Материалдар / Қара жорға биі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қара жорға биі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қара жорға биі жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2020
1152
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қара жорға биі

Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі.

Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са­лу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұ­ның бәрi би арқылы орындалады. Iшпек, тоқым-ер са­лып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көр­сетедi. Ат ерт­телiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас би­шiлер болса, олар да биге қосы­лып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.

Қара жорға биi сонымен бiрге малшы қазақ жаз жайлауға шығып, қымыз бен бағлан етiне тойынған шағында кәдiмгi ат үстiнде билейтiн, бүгiнгi акробаттарша өнер сайысына тү­сетiн ойын-тамашаның гүлiне айналатын.

Қара жорға биiнiң шығу тарихы тым ерте заманға мең­зейдi. Ежелгi Ғұн, Үйсiн, Қаң­лы, Найман-Керей хандықтары тұсында атты әскерлер ұзақ жорықтарда жүргенде үзiлiс­терде алқа-қотан тұра қалып, жаппай би билейтiнi, ол бидiң “Жылқы биi” (“Ма у) деп аталатыны жөнiнде ертедегi қытай жазбаларында сақтал­ған.

Қара жорға биiн тек қа­зақтар ғана билемейдi. Оны өз әуендерiмен, өз аспаптарында моңғол малшылары да билейдi. Қазақтың “Қара жорғасына” ұқсайтын қимыл-қозғалыстары да бар. Тұтастай алғанда, “Қара жорға” биi – қазақтар мен моңғолдарға ортақ өнер деп қараудан қашқақтаудың еш жөнi жоқ.

Қара жорға биiн Қазақстанға алғаш әкелiп таныстырған Арыстан ақсақал былай деп едi: Қара жорға – ұлтымыздың таза болмысын бейне­лейтiн төл өнерiмiз. Оны балет, не болмаса Еуропаның басқа билерiмен салыстыруға, немесе оларға елiктеуге әсте болмайды. Ол секiрiп, шоршып жү­рiп секеңдеп билейтiн жеңiл, дарақы би емес. Аты айтып тұрғандай, қазақтың қоңыр табиғатына бейiм өз өмiрiнiң айнасы, сондықтан да келсiн-келмесiн бұзып билеу­шiлерге еш келiспеймiн. Тiптi бұзғысы келiп бара жатса Қара жор­ғада несi бар? Басқа би жасап, секiрiп ырши берсiн. Ал және де айтарым, оны ән тү­рiнде емес, би түрiнде қабылдауымыз керек. Қара жорға биi халықтың қара жорғаға арнап шығарған күйi негiзiнде қалыптасқан”.



«Қара жорға» немесе буын биінің, халқымыз бен қайта табысқанына көп уақыт болған жоқ.Алайда,бугінгі ұрпақ енді ғана қызыға қабылдап жатқан бұл би ежелден-ақ емдік құралы болған екен. Бүгінп күні де «қара жорғаның» денсаулыққа пайдалылығы айқын болып отыр. Бақсылар өздеріне біткен тылсым кұшпен ғана адам емдемеген. Жалпы, бақсылықтың екі турі бар. Бірі -диуаналық, екіншісі - наукастарды бимен, домбырамен емдеу.Осы екінші түрінде, бақсылардың «жынын» домбырада ойналатын белгілі бір күймен шақырады екен. Ол адам естісе тұра алмайтын, «Қаражорға» деп аталатын күй екен. Яғни, бақсы күйді тыңдағанда, оның бойындағы «жыны» қозып, билей бастаған. Сөйтіп, бойындағы «жын» науқастың жан дүниесіне еніп, қай жерінің ауырып тұрғанын иесіне сездіретін болса керек. Бір кызығы, оның күдіреттілігі сол «Каражорғадан» өзге бірде-бір күй бақсының «жынын» қоздыра алмаған. Сондықтан, бұл би алғашында «Бақсы биі» деп аталыпты. Бақсылар ауруы асқынған жанға ғана «жынын» шақырған. «Қара жорға» күйі шертіле басталғаннан-ақ олар «басқа адамға айналып», тұла бойында кенеттен жойқын күш пайда болып, көкке «ұшып», темір жалайды, пышақты өздеріне ұрады. Жалпы, салауатты өмір салтын сақтай білетін кез-келген адам өз денсаулығы үшін спортпен, иогамен және тағы баскаларымен айналысатынындай, бұл биді билеу де адам денсаулығына аса пайдалы. Өйткені «Қаражорға»-буын биін билеген кезде, саусактың ұшынан бастап, қақ төбе, кара бакайдағы буындардың барлығы да кимылдайды. Бұл өз кезегінде буынды ширатып, денені сергітуге үлкен ықпал етеді. Ал, қозғалыс кезінде бөлінетін бақыт эндорфині жаныңызға да, тәніңізге де қуат береді.Ендеше, күніне 4-5 минуттық «Қаражорға», сіз үшін нағыз дене шынықтыру сабағына айналмак. Деніміздің сау болуы үшін спортпен шүғылданумен қатар, «кара жорға» биін де билеп тұру пайдалы екен.











М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Реферат



Пән:Ырғақ

Тақырыбы:Қара жорға биі



Орындаған:32 топ студенті Нурмухаметова А.Б

Тексерген:Гүлия Сағидолаевна











2019ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!