Қанатты достар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қанатты достар

Материал туралы қысқаша түсінік
құстар туралы мәлімет беру. балаларға құстардың орысша, ағылшынша айтылуын қайталату және есінде сақтауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Әдіскер Ж. Амангельдиева


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Тақырыпша: «Өзіңе және өзгелерге көмектес»

Білім беру саласы: Таным/ шығармашылық

ҰОҚ: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қанатты достар»

Мақсаты: Үй құстарын атай білу (қораз, мекен, қаз) және олардың сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімін нақтылау. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншық үй құстары, сиқырлы қорап, үнтаспа, суреттер

Әдіс – тәсілдер: мнемотехника технологиясы

Сөздік жұмыс: үй құстары

Билингвалды компонент: Тауық – курица - chicken

Әтеш – петух – cave

Үйрек – утка – duck

Қаз – гусь – oct

Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де – сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


Для старшего, вы,

Для младшего ты.

Уважайте всех вас,

Мы хозяева.






Өлең шумақтарын айтады

Ұйымдастырушы ізденушілік

Балаларға сиқырлы қорапты көрсету.

Қораптың ішінен тауық, үйрек, әтеш шығады.

Тауық – курица- chicken

Әтеш – петух – cave

Үйрек – утка – duck

Қаз – гусь – oct

Құстар екіге бөлінеді. Дала құстары және үй құстары. Бүгін біз сол үй құстарымен танысамыз. Үй құстарын үйде күтіп баптайды. Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының дам пайдасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше тігеді. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, қора дайындап, қамқорлық жасайды.

Тәрбиеші: — Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін — ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)

Тәрбиеші: — Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?

Балалар: — Балапан шығады

Тәрбиеші: — Балапан шығатынын білесіңдер.  Балапан не істеп тұр?

Балалар: — Жылап тұр.

Тәрбиеші: — Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.

Балапан: — Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?

Тәрбиеші: — Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз. Балалар, бәріміз балапанның мамасын шақырайықшы.

Балалар: Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!

Тауық: — Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.

Тәрбиеші: — Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.

Тауық: — Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.

Тәрбиеші: — Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.

Тауық: — Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.

Балалар: Жарайды, көмектесейік.

1 тапсырма. Үй құстары туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Гүлім. Әтеш:

Мен - қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсалып,
Елді оятып жар салып.

Нұрперзент. Тауық:

Мен - ақ тауық, ақ тауық,
Жүремін мен мақтанып.
Құс болсамда ұшпаймын,
Балапанды қорғаймын.


Шахназым. Балапан:

Біз сап - сары балапан,
Күні бойы шақылдап.
Жерден дәнді тереміз,
Анамыздан қалмаймыз.

2 тапсырма. Үй құстарын атап беріңдерші?

3 тапсырма. Үй құстарын мнемотехника технологиясы арқылы таныстыру.

4 тапсырма. Геометриялық пішіндерден үй құстарын құрастыру.


Тауық: — Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын. Балалар өзімнің жұмыртқаларымды сендерге ала келдім.

(Тауық балапанын алып кетіп қалады).

Сергіту жаттығуы

Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап. 


Дидактикалық ойын: Үй құстары қалай дыбыстайды?




Қайталайды























































Тақпақтарын айтады
















Қаз, үйрек, балапан құрастырды.







Қимылмен жасайды






Рефлексивті- түзетушілік.

«Балапан» әнін айту.

Қоныңдар, құстар қоныңдар,
Бәріңе төрден орын бар,
Қанатты барлық достарға,
Балалар қамқор болыңдар! – деп оқу қызметімізді аяқтаймыз.



Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Үй құстарыныны орысша және ағылшынша атауын қайталайды

Түсінеді: Үй құстарына қамқорлық көрсету біледі.

Қолданады: Тапсырманы дұрыс орындайды





Тексерілді: Бекітемін:

Әдіскер Амангелдиева Ж Меңгеруші Жалгасбаева К

Күлкі көңілдің ажары. (Тіс дәрігері)


Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.
Әдіс - тәсілі: триз технологиясы

«Шаттық шеңбері»
Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді өмір сүрейік.

Балаларға жұмбақ жасыру

Миға шабуыл – сұрақ-жауап әдісі арқылы.

Адамның денсаулығы жақсы болу үшін, біз не істеуіміз керек?

1)Тиімді, жақсы тамақтану;

2) Спортпен айналысу;

3) Таза ауада серуендеу;

4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу.

Ал ауырып қалсақ кімге барамыз?

-Ол не істейді?

Балаларға жұмбақ жасыру

Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайнамай (тіс)


Тісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Адам дүниеге келгеннен кейін, алты ай болғанда бастап шығады – ол «сүт тіс» деп аталады. Алты жасқа толғанда сүт тістер түсе бастайды, түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тістер сыйып тұруы үшін сонымен бірге адамның жақтары да өседі. Он екі жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Адамдардың көпшілігі 20 жасқа толғанда 32 тісі толық шығып болады.

Тосын сәт: есік қағылып, ішке тіс дәрігері келеді:
- Сәлеметсіздер ме балалар, мен тіс дәрігері боламын. Сіздерді тісті күту ережесімен таныстырып, қалай дұрыс тазалауды көрсетуге келдім.
Балалар сіздер тіс тазалайсыздар ма?
Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.
Сурет бойынша тісті қалай дұрыс тазалау реттілігін көрсетеді.
- Балалар тісті жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеу керек, тәтті тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмальін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Тісіміз мықты болу үшін «С» және «Д» дәрумені бар тағамдар жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады. Балалар мен енді басқа балаларға баруым керек. Сау болыңыздар!

Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.


Балаларға тапсырма жуынуға қажетті заттарды қызыл түспен қорша.


Сергіту сәті: Көңілді күн

Дидактикалық ойын:
«Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап».
Шарты: Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін сурет арқылы тауып, тақтаға іледі.
1. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)


2.
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (Сүлгі)


3.
Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)


4.
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)


5.
Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.
Бұл не? (Тіс пастасы)


Оқу іс - әрекетіне белсене араласқандарын үшін көп – көп рахмет.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Тіс туралы мәліметті айтады

Түсінеді: Тіс, туралы толық түсінік алды, тазалық ережесімен таныстыру.
Қолданады: Тісті тазалауды меңгереді.









Тексерілді: Бекітемін:

Әдіскер Амангелдиева Ж Меңгеруші Жалгасбаева К

«Президент – ел тірегі»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар қонақтар, балалар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Президент – ел тірегі» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 

Алғашқы құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Жалгасбаева Кулшат апайға береміз.

(Гимн)

Жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына – деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Әли:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!


Еркеназ:

Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!


Амандос:

Туды ұстап тура жолға түсіріп

Жас отанның өмірін де түсініп

Елім жерім деп ұрандаап тайсалмай

Бір керемет жасады ау кісілік



Жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

Жүргізуші: Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін 
Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салайық! – дей келе 
балалардың орындауында «Бақытты балалық» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе болады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Нұрперзент:

Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!

Шахназым:

Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.


Гүлім:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз

Үлкен кіші ағайындар бәріміз

Ұлтым елім деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздердің піріміз де әніміз



Жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық, - деп «Елтаңба»
әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі


Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!
«Президент – ел тірегі» ертеңгілігіміз аяқталды.








Келісемін:

Әдіскер:Ж.Амангелдиева



Берекелі алтын күз

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.


Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер және балабақша булдіршіндері! Баршамыздын дастарханымызга ырыс-берекесин алып келіп, мол өнімдерін сыйлап бізді ерекше қуанышқа бөлеп төрімізге Арайлы алтын күзіміз келді.

Жүргізуші:Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Табиғатым сары көйлек киінді.
Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды.
Рұқсат болса, бастайық осы кешті.
Алтын күз мерекесімен құттықтау ушін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Жалгасбаева Кулшат апайға беріледі.

Жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арнаған кешімізді тамашалаңыз.

Жүргізуші: - Ал, балалар, балалар,
                         Енді бері қараңдар.
                         Бізге қонақ келмекші
                         Сендерді бір көрмекші.
                         Әуелі жұмбақ жасырам,
                          Қулығымды асырам.
                          Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ:         Жиып-теріп болатын,
                         Қамбаға астық толатын.
                         Қызыл қырман ойнайтын,
                         Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс, күз мезгілі.  Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз – Алтын күзді  шақырайық!

Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып, 
Ойнап-күлші, алтын күз!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
                    Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!
                    Мен – Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
                    Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
                    Оған достым таң қалма! Жапырақта сиқырлы,
                    Ойын ойнар түр-түрлі!
Ән: «Күзгі вальс»

Шие: Шахназым


Мен моншақты шиемін

Құмарсындар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім


Өрік: Гүлім

Дөп дөнгелек сап сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік.

Алма: Еркеназ

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым.

Алмұрт: Іңкәр

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Сәбіз: Амандос

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Картоп: Марғұлан

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Пияз: Сартай   

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Қызанақ: Нұрахмет

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.


Қияр:Әли

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Жүргізуші:Қазақтың байтак жеріне,

Алтын күз келді мінекей

Ағаштары сарғайып,

Сап - сары болды әнекей.



Балалардың орындауына «Жапырақтар» биін тамашаланыз.

Би: «Жапырақтар»

  • Балалар күз мезгілінде неше ай бар?

  • Ендеше осы үш айдың тақпақтарын айтатын балаларды ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Алтын күз енді «Өркен» тобының балаларының «Алтын күзде молшылық» әнін тамашаланыздар

Ән: «Алтын күзде молшылық»

Жүргізуші:Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.

Балдәурен тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Балауса тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Өркен тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Дана

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.



Нұрперзент

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз



Жансұлтан

Құтты болсын алтын күз
Берекесі халқымның
Күзгі байлық тамаша
Шашуы көп салтымның


Нұрислам

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


Гауһар

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ойын: Ағашта өсетін және жерде өсетін

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с).

Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)



Жүргізуші:Бұлбұл қайда әнімен

Оятатын тербетіп.

Теңселеді ағаштар.

Жаңбыр жауар желдетып деп «Қолшатыр» әнін тамашалаңыздар

Ән: «Қолшатыр»

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін,

Тамаққа кеп түсетін
      Мақтанбақшы сендерге ,

Көкөністер сан түрлі!
Ортаға «Көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар айтады

Балдәурен тобының бүлдіршіндері.

Балауса тобының бүлдіршіндері


К ө р і н і с

Бағбан:(Тырмамен жер жыртып жүреді)

Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Бау-бақшаның ішінде.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан кетпейді..(Кетеді)

Бағбан:(Күнбағысқа келеді)

Күнбағыс-ау, Күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)

Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.

Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!



Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.

Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.

(Әрқайсысын жұлқылап оятады)


Жуа:Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!

Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!

Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)



Жүргізуші:Алтын алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр.

Жүргізуші: «Балауса» тобының ер балаларының «Көңілді би» би билеп бермекші.

Жүргізуші: Жемістер туралы тақпақтарына кезек берейік

Балдәурен тобы

Балауса тобы

Ән: Алтын күз

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Дәнді дақылдардың тақпақтарына кезек берейік.


Би : Жемістер
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын күз: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.

Ойын: «Көкеністер мен жемістерді ажырат»

Шарты: 4 бала ойынға қатысады, 2 топқа бөлінеді.Көкеністермен жемістерді ажыратып жинайды. Қай топ тез жинаса сол топ жеңімпаз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Жүргізуші: Балалар ендеше ханшайымдарды шығарып салайық. Сау болыңыз!
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша  бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.  Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Міне, балалар, құрметті қонақтар осымен "Берекелі алтын күз"атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін.


 







Келісемін:

Әдіскер: Ж. Амангелдиева


Төрлет, құтты жаңа жыл!

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыстар тілейміз! Жаңа жыл қарсаңына орай өткізгелі отырған бүгінгі «Өркен» тобының «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Шана тартып келе жатқан қыз балалармен бірге залға кіреді.

Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Балалар қайда келдік?

Шыршаға келдік.

Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше, 
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның 
Шамдарын жағып көріңдер!
-    Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!

Жүргізуші: Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан балабақшамыздың меңгерушісі Жалгасбаева Күлшат Жақсығұлқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі»
            Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: «Шыршаға бардық»

Жүргізуші: Жаңа жыл бұл жаңа нұр

Нұрдан ләззат ала біл

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр

Жаңа жылдық кешімізге арналған тақпақтарына кезек берейік.

Гүлім

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Ата - әже, ата - әже

Құтты болсын Жаңа жыл


Әли

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.


Еркеназ

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.


Жүргізуші:  Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?
                      Тауық жылы
                    Балалар құлақ түріп тыңдандаршы,  бір дыбыс естілетің сияқты!

«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп жаңа жылымызды қарсы алайық.
Ит: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші: - Ау, тауық жан сенімен де қоштасатын кез келді.
Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай
– деп ортаға Жансұлтан, Дана, Нұрисламды жыр – шумақтарын айтуға шақырамыз.

Жансұлтан

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Дана

Аспан жерге түседі

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап


Нұрислам

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Жүргізуші:

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші бүлдіршіндер ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар деп «Қыс келді алақай» әнін тамашалаңыздар.

Ән: Қыс келді алақай Орындайтын: Інкәр, Сартай, Еркеназ, Нұрислам

Аққала: Сәлетметсіздерме балалар, қонақтар. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Мені таныдыңдарма мен аяз атамын.

Балалар: Жоқ сен аққаласын ғой

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, балалар, бізге келген аяз атама әлде аққалама?

Балалар: Аққала

Жүргізуші: Аққала біз аяз атаны шақырғанбыз, бірақ сен келдің жаңа жылдық мерекені бірге тойлауға шақырамыз.

Тақпақтарын айтуға Сартай, Нұрахмет шақырамыз.

Сартай

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.


Нұрахмет

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.


Ән: Аққала Орындайтын: Әли, Шахназым, Марғұлан, Гүлім, Нұрахмет

Аққала: Олай болса балалар мен өзіммен бірге ойын ала келдім. Аяз ата тез жету үшін жолын қардан тазалайық. Ойын «Қар жинау» деп аталады. Кім ойнағасы келеді келіңдер ортаға шығыңдар.

Жүргізуші: Міне ғажап біздің балалар қардыда жинады енді мүмкін аяз атамыз жетіп қалар.

Аққала: Балалар аяз ата жеткенше менім билегім келіп тұр. Келіңдер ортаға билейік.

Би: Аққала

Жүргізуші: Тамаша, тамаша саған рахмет аққала мерекеміздің сәнін келтірдің бірақ мына кішкентай бүлдіршіндер аяз атаны күтіп отыр, оларға аяз атаны шақыру керек.

Аққала: Жарайды онда сендер аяз атаны шақырыңдар, ал мен барайын ормандағы аңдарды жаңа жыл мерекесімен құттықтайын. (аққала шығып кетеді.)

Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз бірге аяз атаны шақырайық. А - яз а - ата ( 3 рет )

Аяз ата: Амансыңдарма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем мереке

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.

Ақшақар:

Уа, халайық жарандар

Айналаға қараңдар

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шап болып

Шаттық күліп тараңдар.

Тақпақтар

Жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар демекші бүлдіршіндердің орындауында

«Ақ қоян» әнін тамашалаңыздар

Жеке ән: Ақ қоян Орындайтын: Амандос, Дана, Жансұлтан, Нұрперзент

Тақпақтарын айтуға Іңкәр, Амандос, Шахназымды шақырамын

Іңкәр

Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Амандос

Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып


Шахназым

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ғажайып сәт: Қорбаңдап аю шығады.

Жүргізуші: Салеметсіңбе аю, сен неге қорқып дірілдеп тұрсың?

Аю: Сендер аңшы емессіңдер ме? Мен аңшылардан қорқамын.

Жүргізуші: Аюжан жаңа жыл мерекесі болып жатыр ғой, біз ормандағы достарымызды жаңа жыл мерекесіне шақырамыз, мүмкін би билеп берерсіздер.

Аю: Менің достарым да осында екен ғой мен енді ешкімнен қорықпаймын, келіңдер Маша мен Аю биін билейікші.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп «Тамаша» әнін тамашалаңыздар.

Ән: Тамаша

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл
Тақпақтарын айтуға Айару, Марғұлан, Нұрперзентті ортаға шақырамыз.

Айару

Қош келдіңіз, Аяз ата

Қарсы аламыз орын беріп,

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.


Марғұлан

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Ой, Бәрекелді балаларым!


Нұрперзент

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!


Жүргізуші:

Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар..
Ертегімде сан қилы
Қызық - қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Жиналыпты келісімге
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Көрініс

Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.

Қоян:

Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю

Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!


Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік деп «Жаңа жыл» әнін тамашалаңыздар.

Хор Жаңа жыл


Жүргізуші: Бұл күн біздің бәріміздің

Қуанатын шағымыз

Шырша тойда келер жыл

Кездесейік тағы біз!

Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі Жалгасбаева Кулшат апайымызға беріледі.

Ата-аналардың құттықтауы.

Осымен ертенгілігіміз аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!
































Төрлет, Құтты жаңа жыл!
































Тексерілді:

Әдіскер Ж. Амангельдиева


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем

Тақырыпша: Мамандықтың бәрі жақсы

Білім беру саласы: Коммуникация/ шығармашылық

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындай алады. Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп ,қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: мамандықтардың суреттері

Әдіс – тәсілдер: ойын технологиясы

Сөздік жұмыс: мамандық, мамандық иесі

Билингвалды компонент: тігінші-портниха, дәрігер-врач, шаштараз-парихмакер, профессия-мамандық.

Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.

Балалар бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып, бір – бірімізге қуаныш сыйлайықшы.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.


Ұйымдастырушы ізденушілік

Бүгінгі сабағымызды бастайық. Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз саяхатшы Дарамен бірге саяхат сабағын өткіземіз. Жолымызда кездескен тапсырмаларды орындап, Дараға көмектесуге дайынсыңдар ма? Барлық кедергілерден өтсек Дараның сендерге дайындаған «тосын сыйы» бар.

Дараның 1 тапсырмасы: Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әңгімелету.

-Иә, біз бүгін сендермен мамандықтар жайында әңгімелесеміз. Сендер «мамандық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген мектептерің , өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдарды, ауырып қалсақ емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар , бізге білім беретін адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

Бұл аспаз. Аспаз – ең басты мамандықтың бірі.

Безендіріп үстелді,

Тәтті тамақ пісірер.

Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.

Бұл құрлысшы. Зәулім үйлерді, біздің балабақшамызды салған кісілерді құрылысшылар дейміз.

Бұл дәрігер. Дәрігер адамдарды емдейді, дәрі беріп, укол салып жазады.

Бұл тігінші. Тігінші адамдарға әдімі етіп киім тігіп береді сондықтан біз үнемі әдемі болып жүреміз.

Бұл мұғалім. Мұғалім бізге білім береді. Ол үлкен маман иесі болуымызға көмектеседі.

Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда «мамандық иелері» дейміз. Бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.

Сонымен мамандық дегеніміз – жұмыстың түрлері, ал мамандық иесі дегеніміз – ол жұмыс жасайтын адам екен

Дараның 2 тапсырмасы: Мамандық туралы тақпақтар.

Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.


Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.


Дараның 3 тапсырмасы: ойын

-Балалар қазір біз сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Бөлменің ішінде хат жасырылған. Сол хатты тез, жылдам іздеп табамыз.

Осы сәтте бөлмеге алаяқ түлкі кіріп балалардың хаттарын ұрламақшы болады. Балалар қараңдаршы алаяқ түлкі сендердің хаттарыңды ұрламақшы түлкіні қалай тоқтатамыз. «Алааяқ ұрлама,алааяқ ұрлама» деп балалар түлкіні тоқтатады. Қоян «қап бәлем» деп қатып қалады. Балалар түлкіге біздің сабағымызда қалуға рұқсат берейік па?

Енді балалар тапқан хатымыздың сыртына қарайықшы не көріп тұрсындар.

Дараның 4 тапсырмасы:

«Балықшы» ойыны.
Шарты : берілген заттар қай маман иесіне қажет 

Сергіту сәті аудиотаспамен

Дараның 5 тапсырмасы: «Аспазшы» ойыны.

Шарты: қыз балалар компотты дайындайтын жемістерді жинайды. Ер балалар борщты дайындайтын көкөністерді жинайды.

Осымен балалар бүгінгі оқу қызметіміздің соңына жетті. Біз сендермен «Мамандықтар» еліне келдік . Суретке қарасаңдар мамандықтың түрлері өте көп екен. -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өздерің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.


Рефлексивті- түзетушілік.

-Дарада тапсырмаларды дұрыс орындағандарына өте риза. Ендеше Дараға «Ұстаз – ана» өлеңін шырқап берейік.

- Балалар Дарамен қоштасатын сәт келді.

Дараның тапсырмалары сендерге ұнады ма?

-Әлде қиын, қызықсыз болды ма?

-Не алдыңдар, не білдіңдер, не түйдіңдер өздеріне керекті?

Ұнаса Дараға біз де алғысымызды білдірейік.

Дараны құр жібермейік. Дараның тапсырмалары ұнаса , сары түсті смайликтерді сөмкесінее салайық

Дарамен қоштасып сау бол деп рахмет айтайық. Қонаққа келіп тұр дейік.



Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын айтады

Түсінеді: Суретке қарап, әңгіме құрауды.

Қолданады: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
788
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі