Қан құю.Қан топтары. Резус-фактор.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қан құю.Қан топтары. Резус-фактор.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 8 «А,Б» Күні: 08-10.01.2018 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қан құю. Қан топтары. Резус фактор.

Саяхат сабағы

Сабақтың мақсаты:


  • білімділік:  адам  тіршілігі  үшін,  организмнің  тірек  қан  және  қан жасушаларының   белсенділігін,  өміршеңдігін  оқушыларға түсіндіре  отырып, қан топтарын ажырата білуге үйрету және қан топтарына есеп шығару,  білім-білік  дағдысын  қалыптастыру;


  • дамытушылық: оқу материалдарының  мазмұнын байланыстыру арқылы  ой-өрісін  жетілдіріп, дамыту,  өз  бетінше  іздеуге  шыңдау;


  • тәрбиелік: оқушылардың  бойына  ұлттық  рухты  сіңіріп,  салауатты  өмір салтын  құруға баулып, тәрбиелеу;


Құрал жабдықтар: портрет, сұрақ-жауап, тақта, кесте – сызбалар, оқулықтағы суреттер.АЛМА,ЖҮЗІМ,ШИЕ суреттері

Сабақтың типі:  сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Топтастыру.»


Мұалім: Оқшылармен бірге алма,жүзім, шие теруге бау-бақшаға шығамыз.

Бірінші алманың құрамында темір элементі кездеседі .Темір пайдалы элемент. АЛМА бау –бақшасына алма теруге шығамыз.Алма бау-бақшасына кіру үшін мынадай сұрақтара жауап береміз. Оқушыларды 3 топқа бөледі. Олар 1-топ Эриторциттер, 2-топ Лейкоциттер, 3-топ Тромбоциттер. Әр топ тақтадағы сұрақтарға кезекпен шығып жауап береді. Деңгейлік тапсырмалар стикер парағының оң бетінде 16 сұрақ жазылып, ілінеді. Сол сұраққа жауап берген оқушыларға 1 ұпай беріледі. Оң бетіндегі сұрақтарға жауап береді де, екінші жағына аударып қоямыз. Сол кезде СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ ! деген сөз шығады. Атам қазақ « Сәлем – сөздің анасы» деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Тегінде әдеп, адамшылық амандасудан басталады.



С



Ә


Л


Е


М


Е


Т


С


І


З


Д


Е


Р


М


Е


!


гул

Сұрақтар

Жауабы

1

Ағзаның ішкі ортасына не жатады?

Қан.ұлпа сұйықтығы,лимфа

2

Қанның құрамы неден тұрады?

Эритроциттер,лейкоциттер,тромбоциттер

3

Плазманың құрамында қанша пайыз су болады?

90-92 пайыз

4

Плазманың құрамында қанша пайыз нәруыз болады?

7-8 пайыз

5

Плазмадағы нәруыздар қаншаға бөлінеді?

3-топқа альбуминдер,глобулиндер,фибриногендер

6

Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасы қалай аталады?

Қанның сарысуы(сыворотка)

7

Микробтарды ерітетін обыр жасушалары қалай аталады?

фагоциттер

8

Дене температурасын тұрақты сақтайтын сұйықтық

қан

9

Лимфада болатын лейкоцит жасушасы қалай аталады?

лимфоциттер

10

Оттекпен қосылған гемоглобин

оксигемоглобин

11

Көмірқышқыл газбен қаныққан гемоглобин

карбогемоглобин

12

Жарақаттанан жердегі қанның ұю ұзақтығы?

4-5 минут

13

Адамдаы қанның мөлшері

4,5-5 л

14

Лейкоциттердің қызметін зерттеген ғалым

Илья Ильич Мечников

15

Плазмада қанның ұюына қатысатын нәруыз

протромбин

16

Қан ұйымайтын ауру

гемофилия

17

Қан аздық деген не?

Қанда зритроциттердің азайып,гемоглобиннің кемуінен болатын ауру


АЛМА бау-бақшасынан кім көп алма теріп шықты?, оны оқушылардың жиған алмасына қарап бағалаймын.

  1. «Оқушылара қан тобы туралы мәлімет беру»

Мұғалім : «Қан тобы» сөзі бәрімізге таныс. Балалар, сендер ол туралы не білесіңдер және не білгілерің келеді?

Не білемін?

Нені білгім келеді?

Қан тобын қалай анықтайды?

Қан тобы өмір бойы өзгермейді және ол тұқым қуалайды. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І,ІІ,ІІІ,ІV. Қан беретін адамды – донор, қабылдайтын адамды – реципиент деп атайды. Қаны І топқа жататын адамдардың қанын барлық топқа (І,ІІ,ІІІ,ІV) аз мөлшерде (200-300 мл)құюға болады. ІІ топқа жататындардың қанын ІІ және ІV топқа береді. ІІІ топтағылардың қанын ІІІ, ІV топқа, ал ІV топтағылардікін тек ІV топқа құюға болады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.


