Қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Болашақ» жоғары медициналық колледжі


Бекітемін

«Арнайы білім пәндер» бірлестік жетекшісі________Қаражігіт.Л.А

«___»________2024ж.


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №________

Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы:Фармакология

Педагог:Акимбаева.А.А

Күні: 09.2024

1)Жалпы мәліметтер

Курс:2курс,топтар: Фд-9-22-6

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақ мақсаты, міндеттері:

Қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттарды білу

Жүрекке әсер ететін препарраттарды білу

Препараттарды білу

Күтілетін нәтижелер:

Жүрек, қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттарды толығымен білу.

Қажетті ресурстар: оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар 

Әдебиеттер:

Харкевич Д.А Фармакология.Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы,2004

Қосымша дереккөздер :

https://ust.kz/word/farmakologiya_receptyrasy

5) Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең: Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақ барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп - стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл-күйінің денсаулыққа әсері мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады, одан барып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әсері жүрек соғысының, ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қан тамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады Жүрек-қан тамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердің жыныстық гармондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейін сақталады. Алдын – алуға, немесе жеңуге болатын қауіпті факторлар- холестериннің жоғары деңгейі, артериалды гипертония, темеку шегу, қант диабеті, семіздік, түрлі күйзелістер болып саналады.

Өткен сабақ бойынша жұмыс

«Кім жылдам» тәсілі бойынша білімдерін бағалау. Осы тәсіл арқылы әр студент берілген сұрақтарға бірінші болып жылдам жауап береді.


Ойынның мақсаты: білім алушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: тақтаға сұрақты жазу. Студенттер бір - бірден шығып сұрақтарға жауап беру керек.

Сұрақтар:

1. Тыныс алу препараттары

2. Тыныс алу стимуляторлары

3.Жөтелге қарсы дәрілер

4.Бронхолитиктер

Жаңа сабақ

1 дәріс

Дәрі-дәрмектер фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны

тақырыбы бойынша ақпарат беру. Презентация,суреттермен сабақ түсіндіру

Термин сөздермен жұмыс жасайды. Глоссарий 3 тілде.

Тақырып бойынша өзіндік бақылау сұрақтары: Тақырыпта қаралатын сұрақтар:

1. Ас қорыту жүйесіне әсер ететін препараттар

2.Табетке әсер ететін препараттар

3.Іш жүргізетін препараттар

4.Ас қорыту дәрілердің жіктелуі

5.Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер

6.Өт айдайтын дәрілер

7. Жалпы анықтама дәрілерге

Жаңа тақырыпты бекіту:

Конспект жазу

Үй тапсырмасы

Интернет көздерінен Ас қорыту жүйесіне арналған препараттарға шолу жасау,конспект жазу.


Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау:

Студент тақырыпты жетік меңгергендігін.Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, тұжырым жасай алса 90-100% дұрыс жауап берсе. Студент тақырып бойынша білімін көрсете алды бірақ оқытушының ескертулерінен кейін жөнделген кейбір нақты емес жауаптары болса. Логикалық ойлау дағдысын көрсете алса және нақты мысалдар келтіре отырып тұжырым жасай алса 75-89% дұрыс жауап берсе. Студент тақырыпты толық меңгермеген және қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бермейді. Бірақ келесі материалды игеру үшін жетерлік тақырып бойынша жалпы түсінігі бар екенін көрсетсе. Ұғымдардың анықтамаларын толық айта алмаса немесе терминдерді оқытушының бірнеше жөндеулерінен кейін ғана дұрыс айта алса 50-74% дұрыс жауап берсе Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының білмейтіндігін немесе толық түсінбегендігі байқалса, анықтамаларды мүлдем білмесе немесе елеулі қателіктер жіберсе, оқытушының жөндеулерінен кейін де қатесін түзете алмаса дұрыс жауабы 50%-дан төмен болса.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2025
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі