
Қамқоршылық кеңесі
VI- отырысының хаттамасы
Мерзімі: мамыр 2023жыл Қатысқандар: 40 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
-
Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы IV-тоқсанның қортындысы.
-
Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қамқорлыққа мұқтаж оқушыларды мектеп жанындағы және сыртқы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз ету
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Т.Ноғаев сөз алды. Мектебімізде жалпы 1-11 сынып арасында 365 оқушы бар. Оның 185 ұл бала , 180 қыз бала. 81-үздік, 127-озат оқушы бар. ІІ тоқсанда білім сапасы 67 % болса, ІІІ тоқсанда білім сапасы 63,4% төмендеді. 10а сыныбы ІІІ тоқсанда 57% төмен көрсеткіш көрсеткен болатын , ал ІV тоқсанда 65,6% көтерілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектетің әлеуметтік педагогы Н.Н.Кадырахынова сөзі: 2022-2023 оқу жылының 26-шы маусымында Жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен 20 оқушыға , Қапшағай қаласындағы «Самрук» сауықтыру лагеріне және 02 оқушыға Текелі қаласындағы «Бастау» сауықтыру лагеріне қаражат бөлінуіне байланысты оқушылардың әлеуметтік жағдайы сараланып тізімі құрылды деп сөзін аяқтады.
Қаулы:
1. Жалпы мектептегі оқу тәрбие жоспарының орындалуы жүзеге асырылсын.
2. Қайырымдылық акциясының өтілуі туралы қортындысын жүргізу әлеуметтік педагогқа жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Н.З.Құсайынов
Жиналыс хатшысы: Н.Н.Кадырахынова