Қан тобы

Оның қанын қабылдайтын топтар

Оған қанын беретін топтар

І

І,ІІ,ІІІ,ІV

І

ІІ

ІІ,ІV

І,ІІ

ІІІ

ІІІ,ІV

І,ІІІ

ІV

ІV

І,ІІ,ІІІ,ІV


Енді ЖҮЗІМ бақшасынан жүзім жинаймыз. Жүзімнің құрамында глюкоза мөлшері көп кездеседі. Адам ағзасына өте пайдалы. ЖҮЗІМ бақшасынан жүзім жинау үшін, мынадай есептерді шығарамыз.

Бүгінгі сабақта қан топтарына есептер шығарылады.

Есептер шығару. Әр топқа бір-бір карточкадан.

Тапсырма№1

Ауруханада екі баланы шатастырып алды. (Мысалға Ж және Н) Бірінші ата-ананың қан топтары I және IV, ал екінші ата-ананың қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата – анасын табыңдар.

Жауабы: қан топтары I және IV ата-ананың баласы –Ж. Ал қан топтары I және III ата-ананың баласы –Н.

Тапсырма №2

Ата – анасының қан топтары II және III. Олардың баласында I топты қан болуы мүмкін бе?

Жауабы: ия, болуы мүмкін.

Тапсырма №3

Анасының қан тобы I, ал баласының қан тобы II . Әкесінің қан тобы қандай?

Жауабы: II немесе IV топ

Тапсырма №4

Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата – анасының қан тобы жайлы не айтасын?

Жауабы. Ата-анасының қан топтары II және III.

Тапсырма №5

IV топты қаны бар баланың ата-анасын іздеуге салды. екі отбасын тексере келгенде Бірінші отбасында әкесінің қан тобы II ,ал анасының қан тобы III екені анықталды.Екінші отбасында әкесінің қан тобы I, ал анасының қан тобы IV екенін дәлелдеді. Баланың ата-анасы қай отбасы?

Жауабы: Бірінші отбасы.

2. Тест жұмысын орындау.

1. Қан топтары қай жылы ашылды?

а) 1900ж б) 1940ж в) 1865ж

2. Әмбебап донор деп қандай қан тобы бар адамды айтады?

а) ІІ топ б) І топ в) ІІ,ІІІ топ

3. Қанның құрамында болатын ерекше нәруыз :

а) резус-фактор б) оссейн в) миозин

4.Қан беретін адам

а) әмбебап реципиент б) реципиент в) донор

5. Екінші топты қанды құюға болады

а) 1 және 4топқа б) 2 және 4 топқа в) 3 және 1 топқа

Жауаптары: 1- а, 2 - Б, 3 – а, 4 – В, 5- б



СЕРГІТУ СӘТІ

Адам есімімен атап, допты бір-бірімізге береміз. Соңғы әріп қандай әріптен аяқталса, сол әріптен есім атап әрі қарай жалғастырамыз.

Мысалы: Анар, Роза, Алма, Айман, Назерке, Ермек........................



4.Қорытынды:

Балалар, қан тобының тұқым қуалаушылығы туралы не айтасыздар?

Қан тобы өмір бойы өзгермейді. Адамның қан тобы – тұқым қуалаушылық арқылы берілетін фактор.

Сұрақтар

Жауабы

1

Қан қабылдаушы адам

Реципиент

2

Қан беруші адам

Донор

3

Алғашқы сәтті қан құю

1819 ж Лондонда болған.

4

Резус – факторды

1940 ж. ғалымдар К. Ландштейнер және И. Винердің макака маймылынан табылған

5

Қандағы ерігіш нәруыз

фибриноген

6

Қанның ұюына қатысатын қан жасушалары

тромбоцит

7

Газдарды тасымалдайтын қан жасушалары

эритроциттер

8

Фагоцитоз деген не?

Ағзаның қорғану реакциясы

9

Қан қайда түзіледі

Қызыл кемік майында

10

Гемоглобин деген не?

Қанның қызыл түсті пигменті

11

Ересек адамның қанында қанша эритроциттер бар,тіршілік ету ұзақтығы

5млн

120 күн

12

адамның қанында қанша лейкоциттер бар, тіршілік ету ұзақтығы

4-9мың

2-5 тәулік

13

адамның қанында қанша тромбоциттер бар, тіршілік ету ұзақтығы

250-400 мың

7-10 күн

14

Қан сары суы деген не?

Қан ұйығының сығындысы,сарғыш түсті сұйықтық






С



А


У




Б


О


Л


Ы


Ң


Ы


З


Д


А


Р


!

Бағалау:Оқушылармен жұмыс. «Оқушы парағы» жауаптары бойынша бағаланады

.





Үй тапсырмасы :§32 қосымша ізденіс жұмыстары,есептер шығару.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
6127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі