Тақырып бойынша 11 материал табылды

қаңқа ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне дайын сабақ жоспары. ашық сабаққа қолданса тиімді болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім:Тірі табиғат. Адам

Мектеп: Ыбырай Алтынсарин

Күні:

Мұғалімі: Амирова Ардақ

Сынып: 2 «ә»

Қатысқандар саны:......

Қатыспағандар саны: .......

Сабақтың тақырыбы

Қаңқа құпиялары

Оқу мақсаты

2.3 Адам.


Сабақтың мақсаттары

2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау


Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • қаңқаның құрылымын анықтайды;

  • адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар «қаңқа», «дене қалпы», «денеңді еңкейткенде» «трек қимыл» .

Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Оқушылар дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі (бас, кеуде, қол, аяқ, табан, т.б.) және адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ)

1. Салемдесу.

2. Өткенге шолу (үй жұмысын пысықтау)

- Қандай бөлімді оқып аяқтадық?

-Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

-Құстардың айырмашылығы неде?

-Балықтар қайда тіршілік етеді?

- Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады?

-Бунақденелілерге нелер жатады?

-Қосмекенді мен бауырыменжорғалаушылардың айырмашылығы неде?

3.Топқа бөлу (асық арқылы)

Сабақты адам денесінің бөліктерін қайталаудан бастау.

- Балалар «Адам» бөлімін оқып бастаймыз.

- Бұл бөлімде адам анатомиясымен, бұлшық еттер қызметімен, тістерге қалай күтім жасау керек екенін, және жалпы гигиена сақтау яғни салауатты өмір салты туралы білетін боламыз.

-Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар (Бас, кеуде, аяқ-қолдар.)

- Қолдың бөліктерін атаңдар (Білек, шынтақ, иық.)

- Адамның қолдары қандай қызмет атқарады?

- Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (Жамбас, тізе, балтыр, табан.)

-Енді саусақтарынды, басынды, шынтақтарынды ұстап көррінде.

- Нені байқадыңдар? (Ішінде қатты негіз бар.)



Доп лақтыру арқлы



Түрлі түсті асық



Сабақтың ортасы























































































Даптермен жұмыс








Жұптық жұмыс

(Топтықжұмыс) Шағын топтарға суреттер беру және жетекші сұрақтар арқылы дәлелдету.

-балалар суретте не көріп тұрсындар?

1- топ Үйдің суреті:

  • Үйді неден тұрғызамыз?( кірпіштенқабырғасын көтереді, терезе, есік қоямыз, шатырын жабады)

  • Ол үй бізді неден қорғайды?

2-топ машина суреті:

  • Машина неден жасалады?

  • Ол бізге қандай пайдасы бар?

  • Машина неден қорғайды?

3- топ киіз үй суреті:

-Киіз үй құрылысы қандайбөліктерден тұрады?

-Оны кімдер көп пайдаланады?

- Оның ыңғайлы тұстары қандай?

- Адам денесіндегі осындай қызметті не атқарады?

(Қаңқа адам денесінің қалпын құрайды және қорғанышы болады. Сүйектер жұмсақ ұлпалардың мықты қорғаны болып табылады

(МК) Оқушыларға суреттегі қаңқаның бөліктеріне мұқият қарауға ұсыныс жасау.

  • Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді? (сауыт немесе шлем)

  • Сауытты немесе шлемді не үшін киеміз? (басымызды қорғау үшін)

  • Неліктен адамның бас сүйегі қатты болады?

  • Ол нені қорғайды? (Бас сүйегі миды қорғайтынын, ал омыртқа, кеуде және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде қуысын құрайтынын түсіндіру).

  • Кеуде қуысының ішінде қандай ағзалар орналасқан? (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек)

- Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектеседі.

-Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккен? Назар аударыңдар. (Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау).


Видео көрсету

Балалар енді видиоға назар аударыңдар.

- Дұрыс отырмаған жағдайда не болады? ( сүйектер қисаяды)


Суреттерге қара. Салыстыр.

-1 -суреттегі қай балаға денесін дұрыс ұстауға кеңес берер едің?

- Партада қалай отыру керек?

- Оның дене сымбатына қандай әсері бар?

Сен партада қалай отырасың?

2- суретте қандай жағдай байқап тұрсың?

  • Қай балалар қисық жүріп келеді?

  • Неге?

  • Оларға қандай кеңес берер едің?

Ойлан

-Қаңқа сүйектері өсе ме?


(Ө) Жұмыс дәптеріндегі жұмыс.

Оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Бас сүйегі, омыртқа, қабырғалар, жамбас, аяқ-қол сүйектері)

Қаңқаның қызметі. Қалып кеткен сөздерді мәтін шығатындай етіп бос орындарға қою.

(Адамның басының қалпын бас сүйегі береді. Қабырғалар, кеуде және омыртқа кеуде қуысын құрайды. Аяқтар мен қолдардың сүйектері олардың қалпын құрайды. Оларды аяқ және қол сүйектері деп атайды).


Зерттеу

-балалр біздің дене сымбатымыз түзу немесе қисық екенін зерттеу жұмысын жасап анықтаймыз.

Бір оқушы орнынан тұрып қабырғаға сүйенеді. Желкесі, иығы, жамбасы, өкшелері міндетті түрде қабырғаға тиіп тұруы қажет. Ол балаға осындай қалып ыңғайлы болды ма, әлде ыңғайсыз болдыма?

  • Екінші оқушы оны бақылап тұрады. Егер оқушы өзін ыңғайсыз сезінсе онда ол денесін түзу ұстамайды. ( келесі жұбы сол арекетті қайталайды. Бірінші оқушы бақылайды.





Суреттер























«Адам қаңқасы» көрнекі кестесі; (банер)

қаңқаның жеке бөліктерінің суреттері мен олардың аттары жазылған кесте;
























«Партада және компьютерде дұрыс отыру ережесі» видиосы.





Сюжетті суреттер
























Даптер



















Сабақтың соңы Топтық жұмыс















Кері байланыс

Т) Қаңқаның суретін бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта құрастыруға, оның бөліктерінің аттарын жазуға тапсырма беру

Топтар бір бірін бағалайды ( бармақ әдісімен)

Сабақты қорыту:

  • Адам денесінің қалпын не құрайды?

  • Қаңқа қандай қызмет атқарады?

  • Кеуде қуысы нені қорғайды?

  • Бас сүйегі ше?



Бағалау. Смайликтер арқылы

Овал 4 Овал 5 Овал 6




Қаңқаның бөлшектенген нұсқасы, маркер, А3 формат, желім















Бағдаршам бағалау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі