Материалдар / «Қара жәшік» құпиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қара жәшік» құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың физика пәніне танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында физика апталығында өткізетін іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар
«Қара жәшік» құпиялары


(8-9 сынып оқушылары аралығындағы ойын-сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың физика пәніне танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеті:

- Оқушылардың білімдерін көрсетуге мүмкіншілік беру

- логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

- көзқарастарын арттыруға ықпал ету

- зейінін арттыру


Физика ғылым тұғыры

Таласы жоқ бұл күнде,

Физикасыз айтшы сен

Түсіндіру мүмкін бе ?!

Теледидар көруіңді,

Интернеттегі шеруіңді

Көтергіш кран жұмысын

Шеге қаға білуіңді.


Аспанда ұшқан ұшақтың,

Нанды кескен пышақтың

Қозғалысын зерделеу

Шабыстағы пырақтың.


Электр шамы жануын

Мұнайды жерден алудың,

Заңдары қандай болады

Ғимараттар салудың.


Жерде жүрудің өзін де

Айдың жақындауын көзіңе,

Айшықтайды қай ғылым

Жүр бала соны сезіне.


Жету үшін табысқа,

Ұшу үшін алысқа

Қатысу керек достарым

Физикалық сайысқа!









1 тур.
1. Кіріспе (Командаларды таныстыру.)
Жүргізуші: қара жәшік туралы айтып береді ол не және не үшін керек екенін. Содан соң оқушыларға берілген сұраққа, есепке, тәжірибеге жауап беру үшін берілген тапсырманың негізіне қара деп кеңес береді.

2. Разминка.

Жүргізушілер командаларға кезекпен Табиғат және табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар қояды. Әр бір жауапқа физикалық құбылыстарға байланысты сұрақ болады. Егер жауап бере алмаса қарсылас команда немесе көрермендер жауап беруіне болады. Ұпай жауап берілгенге қосылады. Көрермендер өз ұпайын таңдаған командаға қосуына болады.

1. Сандыққа нені тыға алмайсың? Жауабы: жарық сәулесі.
Сұрақ: Ақ жарықтың түсі қандай! Жауабы: ақ жарық бірнеше түрлі түсті сәулелерден түрады; қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
2. Барлық теңізге де, барлық тауларға да аю ақырды? Бұл не?

Жауабы: Күннің күркіреуі.
Сұрақ: Алыста найзағай ойнайды. Қандай құбылысты бірінші анықтаймыз: күн күркіреуін естиміз ба әлде найзағай жарқылын көреміз бе:

Жауабы: бірінші найзағай жарқылын көреміз кейін күн күркіреулерін естиміз. Олай болатындығы жарықтың таралу 300 000 км/с, ал дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с.
1. Қайғым жоқ жылаймын. Бұл не ?

Жауабы: Бұлт.
Сұрақ: Не үлкен болады бұлт па әлде бұлттың көлеңкесі ма?

Жауабы: Бұлт жерге конус тәріздес көлеңкесін түсіреді. Сондықтан жердегі көлеңкесі бұлтан айырмашылығы аз.

2. Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. Бұл не?

Жауабы: Мұз

Сұрақ: Мұз қыздырғыш бола ала ма? Жауабы: болады егер мұзбен жанасып тұрған екінші дененің температурасы мұздыкінен төмен болса

1. Аяғы жоқ, қолы жоқ бірақ үйге кіруге асығады. Бұл не?

Жауабы: аяз, жылу
Сұрақ: Суық күндері неге ит бүрісіп ұйықтайды?

Жауабы: Бүрісіп жатқан иттің денесінің бет ауданы аз болады сондықтан ол салқын ауа мен аз жанасып дененің ішкі жылуын сақтайды. Конвекция нашар

2. Жайдары жаздың күнінде

Жанында жатар жантайып

Кетіре алмассың қырсаңда

Шапсаңда қолға балта алып. Бұл не? Жауабы: көлеңке.
Сұрақ: Бір таяқтан ұзындықтары әр түрлі екі көлеңкені қалай алуға болады?
Жауабы : Күн сәулесінің түсу бағытына қарай әр түрлі бұрышпен таяқты көлбете ұстау керек.


1. Жиегі көрінеді, бірақ жете алмайсың. Бұл не?

Жауабы: көкжиек
Сұрақ: Көкжиек санақ денесі бола ала ма?

Жауабы: Жоқ өйткені бақылаушы орын ауыстырғанда ол да бірге ауысады.

2. Не орнынан қозғалмай жүреді? Жауабы: уақыт.

Сұрақ: Әр уақытта уақыт бірдей жылдамдықпен жүре ме?

Жауабы: Жоқ. Оның жүрісі санақ жүйесінің қозғалыс жылдамдығына байланысты.

ІІ тур.


Қара жәшік құпияларын ашайық.. Жәшіктің ішіндегі затты анықтап табу. Кім бірінші жауап береді
Жүргізуші: 1 «қара жәшік»

1. Македонский заманындағы қоңыраулы сағат. Бірнеше жауаптан кейін біреуі (әтеш) деп айтады. Ассистентер қара жәшікті кіргізеді ішінде әтештің суреті болады.

Сұрақ: Астанада түзетіп қойылған маятникті сағатты экваторға немесе полюсқа апарса онда астанадағыдай уақытты көрсете ме?

Жауабы: жоқ өйткені ендіктердегі еркін түсу үдеуі әр түрлі.

2. Жүргізуші. 2 «қара жәшік»

Алыс қашықтықа адам ойын жеткізетін құрылғы: Бұл не?

(Оқушылар өз ойларын айтады: радио, телевизор, телекс, конверт. Жүргізуші дұрыс жауабын айтпай екінші қара жәшікті аш деп айтады. Оқушылардың біреуіне қара жәшік беріледі. Ол ашып ішінен конверт алады, ол конверттің ішінде тағы бір конверт, оның ішінде тағы береу шығады. Жүргізуші оқушыға залда отырғандар ішінен кімге өз ойыңды қашықтықтан жеткізер едің?

Оқушы жолдасын айтады. Жүргізуші екінші конвертті алып жаңағы шыққан оқушыға береді. Оның ішінде жазылған «Мына ұлы адамдарды білесің деп ойлаймын» деген жазу бар. Содан соң үшінші конвертті ашады. Оның ішінде Үш оқымысты физиктердің суреті болады.

Жүргізуші: Сендерге тапсырма: Біреуің атын фамилиясын айтасыңдар. Екіншілерің оның ашқан жаңалығы немесе физиканың қай саласында жұмыс істегенін айтасыңдар.

Мысалы: А. С. Попов. Радионы ойлап тапты.
Жүргізуші: Залға қарап физикалық паузаны жариялайды.

3. Ал енді физикалық пауза . Мұнда қызықты физикалық тәжрибелер қойылады. Тәжірибеге байланысты сұрақты залдағы көрермендер шешіп ұпайын қалаған командаға қосуына болады.
Тәжірибе 1: «Піскен жұмыртқаны бөтелкеге қалай енгізуге болады?». Жүргізуші залға сұрақ қояды «Неліктен?»

Жүргізуші: Ал енді тағы бір тәжірибені көрейік.

Тәжірибе 2:

Қырлы 250грамдық стаканның үстіне жұқа фанер қойып, оның үстіне 10 кг-дық жүкиті қойып, жүкті балғамен қатты ұрады. Стакан не себепті сынбайды.

Балға мен жүкті ұрған кезде жүк жылдамдамдығын тез өзгерте алмайды сондықтан соққының барлын дене жұтады.




Жүргізуші: Бұл кім?

1 команда

І сұрақ

1. 4 ғасырда өмір сүрген, Платонның оқушысы, Александр Македонскидің тәрбиешісі, философия, астрономия, механика, оптика ғылымына еңбегі сіңген.

2. Ол адамды ең бірінші ұстаз деп атайды.

(Аристотель)

ІІ сұрақ

1. Формуласы күрделі

Есептеп жылу мөлшерін

Ойлаптапқан ғалымға

Берген бірлік өлшемін

  1. Жұмыс энергия өлшем бірліктері да онымен өлшенеді.

(Джоуль)

2 команда

І сұрақ

1. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжрибе жүзінде дәлелдеген.

(Г.С. Ом)

2. Кедергінің өлшем бірлігін құрметіне қойған.

ІІ сұрақ.

1. Ток күшінің өлшемі Ағып өткен мөлшері

Физикалық шаманың

Ғалым атына теңшеді

2. Ток күшін өлшейтін құралдың атында оның фамилиясы бар.

(Ампер)

ІІІ тур.

4. Ойын: «Көлік және техника» атты тақырыбына жұмбақ шешу.

Бұл ойынның мақсаты келесі қара жәшіктің құпиясына жетелеу. әр бір жауабына разминкадағыдай 1-2 физикалық сұрақ қойылады.

Жүргізуші: 1 команда

Жейтінім көмір ішетінім су

Тойғаннан соң тезірек жүгіру

Міндетім 100 доңғалақты арбаны

өзіммен бірге күнде тасу. Бұл не? Паровоз или поезд


Сұрақ қояды. Рельспен шпал арасына неге жалпақ темір салынады?

Жауабы: Қысым күші үлкен ауданға жайылып шпал деформациясы аз болуы үшін.

Паровоз қозғалтқөышының жұмыстық денесі не болып саналады?

Жауабы: бу
Жүргізуші : 2 команда

Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты

(Самолет.)
Сұрақ: Самолетқа қалай көтерілу жеңіл болады егер бағыты желмен бағыттас болса немесе желге қарсы болса?

Жауабы: самолет көтерілгенде ұтысы ауаға қатысты жылдамдығымен анықталады. Желмен бағыттас көтерілгендеұшақтың жерге қатыстыминус желдің жылдамдығы болады. Желге қарсы болсғанда жылдамдықтаро қосылады

Жүргізуші: Самолет винті не үшін қажет?.

Жауабы: Ол ауаны сорып артына қарай лақтырады. Сөйтіп жартылай тарту күшін тудырады. Қанаттарына ауаны үрлеп көтергіш күшті тудырады.

Жүргізуші: 1 команда

Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді:
Бар жолмен жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр.
(Автобус.)
Сұрақ: автобус қай жағдайда көп жанармай шығындайды аялдамаларға тоқтап жүрсе немесе тоқтамай жүрсе?

Жауабы: Көп шығындалады егер тоқтап жүрсе. Тоқтаған кезде көліктің кинетикалық энергиясы дөңгелектерінің ішікі энергиясына айналады. Ендеше қайтадан сондай жылдамдықты алу үшін автомобильге қосымша энергия жұмсау керек.
Жүргізуші
: автомобиль тауға жақындап келеді. Жүргізуші автомобиль жылдамдығын ақырындату керек пе немесе арттыру керек пе?

Жауабы; ақырындау керек. өйткені мотордың қуаты жылдамдығы аз болғанда тарту күші арта түседі.
Жүргізуші: 2 команда

Екі аяқты бір басты

Жүгіреді тым қатты (Велосипед.)
Cұрақ: Велосипед қозғалып келе жатқанда жел үрлейтін штуцерінің траекториясы қандай болады?

Жауабы: циклоида қисықсызықты
6. Қара жәшік құпияларын ашуын жалғастырайық. 3— 5.

Жүргізуші: 1 команда

Мынадай сұрақ қояйын : Дүние жүзінде ең көп тараған сұйық. (Су)

Қара жәшіктен көмір алып шығамыз

Сұрақ:

Неге көмірге су құйып жағады?
Жауабы: Өйткені ұсақ көмірді сулап жаққанда ол пісіп қабыршақпен қапталып шашылмай тұтас жанады.


1 тапсырма адамның ең бірінші көлігін атаңдар: Ассистенттер 3-ші қара жәшікті еңгізеді. Ішінде колясканың суреті бар.

Сұрақ: велосипед ресорларында қандай күштер туындайды және оның қызметі қандай? Жауабы: Серпімділік күштер. Рессорлар серіпімді серіппелерден тұрады.ойлы қырлы жолдарда деформация нәтижесінде жайлап жүруіне әсер етеді.

7. Сергіту сәті. Координацияға жаттығулар және физикалық тәжірибелер.

а) Май шам отының жалынын воронка арқылы сөндіру. Неліктен шамның сөнбейтінін түсіндіру.

б) Шарикті қолға ұстамай калориметр ішіне қалай енгізуге болатын тәсілдерін көрсет.(жауабы: калориметрді тез айналдырып көтеру, тез қозғалтып стол шетінен тосып алу, шарикті үрлеп енгізу)

в) Екі стаканның біреуінің ішіне майшам жағып ортасына суланған газет салып екінші стаканды әкеліп беттестіріп май шам өшкен соң үстінгі стаканды көтергенде астыңғы стакан жабысып қоса көтеріледі неге?

(атмосфералық қысым )
Жүргізуші. Лезде фотосын көруге болатын құралды ата (онлайн камера) біраз жауаптардан соң ассистент 4-ші қара жәшікті енгізеді оның ішінде айна жатады. Шебер-суретші

4 тур.

9. Қара жәшік құпияларының ашылуын жалғастырамыз.
Жүргізуші: Мынадай сұрағым бар. Футбол добын ауыстырушы. (яғни доп болмағанда немен алмастырамыз) Бұл не? Жауаптарын естігеннен соң 5-ші жәшіктен консерв банкасын алады.

Сұрақ: Банканың түбінде және үстіңгі қақпағында концентрлі басылған щеңберлер бар. Олардың қызметі қандай?

Жауабы: оларды гофрлар деп атайды. Жылы жерде тұрғанда немесе салқынға шығарғанда ішіндегі заттың көлемі ұлғайып немесе кішіреюі мүмкін.Сондықтан гофрлар созылып немесе сығылады.

Жүргізуші: Келесі сұрағым мынадай 6-ші жәшіктің ішінде «өздігінен ойлана алатын» машина бар. Бұл не?

Бірнеше жауаптардан кейін жүргізуші жәшіктен микрокалькуляторды алып жауабын айтқан оқушыға береді.

Эксперименттік тапсырмалар

Жүргізуші: 1 команда сұрақ.

Денеге әсер етуші күшті анықтайтын құрал. (динамометр)


Жоқ өзінде баста, қаста, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)

Осы құралдарды қолдана отырып білеушенің тығыздығын табыңдар

Жүргізуші: 2 командаға

Өзі затты құрайды

Теңесуге таразыны сұрайды.

(масса)

Тапсырма: Бір маржанның массасын анықтаңдар.


Жүргізуші. Ал енді біздің кешіміздің ең қызығы орысша айтқандай изюминаксы қанеки кім келіп жәшікті ашады? Бір оқушы шығып ашады оның ішінде тағы біреуі бар оның ішінде тарелкада жүзім жатады. Оны жүргізуші айтпасын деп ескертеді. Солай тағы кім көргісі келеді деп шақырады ешкім айтпасын деп ескертіп соңында өзі алып шығады.



Жүргізуші: Міне осы кештің жүзімі осы . Енді соңғы бір сұрағым бар жүзімге түскен күн сәулесінің энергиясы қайда жоғалды?

(Жауабы: ылғалдылығын кептіруге және биологиялық процестердің жүруіне)

10. Қортынды сөз Әділ қазылар алқасына беріледі.



Жүргізуші: Тұрсынов Даулет

Ассистентер: Қайркенов Жанбота

Дауенов Ардақ

Сапаров Алдияр

Тәжрибе қоятындар: Кабиев Жарасқан

Сақтағанов Тамерлан

Зал безендірушілер: Бөкентай Толқын

Каримова Б.

Трумуратова С.

Сыздыкова Н

Саримсакова Э.

Сартай А.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!