Материалдар / Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мен сенсорикадан дидактикалық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мен сенсорикадан дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
664
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қарапайым математикалық түсініктерді

қалыптастыру мен сенсорикадан дидактикалық ойындар





  1. Көп, аз, біреу

  2. Қай жерде қандай пішіндер?

  3. Тыңда, қара, сана

  4. Не өзгерді?

  5. Дорбада қандай пішіндер?

  6. Қандай шарлар көп?

  7. Түрлі-түсті суреттер

  8. Шеңберлермен ойын

  9. Қайсысы артық?

  10. Қайсысы ұзынырақ?

  11. Түсі бойынша жина

  12. Затты тап

  13. Геометриялық лото

  14. Түрлі-түсті шарлар

  15. Заттың пішінін тап

16. Түсті таңдау
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика





1 «Көп, аз, біреу»



Мақсаты: балаларды ойын ережесімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Көп және аз ұғымдарын бекіту.


Көрнекіліктер: бес шар салынған карточка, үш шар салынған карточка, бір шар салынған карточка.


Ойын шарты:

Балалардың әрқайсысына үш шар салынған карточкадан берілген.

Тәрбиеші «көп» дегенде – балалар бес шар салынған карточканы көрсетеді,

«аз» дегенде – үш шар салынған карточка, «біреу» дегенде – бір шар салынған карточканы көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.

























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






2 «Қай жерде қандай пішіндер?»



Мақсаты: балаларға дөңгелек және төртбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажыратып, атай білуге үйрету. Түр-түстерін, пішіндерге ұқсас заттарды ажырата білуге үйрете отырып, балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.


Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үлкен, кіші доптар, кубиктер, шар және үлестірмелі материал


Ойын шарты:

Әрбір жерге геометриялық пішіндер қойылады, түрлері әр түрлі әр балаға геометриялық пішіндер таратылады. Сол бойынша бала қолындағы пішінге ұқсас геометриялық пішінді табуы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика








3 «Тыңда, қара, сана»


Мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту. Ойын кезінде бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: әр түрлі ойыншықтар, гүлдер, көбелектер.


Ойын шарты:

Балалар шеңбер бойында дөңгелене тұрады. Жерде гүлдер жатады. Тәрбиеші таяғының ұшын қай балаға қаратса, сол бала көбелек болып ұшады да, тәрбиеші 1-2-3 деп қол соққанда балалар гүлдерге барып қонады.

Енді мына үстелдегі ойыншықтарға қарайық. Неше балапан, неше тауық бар екенін санайық: тауық біреу, балапандар көп. Ойын осылай жалғасады.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика







4 «Не өзгерді?»


Мақсаты: балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.


Көрнекіліктер: үшбұрыш, шеңбер, шаршы


Ойын шарты:

Үстел үстінде шеңбер, үшбұрыш, шаршы жатады. Тәрбиеші балаларға пішіндерді анықтап қарап, оларды есте сақтау керектігін айтады. Содан кейін балалар көздерін жұмады, сол уақытта тәрбиеші бір пішінді алып тастайды. Көздерін ашқанда, балалар не өзгергенін айтады. Ойын бірнеше рет қайталанады.























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика








5 «Дорбада қандай пішіндер?»



Мақсаты: балаларға ойын арқылы пішіндердің түр-түстерін ажырата білуге үйрету және көп, аз деген ұғымдарды меңгерту.


Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер


Ойын шарты:

Тәрбиеші дорбаға әр түрлі пішіндерді алдын ала салып қояды. Балаларды кезекпен шақырып, дорбадан пішіндерді алғызады.

-Мынау қандай пішін?

-Үшбұрыш

-Түсі қандай?

-Түсі қызыл

Осылай дорбада пішіндер біткенше ойын жалғаса береді.





















Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика







6 «Қандай шарлар көп?»


Мақсаты: әр түрлі түстерді топтастыруға үйрете отырып, балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Түстерді ажырата алуға үйрету.


Көрнекіліктер: екі сары, бес қызыл, үш жасыл шарлар


Ойын шарты:

Үстел үстінде түрлі-түсті шарлар жатыр.

-Қандай шарлар көп?

-Қызыл шарлар көп

-Олар қандай геометриялық пішінге жатады?

-Олар дөңгелек

Ойын осылай әрі қарай жалғаса береді.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






7 «Түрлі-түсті суреттер»



Мақсаты: балаларды ойын ережесімен таныстыру, түстері бойынша алмастыратын заттарды таңдауға үйрету арқылы қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Көрнекіліктер: екі түсті төрт карточка (карточканың бір жағы бір түсті, екінші жағы басқа: қызыл және жасыл, жасыл және сары, көк және сары), төрт түрлі-түсті суреттер, онда қызыл шие жасыл жапырақтарымен, бақ-бақ гүлі, доп, гүл салынған.


Ойын шарты:

Тәрбиеші балаларға лото ойынын ойнатады. Карточкаларды таратып беріп, оған анықтап қарауларын сұрайды және де қазір оларға түрлі-түсті суреттер көрсететінін айтады. Кімде суреттегі түстер карточкадағы суреттермен сәйкес келсе, сол бала жеңеді. Ойын осылайша жалғаса береді.






















Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






8 «Шеңберлермен ойын»



Мақсаты: шеңберлермен жұмыс істеуді үйрену, балалардың зейінін жетілдіру. Ойын арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.Үлкен, кішкентай деген ұғымдарды үйрену.


Көрнекіліктер: әр түрлі пішінді шеңберлер


Ойын шарты:

Тәрбиеші балаларға шеңберлерді көрсетіп, олардың көлемін анықтайды, балаларға таратып береді. Балалар қандай шеңбер алғандарын айтады. Үлкен шеңбер алғандар – сол жаққа, кіші шеңбер алғандар – оң жаққа тұрады.

Үлкен шеңберді – үлкен қорапшаға, кішкентай шеңберді - кішкентай қорапшаға салу керек.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






9 «Қайсысы артық?»


Мақсаты: балаларды заттардың ішінен артығын, яғни басқа заттарға қатысы жоқ затты ажыратуға үйрету және ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.


Көрнекіліктер: бокал, тарелке, үстел, гүл


Ойын шарты:

Тәрбиеші балаларға көптеген суреттерді көрсетіп, қайсысы артық және неге екенін сұрайды. Олар артық деген затты неге бұл зат, басқа зат неге артық емес екенін айтады.

Мысалы, заттарды көрсетіп, бала гүлді артық деп, оны түсіндіреді. Мына суреттегі барлық заттар ыдыс-аяқтар, ал гүл – ол ыдыс емес. Егер де бала жауап беруге қиналғанда, оған басқа балалар немесе тәрбиеші көмектеседі.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика








10 «Қайсысы ұзынырақ?»



Мақсаты: балаларды ойын ережесімен таныстыру. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру. Ұзын-қысқа деген ұғымдарды үйрету.


Көрнекіліктер: шалбардың және шортыдың суреттері, көйлек және юбканың суреттері


Ойын шарты:

Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші ортада тұрып, балалардың біреуіне доп беру арқылы сұрақ қояды.

-Етік ұзын, ал ботинка?

-Қысқа

Допты тәрбиешіге қайтарып береді.

-Шорты қысқа, ал шалбар (ұзын)

-Көйлек ұзын, юбка (қысқа)





















Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






11 «Түсі бойынша жина»


Мақсаты: түстерді ажырата білуге, оларды таңдап алу, бөлшектерден тұтасты құрастыру іскерліктерін дамыту және ойын арқылы балалардың көңілдерін көтеру.


Көрнекіліктер: геометриялық бөлшектер: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер


Ойын шарты:

Тәрбиеші балаларға әр түрлі геометриялық бөлшектерді көрсетіп, олардың түсі бойынша ажыратып жинауды сұрайды.





























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






12 «Затты тап»



Мақсаты: геометриялық пішіндердің атауын есте сақтау, заттардың қасиеттерін анықтауға үйрену, оның кеңістікте орналасуын анықтай білу.


Көрнекіліктер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш


Ойын шарты:

Әрбір балада бір-бір пішіннен бар. Тәрбиеші балаларға бөлмелерге бөлініп, осы пішінге ұқсас ойыншық немесе басқа да зат тауып әкелу керек деген тапсырма береді. Тауып алғаннан кейін бала ол затты немесе ойыншықты неге әкелгенін айтады.

























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика




13 «Геометриялық лото»



Мақсаты: заттарды пішіні бойынша топтастыруға үйрету. Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру.


Көрнекіліктер: карточкалар, карталар


Ойын шарты:

Тәрбиеші балаларға карталарды үлестіріп береді және қапшықтан бір-бірлеп карточкаларды шығарып көрсетеді. Бұл карточка кімге керек болса, сол бала қолын созады. Барлық балалар өздерінің карточкаларының бос орындарын толтырып болмағанға дейін ойын осылай жалғаса береді.


























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика







14 «Түрлі-түсті шарлар»



Мақсаты: балаларды ойын ережесімен таныстыра отырып, балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, түстерді дұрыс ажырата білуге үйрету.


Көрнекіліктер: үш жасыл шар, үш қызыл шар


Ойын шарты:

Тәрбиеші бір қатарға үш жасыл шар тізіп қояды. Балалар сонша қызыл шар тізіп қоюлары керектігін айтады. Шарларды жұптарымен қою арқылы (жасыл, қызыл) шарлармен тең екеніне көз жеткізеді. Тәрбиеші жасыл шардың аралығын өзгерту арқылы шарлардың орнын өзгертеді. Әрбір өзгертуден кейін тәрбиеші балалардан: жасыл шарлар көп пе, әлде қызыл шарлар көп пе? – деп сұрап отырады.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика








15 «Заттың пішінін тап»


Мақсаты: заттарды көлемі бойынша салыстыруға үйрету. Оларды ажырата білуге және аттарын атап беруге үйрету.


Көрнекіліктер: шеңбер, шаршы, үшбұрыш


Ойын шарты:

Әрбір балада геометриялық пішіндер: шеңбер, шаршы, үшбұрыш бар. Тәрбиеші кішкентай шеңберді көрсеткенде, сондай пішіні бар бала кішкентай шеңберді өзіне алады. Тәрбиеші басқа кішкентай пішінді көрсеткенде, сондай пішіні бар бала кішкентай пішінді өзіне алады. Ойын осылайша жалғаса береді.
























Қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру

мен сенсорика






16 «Түсті таңдау»



Мақсаты: балаларға негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) ажырата білуге үйрету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру.


Көрнекіліктер: әр түрлі геометриялық пішіндер, бояулар


Ойын шарты:

Бүгін бізге әр түрлі бояулар қонаққа келіп қалыпты.

-Мынау қандай бояу?

-Сары бояу

-Ал мынау ше?

-Ол қызыл бояу

Осы боялар арқылы қазір біз геометриялық пішіндерді салып көрейік. Мына пішіннің түрі қандай?

-Ал мынау ше?

Осы топта ұқсас заттар бар ма?

Ойын осылай жалғаса береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!