400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қаныш Сәтбаев туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныш Сәтбаев туралы толық баяндалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаныш Сәтбаев –өмір жолы

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Сауатын (білімін) ауыл молдасынан алады. Кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке оқыды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне білім алады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. 1922 жылдың басындағы кездейсоқ кездесу Сәтбаевтың тағдырын мәңгіге айқындап берді. Туған Баянауылында Томсктан келген геолог Михаил Антонович Усовты жолықтырады. Профессордың 22 жастағы бозбаланы геология туралы әңгімелері қызықтырғаны сонша сол жылдың күзінде заңгерлік тәжірибесін тастап, Томсктағы технология университетіне оқуға түседі.1914 жылы Семейде орыс тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім болды. 1926 жылы Томск университетінің тау-кен мамандығын

бітіргеннен кейін Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге кірісті. Қаныш Сәтпаев Жезқазған минералды ресурстарға және мыс рудаларына бай екенін дәлелді. Қ.Сатпаев Жезқазған өңірін 15 жыл зерттеді. Жезқазған  кенін зерттеу және Орталық Қазақстаннан  (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасады.   Қазақ металлогендік мектебінің негізін салушы.



Қаныш Сәтбаев -ұлы ғалым

Геология саласында Сәтбаев көрікті еңбегінің бірі Жезқазған ауданында зерттеуді жалғастырып, 1930 жылы Ұлытау-Жезқазған мыс рудасы қазбасын ашты, бұл әлемдегі ең ірі қор болып табылды. Ұлы Отан соғысы кезінде бронды болатты шығаруда үлес қосты.

Екібастұзда көмір алқабын ашып, сол жерлерде үлкен зауыттар ашылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, 1944 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына белесен қатысты. Кейін 1946- 1952 және 1955-1964 жж Қазақ КСР ҒА-ның президенті болды.

Қаныш Сәтпаев төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Ленин сыйлықтарының иегері болған. Қаныш Сәтпаев 1-ші қазақ геологі, 1-ші академик, 1-ші ғылым доктары, 1-ші ғылым акадеиясының президенті. Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген.


Қаныш Сәтбаев – аса дарынды тұлға

Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол – 640- тан астам ғылыми еңбектің авторы. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес, тарих, әдебиет және мәдениет сияқты салаларды қамтиды. Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары. Ұлытауда Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған тасын тапқан. Қазір бұл тас Эрмитажда орналасқан. Сонымен қатар «Алгебра оқулығынның» авторы. Ол алгебра оқулығына 220 терминді енгізді.

1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Қаныш Сәтбаевтің таңдаған мамандығы кен барлаушы, геолог болса да осы оқу, қызметте жүру оны өнер мен әдебиеттен ешқашан алыстатқан емес. жас Сәтбаев 20- жылдары әуесқой театр ұйымдастырып, «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды, бұл пьесаны оның мұғалімдік семинариясындағы аға досы Мұхтар Әуезов жазған еді.1926 жылы М.Әуезовтің қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы пьеса жазып жүргенін естіп, хат арқылы оған өзінде бар көптеген тарихи мәліметтерді жазып жібереді. Ел ішінде айтылып жүретін хатқа түспеген тарихи жырларды, аңыздарды хатқа түсіреді. Жер қойнындағы кен барлау жұмысын бұрынғы тарихпен байланыстырып, ежелгі қазба орындарын, жер астындағы қирап кеткен, көмілген мекендердің археологиялық жағдайы туралы да мақалалар жазады.

Сәтбаев есімімен тіпті ғарышта «Сәтбаев» 2402 планетасы,  жерде «сатпаевит» жаңа минералы аталған.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы жылы Қаныш Сәтбаев жылы деп жарияланған болатын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі