Қара шаңырақ ҚазҰУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қара шаңырақ ҚазҰУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғаммен байланыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қара шаңырақ ҚазҰУ


Студенттік кезең әр адам үшін тәжірибеге толы ең керемет уақыт.Біліміңді университет қабырғасында жалғастыру жас түлектердің арманы.Біз мектепте жүргенде,мектепті бітіргенше алдымызда үлкен уайым тұрады.Білімді ары қарай жалғастыру үшін Ұлттық біріңғай тестті тапсырып,білім гранттары үшін конкурсқа қатысуға асығамыз.Барлығы өзі армандайтын мамандығына,оқу орынына түскісі келеді.Ата-ананың үмітін ақтауымыз керек.Алдымызда үлкен жауапкершілікте тұратыны рас.Бірақ студент болу керек деп кез-келген мамандыққа оқуға түсе салуға немесе өзіңе ұнамайтын мекемеге  баруға болмайды.

  Ұлттық біріңғай тестілеуден кейін алдымызда тұратын үлкен жұмыс ол дұрыс таңдау жасау.Мен де,де сондай жауапкершілік тұрды.Бірақ менің өзімнің кішкентай кезімнен қалаған мамандығым мен университетім болды.Маған таңдау жасау қиындық туғызбады.Себебі мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түсуді 6 сыныптан бастап армандадым. Алматының қиындығы мен қызығын қара шаңырақ ҚазҰУда өткізу әр студент үшін мақтаныш екені рас.Өйткені ҚазҰУ студенттік шақ үшін ең керемет орын.

Мен қазір 1 курс студенті болсамда түрлі іс-шараларға қатысып,өз мамандығым бойынша тәжірибе алмасып,көптеген белгілі тұлғалармен таныстым.ҚазҰУ ол мүмкіндіктер мекені.Қысқа уақыт аралығында Алматы әкімімен және министермен таныстым.Ол кісілердің жабық өткізілетін марапаттау рәсіміне қатысып,Асқар Кеменгелұлының қолын алып онымен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болдым.Одан бөлек түрлі іс-шараларға қатысып филология факультетінде поэзия оқып, профессорлардың көзіне түстім.Сонымен қатар “Заман” театрына мүше болып, актер,актрисалармен таныстым.ҚазҰУдың активистикасының арқасында “Qazaqsha  терапия” театрының директоры Мұрат Есжанмен студенттерге кездесу ұйымдастырып,ол кісінің өзімен жеке жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткіздім.Одан бөлек танымал блогерлер мен әнші,актер актрисалармен кездесуге қатысып түрлі кейстар алдым..Менің таңдауымның дұрыс болғандығына еш күмәнім жоқ.Журналистика факультетіне оқуға түскелі ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұстаздарының арқасында және студентерге мүмкіндік беріп қойған қара шаңырағыма айтар алғысым шексіз.

 Жас түлектер үшін дұрыс шешім қабылдау маңызды болмақ.Студенттік кезең қайтып келмейтін шақ.Барынша тәжірибе алып,өз мүмкіндіктерімізді аша білуіміз керек.Қазақстанның дамуы жастардың қолында.Жастар осындай талапшыл,білім құмар болса біздің еліміз дамиды.Болашақ біздің қолымызда.


                                                              Орындаған:Алпысбай Айгерім

  Жетекші:Жетпісбаева М.С., аға оқытушы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2024
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі