Қанағат, рақым ойлап қой!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қанағат, рақым ойлап қой!

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті жоспар ретінде сабаққа пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: сабақ №13

Тақырыбы: Қанағат, рақым ойлап қой!

Құндылығы: дұрыс әрекет құндылықтарын қалыптастыру

Қасиеттері: обал, сауап, ысырап.

Сыныбы: 10

Мақсаты: адамгершілік қасиет тұрғысынан қанағат, рақым ұғымдарының мәнін ашу.

Міндеттері: -қанағат және қанағаатсыздық ұғымдарын салыстыра отырып ұғындыру;

  • Еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына, іс-әрекетіне сыни көзбен қарауын дамыту;

  • -оқушылардың өз қанағат сезімдерін басқара алуын тәрбиелеу.



Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру. С. Ақатайдың әңгімесін оқып келу.

3. Дәйексөз

«Ынсап сайын береке»2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

4. Әңгімелесу:

Оқушыларды тақырыпқа тарту мақсатында оқулықта берілген сұрақтар төңірегінде пікірлесу жүргізіледі.

  • Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?

  • Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?

  1. Мәтінмен жұмыс. М Құлекеновтың әңгімесі

Алмастың шындығын айтуының себебі не деп ойлайсыз?

Әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

6. Шығармашылық жұмыс.

Оқушыға арналып, «Ынсап сайын береке» тақырыбында эссе жазу.

Топпен ән айту: Жүректен жүрекке. Қ Мырза Әли «Балам, озық өрен бол!» өлеңі.

7. Үй тапсырмасы. 14 сабақтан М. Құлекеновтың әңгімесін оқып келу.

8. Тыныштық сәті: (3 мин)

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


5-т

Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі