Материалдар / Қараман ата жерасты мешіті-Машырық қажы туралы зерттеу әдістемесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қараман ата жерасты мешіті-Машырық қажы туралы зерттеу әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге,оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
459
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біз НОО-17 тобы ДЮСЕНБАЕВА ЖАНБИБИ апаймен «Қараман ата жер асты мешітіне» саяхат сабақ жасадық. Онда жерасты мешітін көзбен көріп, сәулет өнерінің ғажайып туындысы, сонымен қатар қасиетті жер екендігіне көзіміз жетті. Қараман ата әулиесіне барған кезде Қыз әулие, Бала әулие мен «ҮШ ана» бейіті сынды өзге әулиелермен де таныстық. Маған ерекше ұнағаны «ҮШ ана» бейіті болды . Бұл бейітте үш түрлі ұлттың анасы жерленген екен. Олар: қазақ, түркімен, орыс ұлттары. Ертеректе үш ұлттың арасында едәуір дау-жанжал туындап отырған. Оны шешу оңайға соқпаған. Ата-бабаларымыз өз заманында дауды шешу үшін ырым-тиымдарға сүйенген. Осы ұлттарды бітімгерлікке шақыру мақсатында үш ұлттың анасын бірге жерлеген. Соның нәтижесінде қазір осы үш ұлт тату-тәтті, бірлікте өмір сүруде. Қазақстанда қазіргі таңда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.

Біз бұл ақпараттың барлығын Жанбибі апайымыздан және сол жерде шырақшыдан сұрап зерттеп білдік. Мен шын мәнінде бұрын мұндай жерлердің бар екенін білмедім, саяхат сабаққа шығып зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы білдім . Жанбибі апайымызға көп рахмет! Бұл уақытта өтілген сабақ маған қатты ұнады.

Shape1

IMG-20191129-WA0503.jpg

IMG-20191129-WA0184.jpg

IMG-20200410-WA0243.jpg


Біз ноо-17 тобы Дюсенбаева Жанбибі апаймен тәжірибе кезінде әртүрлі саяхат сабақтар мен табиғат аясында сабақтар өттік. Солардың ішінде өзіме қатты ұнағандары «Колледж ауласына ағаштар отырғызғанымыз» екіншісі Ақшұқыр ауылындағы «Машырық қажы мен Қошқар ата қорымы».


Біз жаратылыстану сабағында жерді көгалдандыру, ағаш отырғызу табиғатты аялау, қорғау тақырыбын өтіп қорғаған болатынбыз. Сол күні колледж ауласына ағаштар отырғызып әртүрлі қызықты мәліметтер алған болатынбыз. Сонымен қатар апаймыздың Колледжге 60-тан аса ағашты өзінің әкеліп отырғызғанын білдік. Мұғалім болған кезде оқушыларға осындай сабақтарды өткізуге кеңес берді.


IMG-20191004-WA0119.jpg

IMG-20191004-WA0114.jpg



IMG-20200410-WA0229.jpg IMG-20200410-WA0230.jpg



Серікбол Қондыбай атындағы №22 білім беру орта мектебіне бардық. Ол жақта оқушылармен және С.Қондыбаевқа арнап жасалған музейге кірдік.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының маңайында орналасқан, Ақшұқыр елді мекеніне экскурсиялық сабаққа бардық. Ақшұқыр туралы Маңғыстау жерің зерттеуші, өлкетанушы, гоеграф, публицист, этнограф Серікбол Әділбекұлы Қондыбаевтің 13-ші томдығынан дереккөзінен оқып жетекшіміз айтып берді. Біз одан кейін оны өзіміздің көзімізбен көргіміз келіп жетекшімізге ұсыныс тастадық. Жетекшіміз сөзімізді жерге тастамай сол жерге апарым экскурсиялық сабақ өткізді. Бізге өте қатты қызықты болды.Ақшұқыр ауылының тарихи өлке екеніне осы сапар барысында көзім жетті. Оған дәлел — «Қошқар ата» қорымы мен «Машырық қажы» құдығы. Осы тарихи тұлғалардың мұрасын одан әрі зерттеу мақсатында біз топқа бөлініп, зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Ақшұқыр жерінің көркейуіне, дамуына, яғни өркендеуіне үлкен үлес қосқан қайраткерлердің бірі – Машырық қажы болатын. Машырық қажы мұсылман қауымына тән үш қызметті де атқарды. Ол алғаш мектеп ашып балаларды сауаттандырды, сонымен қатар, ауылды көгалдандыру мақсатында бау-бақша салды және су ішкізу үшін құдық қазып, бұлақ көзін ашқан дара тұлға бірі болатын. Машырық қажының мектебі казіргі таңда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға баспана ретінде берілген. Ақшұқыр ауылының алғашқы атауына себепкер болған «Жалғыз ағаш» казіргі үй алдында әлі күнге дейін көгеріп тұр. Бұл ағашты Машырық қажы білім алуға келген балалардың үзіліс кезінде ойын сергітіп, саясында дем алды деген ниетпен отырғызған. Осы жерге ел мекендемес бұрын бір дана ағаш басқа өсіп, көгеріп тұрған өзге де зат болмағандықтан халық ауылды жалғыз ағаш деп атап кеткен. Машырық қажы бақшасына қызанақ, қияр өсірген. Бақша қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. Осы бау-бақшаларды суару және сырта жайылып жүрген жан-жануарларды шөлден сақтау үшін құдық қазған болатын. Машырық қажы құдығы бақша суаруға пайдалануда. Құдық суы тұщы болған деп болжам жасадық . Себебі, құдық жанында көптеген түрлі дәрілік қасиеттері бар өсімдіктер бар.





IMG-20200307-WA0083.jpg























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!