Қарапайым математика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарапайым математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Дайын пішіндерді жапсыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологикалық карта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тобы: «Балдырған тобы: Күні: Білім беру саласы: таным,шығармашылық. Бөлімі: ҚМТҚ. Тақырыбы: Дайын пішіндерді жапсыру. Мақсаты: таңертең(таң)-тәулік бөлігімен таныстыру. Міндеттері:таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер қажетті құрал-жабдықтар:қарындаштар,бағдаршамға арналған жапсырмалар:дөңгелек шамдар (қызыл,сары,жасыл). Сөздік жұмыс:оң жақта,сол жақта. Билингвальді компонент:сол жақта-слева,оң жақта-справа.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық –қозғаушы-лық

Ғажайып сәт:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң достар.

Қайырлы таң балалар.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

-Біз таңертең жаттығу жасаймыз,ал түскі асты...ішеміз.

-Таңғы асты таңертең,алкешкі асты..ішеміз.

-Күн күндіз жарқырап тұрады,ал ай..

-Біз түнде ұйықтаймыз,ал жаттығуды ...жасаймыз.

Тәрбиеші балалардан суреттегі әр уақыт мезгілін атауын сұрайды.

Шаттық шеңберін қимыл-қозғалыспен жасайды.





-Күндіз.


-Кешке.


-Түнде.

-таңертең.

Жауап береді.

Ұйымдас-тырушылық

-ізденістік

«Айырмашылығын тап «ойыны.

Тәрбиеші балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды.

-Балалар,бұлсандықтар бір-біәріне өте ұқсас.

Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма?Айырмашылықты тапқаннан кейін ортадағы тіктөртбұрышқа қанша айырмашылық тапса,сонша шеңбер салу керектігін түсіндіреді.

Балалар суретке мұқият қарайды.

Сандықтардың бір-бірінен айырмашылығын табады.

-Оң жақтағы сандықта құлып жоқ,сол жақтағыда бар.

Ұйымдас-тырушылық

ізденістік

-Кәне, балалар,қандай айырмашылық таптыңдар?


«Апельсин»

Саусақтарымызды жаттықтырамыз.

Бір апельсинді бірнеше бөлікке бөлеміз,

Өйткені біз көппіз.

Бір бөлігі-кірпіге.

Бір бөлігі-қоянға.

Бір бөлігі-үйрекке.

Бір бөлігі-мысыққа.

Бір бөлігі-тышқанға.

Ал қабығы-қасқырға.

«Шамдарды жақ»ойыны.

Тәрбиеші өлең оқып береді.

Бас көшеде қырағы,

Үш көзді дәу тұрады.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп біл үш сөзін.

Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта,баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін,жасқанба.

(Ә.Табылдиев)

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

-Бұл өлең не туралы?

Балалар бағдаршамның суретіне қараңдар.

-Суретте неше бағдаршам бар?

-Оның неше көзі бар екен?

-Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

-Олардың түстері қандай?

Сол жақтағы сандық оюланған,ал оң жақтағы сандықта ою жоқ.Оң жақтағы сандықтың аяғы бар,сол жақтағысында жоқ.

Балалар тақпақтың мәтініне қарай саусақтарын кезек-кезек бүгеді.








Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.






-Бағдаршам туралы.

Балалар суретті қарастырады.

-Бір.

-Көп.

-Шеңберге.

-Әртүрлі.

Ұйымдас-тырушылық

-ізденістік

Тәрбиеші

-Балалар,бағдаршамның көздері сөніп қалыпты.Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.

-Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?

-Онда қиылған дөңгелектерді (сары,қызыл,жасыл)алып,бағдаршамның төменгі көзінен бастап жағамыз.

Балалар жапсырмаларды бағдаршамның көздеріне жапсырады.

-Иә

Балалар бағдаршамның көздерін жапсырады.

Рефлексия-лық -түзетушілік

Тәрбиеші:

-Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?

Тәрбиеші балалардан алдымен солға бұрылып сол жақтағы көршісін,содан соң оңға қарап,оң жақтағы көршісінің атын атауды сұрайды.

Сұрақтарға жауап береді.

-таңертең,күндіз,кеш,

Түн.

Балалар басын алдымен солға бұрып,сол жақтағы көршісін атайды,



Күтілетін нәтиже.

Жасайды: таң,күндіз,кеш,түн-тәулік мезгілдерін;

Түсінеді: қағаз бетінде оң жақты,сол жақты бағдарлауды;

Қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.

















Абай атындағы «Мектеп-бала бақша»кешені КММ











Сыныптан тыс іс-шара

Қарапайым математика

Тақырыбы:Дайын пішіндерді жапсыру











Өткізген: тәрбиеші Оспанова И.К

















2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
818
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі