"Қарапайым математика"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қарапайым математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қарапайым математика"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Таным саласы.

Оқу қызметі түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Сиқырлы ғаламшарлар.(Геометриялық пішіндер)

Мақсаты:Шынайы заттарды геометриялық денелермен салыстыруға үйрету. Бейнелік суреттерден геометриялық пішіндерді көру қабілеттерін жетілдіру. Воскобович әдісінің элементерін пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш туралы білімдерін бекіту. Оригами әдісімен зымыран жасау, қиялдай білу қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, Воскобович әдісі, оригами әдісі, слайд тапсырмалары.

Қажетті көрнекіліктер: видеопроектор, Воскобовичтың «геоконт» элементтері, жер, зымыран, геометриялық пішіндер (дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы).

Билингвалды компонент: дөңгелек- круг, сопақша-овал, тіктөртбұрыш-прямугольник, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник, зымыран-ракета, жер-земля, жұлдыз-звезда, өзгеғаламшарлық – инапланетян, ғарыш – космос.

Іс-әркеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы











Іздену ұйымдастырушы


























































































































Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар жарты шеңбер болып тұрады.

Шаттық шеңбер:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық,

Сәлеметсіздер ме қонақтар!


Жаңа тақырып: Сиқырлы ғаламшарлар. (Геометриялық пішіндер)

-Балалар бізге интернет хабарлама келіп тұр.

Хабарламаны мұқият тыңдайықшы.

Өзге ғаламшарлық: Балалар, бізге көмек керек.. Біздегі пішіндер ғаламшары жойылығалы тұр, Құтқарыңдаршы.. болмаса пішіндер ғаламшары жоғалып кетеді.


-Балалар өзге ғаламшарлықтарға көмек береміз бе?


- Балалар өзге ғаламшарлықтар бізден алыста аспан әлемінде өмір сүреді.

Сондықтан оларды өзге ғаламшарлықтар деп айтамыз.

Ал біздің қай ғаламшарда өмір сүреміз?


-Сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?


-Адамдардың ғарышқа немен ұшатынын білесіңдер ме?


-Жарайсыңдар,


-Балалар бізде бірақ зымыран жоқ.




-Қане, онда пішіндерден зымыранды құрастырып жіберейік.



-Зымыранның бас бөлігі қандай пішіннен құралған?


-Зымыраннан тағы қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар?

-Балалар зымыранды айнала қол ұстасып тұрып, көзімізді жұмып ғарышқа ұшайық.

(зымыранның дауысымен балалар көз жұму арқылы ұшты.)


(Перде ашылып, балалар пішіндер ғаламшарына келді).


Видеоролик;

Өзге ғаламшарлық: -Сәлеметсіңдер ме балалар, қош келдіңіздер!!

Балалар сендер пішіндер ғаламшарын тапсырмалар орындау арқылы құтқара аласыңдар.


Тәрбиеші: Тапсырмаларды орындау үшін геометриялық пішіндерді біздің әлеміміздегі заттармен сәйкестендіру арқылы орындықтарға жайғасамыз.


Өзге ғаламшарлық: Балалар тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Үшбұрыштар ғаламшарының тапсырмасы: (слайд арқылы пішіндерді шынайы заттармен салыстыру)





Өзге ғаламшарлық: жарайсыңдар, балалар.

Келесі шаршы ғаламшарының тапсырмасы.

Тәрбиеші: Воскобович элементі геоконт тақтайшаларына геометриялық пішіндерді және жұлдыз жасаймыз.


Өзге ғаламшарлық: жарайсыңдар, балалар сендер тапсырманы жақсы орындап жатсыңдар, ғаламшарлықтар қуанып, сендерді сергіту ғаламшарына шақырады.


Тәрбиеші: Балалар сендер бойымыз серігіп алсаңдар, келесі тапсырманы

орындау үшін орынымызға жайғасып алып экранға назар аударайық.


Өзге ғаламшарлық: Тіктөрбұрыш ғаламшарының тапсырмасы:


Тәрбиеші: Оригами әдісін қолдана отырып, түрлі түсті қағаздан зымыран жасаймыз. (Слайд арқылы көрсету.)


Өзге ғаламшарлық: Дөңгелек ғаламшарының тапсырмасы:

Венн диаграммасы арқылы зымырандардың айырмашылығын табу.












Өзге ғаламшарлық: Балалар сендердің көмектеріңе рахмет!!

Сендер барлық тапсырманы жақсы орындап, пішіндер ғаламшарын сақтап қалдыңдар.

Келесі кездескенше!


(зымыранның дауысымен балалар көз жұму арқылы балабақшаға оралады).


Тәрбиеші: Балалар көзімізді ашайық, балабақшамыз оралдық.

Сендерге пішіндер ғаламшарына саяхаттаған ұнады ма?


Ойын: «Ыстық доп»

Ыстық доп ойыны арқылы оқу іс-әркетін қорытындылау


Маған да ұнады, өйткені сендер тапсырманы мүлтіксіз орындап шықтыңдар.

Жүректен-жүрекке:

Қонақ жайлық салтымыз.

Оқып біліп жатырмыз,

Ата салтын сақтасаң

Арта берер даңқымыз,

Сау болыңыздар көргенше,

Қайта оралып келгенше.



Балалар жарты шеңбер болып тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын, қимыл арқылы қайталады.








Балалар хабарламаны тыңдады.







Көмектесуге қуана келісті.





Жер ғаламшарында





-ия



-зымыранмен




-апай геометриялық пішіндерден зымыран құрастырып ұшайық.


Балалар зымыранды құрастырады.



Бас бөлігі-үшбұрыш пішіннен құралған.


Шаршы, тіктөрбұрыш



Балалар көзін жұмып ғарыш әлеміне ұшты.







-Сәлеметсіз бе!






Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.




-ия


Балалар слайдтан көрсетілген затты, геометриялық пішіндермен сәйкестендіріп карточкамен көрсетті.





геоконт тақтайшаларына геометриялық пішіндерді және жұлдыз құрастырды.




Серігіп алды.





Балалар орындарына жайғасады.







Түрлі-түсті қағаздан оригами әдісімен зымыран жасады.




Көк түстің ішіне зымыранның айырмашылықтары көрсетілген суреттерді орналастырады. Жасыл түстің ішіне өзге ғаламшардың көлігінің айырмашылықтарын орналастырды. Сары түстің ішіне екеуіндеде бар ұқсастықты орналастырды.















-Ия



Допты қағып алған бала сұраққа жауап берді.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: геометриялық пішіндердің атауын.

Түсінеді: математикалық ұғымдарды ауыз екі сөйлеуді қолдануды.

Қолданады: заттардан геометриялық пішіндерді көруді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі