Материалдар / Қаңлылар 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қаңлылар 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оте керемет маган унады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы Кіші Қазан

Сабақтың мақсаты:

Біліміділік: “Кіші Қазан ” идеясының мәні, сол саясаттың қазақ халқына тигізген зардабын оқушылардың түсіне білуі.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.


Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Жаңа сабақ

I. Мағынаны тану.

1. Голощёкин Филипп Исаевич (Шая Ицкович) 1876-1941 жж.

- Невель, ұсақ буржуазия отбасы

-Кеңестің мемлекеттік және партия қайраткері

-1925-1933 жж БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің I хатшысы.

2. 1927 жыл “Кіші Қазан ” идеясы

1.Индустрияландыру бағытында:

-Голощёкин: Қазақ даласында өнеркәсіпті ірілендіру емес, ұсақ кәсіпорындар салу керек.Май шайқайтын,жүн жуатын ...

-С.Садуақасов (партияның аймақтық комитетінің мүшесі).

Өнеркәсіптің өңдеу салаларының кең желісін құру,өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату туралы идеясын ұсынды.Атап айтқанда ол “Голощёкин жолдастың неліктен жүн жуудан әрі қарай барғысы келмейтінін шұға фабрикаларын ұйымдастыру өз-өзінен сұранып тұрғанын дәлелдеді.”Қазақстаннан жуылған жүнді Ресейге шығарып, осы жүннен тоқылған “мәскеулік” шұғаны кері қарай тасығаннан гөрі, Қазақстаннан дайын шұғаны теміржол арқылы сыртқа шығару жеңіл емес пе?”

Головщёкин мұны жергілікті ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылдады.

2. Ауыл шаруашылығында:

-Голощёкин “ауылды кеңестендіру ” ұранымен Қазақстанда “жаңа революция” жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады.

Ауылда Кіші Қазан төңкерісін жасау керек.Байға қарсы тап күресінде кедейлерге көмек беру керек.Егер бұл азаматтық соғыс болса, біз оған барамыз.Ауыл Қазан революциясы лебін әлі сезген жоқ” деді.

Голощёкиннің бағыты Қазақстанда қарсылыққа ұшырады,сондықтан ол Сталинге хат жазды.

И.В.Сталин Голощёкиннің ұсынысын “бірден-бір дұрыс саясат ” деп құптады.

3. 1926-1927 жылдары жыртылатын жерлер мен жайылымдар қайта бөлінді. 1250 десятина жыртылатын жер,1360 десятина шабындық ауқатты шаруашылықтардан тартып алынып, кедейлер мен орта шаруаларға берілді.Бұл шара нәтиже бермеді.

4. 1. 1927ж 15-23. 11. “ Қазақ байларын тәркілеу туралы ” шешім шықты.

2. 1928ж 27.08. “Ірі бай шаруашылықтары және жартылай феодалдарды тәркілеу, жер аудару туралы ” декрет шықты. Оған Е.Ерназарұлы (Орталық Атқару Комитетінің төрағасы), Н.Нұрмақұлы (ХКК төрағасы) қол қойды.Декрет 5 қыркүйекте баспасөз бетінде жарияланды.

Тәркілеу 20 қыркүйекте басталып , 1 қарашада аяқталатындығы ескертілді.

Декрет бойынша ірі байларға көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда -400, жартылай көшпелі аудандарда -300, отырықшы аудандарда -150 бас малы бар қожалықтар жатқызылды.Ірі қараға 2 жастағы жылқы,сиыр,түйе жатқызылды. 1 ірі қараға-3 құлын,2 тай,5 қой,6 ешкі теңестірілді.

3. 1928ж 30 тамызда “Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы қаулысы қабылданды”. 9 көшпелі,85 жартылай көшпелі ,25 отырықшы барлығы 119 аудан белгіленді.

Атырау облысы,Жылой ауданы – жартылай көшпелі ауданға жатты.

Адай округі жұт болуына байланысты тәркіленуден босатылды.Соған қарамастан 84 бай тәркіленген.

Жетісу, Сырдария-мақта егетін аудандар тәркілеуден босатылды.

Қазақ жерінде 657 бай тәркіленіп, олардан 145 мың ірі қара тартып алынды.

5. Голощёкин өзін қолдамайтын партия басшыларына қарсы күрес бастады.

1.Т.Рысқұлов-БКП орталық комитеті құрамынан шақыртып алынды.

2.1926жС.Садуақасов, С.Қожановқа –“ұлтшыл кінәсі тағылды.”

С.Сейфуллин ,С.Меңдешев –қуғындалды.

Ж.Мыңбаев –қызметінен босатылды.

3. 1928ж саяси қарсыластары алғаш рет тұтқындалды.

А.Байтұрсынов , М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев.

1930ж М.Тынышбаев , Ж.Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов

II Ой толғау

  1. Голощёкинге хат”-әр оқушы өз ой пікірін жазады.

  2. Қоржындағы сұрақ”-10 сұрақ

III Қорытындылау

1.Әр оқушы 5 тест құрастырады.

ІҮ.Бағалау

Ү.Үйге тапсырма §17.



Әдебиеттер:

1.Б.Аяған, М.Шәймерденова

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы”

Алматы “Атамұра” 2009ж

2.”Қазақ тарихы” журналы. №8. 2017 ж

3.Қазақстан тарихы.Әдістемелік нұсқаулық.

Алматы “Мектеп“ 2013ж.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!