Қарапайым математикалық түсінік.7 саны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарапайым математикалық түсінік.7 саны

Материал туралы қысқаша түсінік
1. 7 санының пайда болуы, 7 цифрын таныту, 7санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру; 2. Балаларды ойын ойнату арқылы ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, 3. Балаларды тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсінік.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 7 саны

Сабақтың мақсаты: 1. 7 санының пайда болуы, 7 цифрын таныту, 7санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру; 
2. Балаларды ойын ойнату арқылы ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, 
3. Балаларды тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Әдісі: түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекілігі: кеспе сандар, әр түрлі заттар, суреттер, әліппе дәптері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру.


Балалардың назарын сабаққа аудару.

Өткенді қайталау.

  1. 1-ден 6-ға дейін тура және кері санау;

  2. Өтілген сандардың құрамына есептер шығару.

  3. «Орнын тап» ойыны.




1-ден 6-ға дейін тура және кері санайды.

Ойын ойнайды.



Негізгі бөлім.

  1. «Төлдерді қораға кіргізу» ойынын ойнату арқылы, 7 санының пайда

болуын түсіндіру. 
6+1=7 7-1=6

  1. 7 санының цифрымен таныстыру, сан қатарындағы орны.

Жазда шөпті шабар, 
Қыста тыным табар. 

Шалғы бар әр үйде, 
«7» -ге ұқсас бәрі де. 

2

2

2

  1. 7 санының құрамын түсіндіру, тапсырмалар орындату.

а) Дөңгелектер қатарын толықтыр. Өрнектің мәні шатырдағы санмен сәйкес келетіндей тиісті санды жаз.

ә) Әр жіпте қанша моншақ бар екенін сана және оларды сәйкес цифрмен байланыстыр. Моншақтары көп жіпті қорша.


б) Әр жәшікте жеті пішіннен болу керек еді, бірақ олар шашылып қалды. Қасқырға оларды жинауға көмектес. Жетпей тұрған пішінді сәйкес жәшіктермен байланыстыр. Қанша пішін артылып қалғанын сана және қажетті цифрды шеңбер ішіне жаз.

в) Тиінге жаңғақтарды бөліп салуға көмектес.

Дәптермен жұмыс.

7 санының цифрын үзік сызықтарды бастыра жаз. Суретті боя.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Балалар суреттермен жұмыс жасайды. Өрнектер құрастырып жазады.









Санның цифрымен таныстыру.








Әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындайды.







Үлгі бойынша тапсырмаларды орындайды.







Жапсырмадын тиісті жаңғақтарды алып жапсырады.





Суретті бояп 7 санының цифрын жазады.


Қимылмен көрсетеді.

Қорытынды .

«Кімге не тиісті?» ойыны.

Шарты: жемістегі өрнектердің мәнін тауып, қай жануарға қай жеміс тиісті екенін сызып көрсет.

Сұрақ-жауап.

Мадақтау.

Сұрақтарға белсене жауап береді.

Ойын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: 7 санына сәйкес тапсырмаларды орындай білуі керек.

Көрсете білуі: Берілген тапсырманы тиянақты орындайды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2018
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі