«Қанатын жайған – Қарағанды»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қанатын жайған – Қарағанды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік : Оқушылардың өз бетімен Қарағанды жайлы мағлұмат жинақтай отырып, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып, үйрету. Тақырыптың мазмұнын ашу. Туған жерін, атамекенін сұрақ-жауап арқылы меңгерту . Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, жүйелі сөйлеп, сауатты жазуға баулу.Оқушылардың іздену, сараптау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан халқының тыныштығын қорғауға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қанатын жайған - Қарағанды

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың өз бетімен Қарағанды жайлы мағлұмат жинақтай отырып, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып, үйрету. Тақырыптың мазмұнын ашу. Туған жерін, атамекенін сұрақ-жауап арқылы меңгерту .

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, жүйелі сөйлеп, сауатты жазуға баулу.Оқушылардың іздену, сараптау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан халқының тыныштығын қорғауға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Әдісі :сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау.

Көрнекілігі :Интерактивті тақта,слайд, Қарағандыға арналған видиотека.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

(слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі, сөзжұмбақ, отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылады)

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, 7 «ә» сыныбы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында, Қарағандыға 85 жыл толуына байланысты «Қанатын жайған Қарағанды» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.





Кенесары:

1 Біздің қаламыздың 83 жылдық туған күні өтіп жатыр. Осы жылдарда Қарағанды үлкен және әсем қалаға айналды, халқы жарты миллионға жуық болды. Бүгінгі таңда Шахтерлік астана - Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады, мұнда тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың Стратегиялық жоспары нәтижелі түрде іске асырылып, Мемлекетіміздің Елбасы жобалаған басқа да маңызды жобалары жүзеге асырылады.

Ислам – Кәрім:

Осының арқасында, Қарағанды облысының әкімшілік орталығы жылдан жылға Отанымыздың маңызды қаласына айналып, қиыр және таяу шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуда.

Жылдан жылға облыстық орталықтың сыртқы келбетінде көптеген жағымды өзгерістер пайда болады - жаңа үйлердің қабаттары көбейіп, саябақтары мен бақтары көркейюде.

Ислам:

Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасы бар. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала климаты жаз айларында ыстық, құрғақ және қысы ұзақ, қатал болып келеді. Жері сортаңды, күңгірт-қоңыр топырақты. Қаланың Қарағанды деген атына келетін болсақ, ол осы өңірде көктемде көп өсетін ұсақ-ұсақ сары гүлдер ашатын бойы жатағандау қараған деген бұтаға байланысты қойылған.

Кенесары: Енді осы Қарағанды қаласының тарихынан үзінді. Аппақ Байжанов туралы айта кетсек

Аппақ Байжанов ( 1824-1887 жылдар аралығында өмір сүрген.), Аппақ Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра өзенінің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. (қойдың дауысы)

(Қойшы бала шығады, 1833 ж. Ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері).

Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды.

Аңыз бойынша Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бір сыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Күндердің күнінде Аппақ қой бағып жүріп, тоңғандықтан шыбықтарды жинап жағып жылынбақшы болады. Жанып жатқан отты өзінің тапқан қара тастарымен қоршап қояды. Бойы жылыған бала ұйықтап кетеді. Оянса әлгі тастар қызарып, қызуын мол беріп жанып жатыр екен. Тұрғылықты ауыл адамдарына да көрсетіп барлық ауыл осы қара тасты пайдаланды. Бірнеше жыл өткен соң "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді... Осыдан 1856 жылдан бастап көмір өндіріле бастады. Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ Байжанов есімімен Қарағандыда көше аталған.

(Жылнама)

1833 жылы қара тас табылды.

1856 ж кен өндіріле бастады

1931 ж 20 наурызда Қарағанды «жұмысшы поселкесі» д.а.

1934 ж 10 ақпанда Қарағандыға қала мәртебесі беріледі

1936 ж облыс орталығы атанды

1945 ж Теміртау

1954 ж Саран

1961 ж Абай

1961 ж Шахтинск

1984 ж Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды



Мұғалім:

Жарайсыңдар балалар! Өздерің отандарынды қалай сүйетіндерінді дәлелдеп бердіңдер. Осылай еліміз, жеріміз гүлдеп, жайнай берсін!

Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойы мерекесімен құттықтаймын!

Аппақ Байжанов ( 1824-1887 жылдар аралығында өмір сүрген.), Аппақ Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра өзенінің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. (қойдың дауысы)

(Қойшы бала шығады,

1833 ж. Ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері).

Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды.

Аңыз бойынша Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бір сыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды.

Күндердің күнінде Аппақ қой бағып жүріп, тоңғандықтан шыбықтарды жинап жағып жылынбақшы болады. Жанып жатқан отты өзінің тапқан қара тастарымен қоршап қояды. Бойы жылыған бала ұйықтап кетеді. Оянса әлгі тастар қызарып, қызуын мол беріп жанып жатыр екен. Тұрғылықты ауыл адамдарына да көрсетіп барлық ауыл осы қара тасты пайдаланды. Бірнеше жыл өткен соң "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді...

Осыдан 1856 жылдан бастап көмір өндіріле бастады.

Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ Байжанов есімімен Қарағандыда көше аталған.

оқушы

Қарағандым, атыңнан айналайын

Сен дегенде жүрегім соғар шіркін,

Бүгін де келіп қалған сонау жылдан

Құтты болсын мерейің, туған күнің!

Оқушы

Осы жерден қырандар түлеп ұшқан

Ерлер туған бұл жерде жұрек жұтқан

Батыр Нүркен, қаһарман Тоқтарды да

Жерлесім деп риясыз мақтан тұтқам Экранға назар аударыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
1373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі