Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.


Мақсаты

Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы түсінік. Ой белсенділігін дамыту.Қан кету. Оның түрлері. Қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек туралы түсінік.


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту Тест тапсырмалары

1. Адамның ішкі мүшелеріне нелер жатады?

а) бас, мойын

ә) ми, өкпе, жүрек, бауыр

б) қол және аяқ

2. Ағзаның қорғаныш мүшелері не?

а) тамыр

ә) бұлшық ет

б) тері

3. Жарақат алсаң...

а) жылы суға малынған дәкемен ораймын

ә) медициналық жапсырманы жапсырамын

б) қыздыратын қатты затты басамын (тұз, грелка)

4. Егер жарақат үлкен болса...

а) барлық адамдарға көрсетем

ә) дәрігерге көрінем

б) қатты жылаймын

5.  Адам қанқасына нелер жатады?

а) бас, мойын, кеуде, қол және аяқ, сүйек

ә) жүрек, бауыр

б) бүйрек, қарын

6. Адамда неше жұп қабырға болады?

а) 10 жұп

ә) 12 жұп

б) 8 жұп

7. Жүрек кеуде қуысының қай жағында орналасқан?

а) сол жағында

ә) оң жағында

б) төменгі жерде

8. Жүрекке келген қан қайда тарайды?

а) өкпеге, бүйрекке, теріге

ә) миға

б) аяққа

9. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?

а) мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

ә) бас, мойын, омыртқа

б) құлақ, қол, аяқ, тамыр

10. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек қандай мүшелер?

а) тыныс алу

ә)  ас қорыту

б) жүйке жүйесі

11. Балалар қанша сағат ұйықтау керек?

а)10 сағат

ә) 18 сағат

б) 10-12 сағат

Мағынаны тану

Әртүрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін. Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.
Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырла-ры жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.
Мұрыннан қан кеткен кезде бас-ты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап, танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсетуі керек.
Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б) адам ағзасы үшін өте қауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тыныс алу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Мұрын қанағанда не істеу керек?

Әдетте мұрыннан қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:

1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек.

2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.

3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.

4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек.

5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.

6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
1052
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі