400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қанипа Бітібаева

Материал туралы қысқаша түсінік
Қанипа Бітібаева туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қанипа Бітібаева – ғылым мен білімнің білгірі

/эссе/

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

/Абай Құнанбайұлы/

Қазақтың қасиетті қара топырағынан талай жақсы мен жайсаң, дана мен дара, ғалым мен бізімпаз жаратылған. Сонау көне дәуірлерден кең-байтақ қазақ даласында ұлылар мен ғұламалардың заңды ізбасарлары әр ғасырларда бабаларының игі жолдарын жалғастыру үшін өмірге келе беріпті. Қазақтың қай өңірі болса да халқына қызмет қылған игі ұрпақтарынан кенде болмаған. Қайсыбір өңірді алмаңыз, тұнып жатқан тұлғалар!

Сөзімді созбай, әңгімемнің ауанын шығысқа қарай бұрайын ...

Абайдай алыпты өмірге алып келген Шығысымның бір шынары – Қанипа Бітібаева туралы ойыммен бөлісем.

Ұстаздық атты ұлы жолды ғылыми ізденіспен толықтырып, бойдағы тұңғиық ілімді тәжірибемен шебер ұштастыра білген жанның бірі, һәм бірегейі ұстаз-ғалым Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева жайлы бүгінгі сөз.

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева – 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әке-шешеден ертерек айырылған. Артынан ерген тоғыз сіңілісі мен бір түйір бауырына бас-көз болып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген екен.

Педагогикалық институтты бітірісімен, «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» аңсаған ол, қарапайым, қара домалақ қазақ баласының бойына білім нұрын, ғылым шуағын шашуды көздейді. Алдындағы шәкірттеріне ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин тілімен айтқанда «қойға шапқан қасқырша», бойдағы барын, нәрін беруге құштарлана ұмтылды.

Менің түсінігімдегі нағыз маман болу – уақыт өткізіп, жалақы алу емес. Кез келген істен, кәсіптен, мамандықтан ләззат алуға болады. Егерде айналысатын ісіңізге махаббатпен, шығармашылықпен, ізденімпаздықпен кірісетін болсаңыз. Ал егер болай етпесеңіз, қатардағы көптің бірі болып қала бересіз.

Қанипа Омарғалиқызының бойынан буырқанған асау шабытты көрдім. Сол жақсы мағынасындағы асау сезімі ілім мен ғылымның биік шыңына қарай ұмтылдыра берсе керек!

Мектепке келіп, шәкірт оқыта бастағанынан-ақ тау мен тасты жарып шығатын арыны қатты өзен суындай, көз қиығын алысқа тастаған тұғын!

Қанипа Бітібаева қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдана білген педагог. Әсіресе, әдебиет сынды адам баласының жан дүиесіне өшпес әсер қалдыратын рухани ғылым саласын оқытудың сара жолдарын ұсынды. Абайды, Мұхтарды оқытудың ерекшеліктерін жан жақты талқылап, жүйелей отырып, қазақтың ұлы классиктерінің мол мұрасын терең де жан-жақты түсіне білуді үйретті. Абай мен Мұхтар – ғалым-ұстаздың алдында жарқырап жанып тұрған қос шамшырағы, темірқазығы. Үшеуінің жаратылған топырағы бір. Сөзімнің басында айтқанымдай, Қанипа - Шығыстан шыққан қос бәйтерек саясында жайқалған шынар! Шығыстың Шыңғыстау бөктеріндегі Абайымен, Мұхтарымен шектеліп қалмайтыны айтпаса да анық нәрсе. Оның арғы-бергі «алыптарын» ақтара берсек, бірнеше томға жүк болмай ма?! Сол үшін де жолдан тайып, басқа бағытқа ауытқымаймыз.

Абай, Мұхтар демекші, ғалым-ұстаздың қос алып туралы жазған еңбектері де жетіп артылады: «Абай және толық адам тәрбиесі», «Абай мен Әуезов үндестігін оқытудың технологиясы», «Абай шығармашылығын оқыту», «Абайтану», «Абайды тереңдетіп оқыту», «Бір ғылымнан басқаның», «Мектепте Абайды танудың жаңашыл әдістері мен технологиясы», «Абай шығармашылығын оқыту», «Мұхтар Әуезов мектепте», «Мұхтар Әуезов туындыларын мектепте оқыту», «Мұхтар Әуезов шығармашылығын оқыту», «Мұхтар Әуезовті тереңдетіп оқыту» және тағы басқа.

Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша жазған ғылыми-зерттеу еңбектері, монографиялары, оқулықтары қаншама?!

Қанипа Бітібаева ұстаз туралы ізденіс барысында түсінгенім, қазіргі мұғалімдеріміз бізге үйретіп жүрген дүниенің барлығының негізі – Қанипа сынды ұлт ұстазының еңбектерінде әлдеқашан айтылып, жазылып, тәжірибеден өтіп қойғанында. Сонда жаңашылдық дегеннің өзі, бұрынғыны жаңғырту, жаңа қырынан таныту болғаны ғой?!

Қанипа Омарғалиқызы бойдағы бар білім мен білікті қазақ қалқының ұлттық құндылықтарымен, дүниетанымымен байланыстыра отырып, халқының бұрын-соңды өткен ғұламаларының айтып кеткен ақыл, нақыл сөздерін алдында отырған шәкірт санасына сыналап құйған кезде, оқушының тұла бойына туған ел-жерге, ананың ақ сүтімен бойға қонған ана тіліне деген сүйіспеншілігі оянып, ұлтқа қызмет қылуға деген құштарлығы арта түседі.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» - дейтіндей, Қанипа ұстаздың жас ұрпақты ұлттық құндылықтар аясында оқытуға арналған, жалпы педагогика іліміне қосып кеткен үлесі ұшан-теңіз. Сол мол мұраны зерттеп, зерделелеу, қазынасын қопарып, асылын ашып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде пайдалану – келесі буынға аманат!















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі