Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын әдістердің өзіндік ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын әдістердің өзіндік ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі, математика пәнінің оқытушысы
Аннотация
В данной статье написано специфические особенности методов, используемых при формировании элементарных математических представлений.
Annotation
This article describes the specific features of the methods used in the formation of elementary mathematical representations.
Жас баланы сан ұғымымен алғаш таныстырып отырған тәрбиеші үшін бұл ұғымның дамуының ұзақ жолын білу тек қызықты ғана емес, ол қажетте. Ал бұл, осы ұғымды игеруде балалардың қандай қиыншылықтарды жеңуге тура келетінін тәрбиешінің түсінуіне көмек береді. Біздің өте ертеде ата – бабаларымыз сандарды білмеген. Қай халықта алғашқы математикалық түсініктердің қай уақытта пайда болғаны белгісіз. Бірақ санау және әртүрлі жиындарды салыстыру қоғам дамуының бастапқы кездерінен-ақ қажет болды. Әр халық қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында өз әдістерін жасап отырған. Мыңдаған жылдарға созылған тәжірибе негізінде адамдар белгілі бір тұжырымдар жасай отырып, оларда ұғымдар қалыптасқан. Сол қалыптасқан ұғымдарды адамзат меңгере бастады. Өздерінің тіршілігі үшін керекті жиындарды іс жүзінде айыра алатын болған. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың бірден-бір әдісі сан ұғымын қалыптастыру арқылы оны санау мен игеру болып табылады. Соның бірі – қолмен санау әдісін атап өтуге болады. Қоғамның дамуына байланысты адамның жиынтықтарды қабылдап қана қоймай, оларды жасап отыруына тура келген. Осы қажеттіліктің әсерінен қолмен санау деп аталатын әдіс пайда болған. Кез келген жиынтықтың элементтерін адам қолы мен аяғының саусақтарымен, тіпті кейбір дене мүшелерімен сәйкестейтін болған. Мысалыға, этнографтардың жазуынша, полинезиялықтар қол-аяғының саусақтарымен қоса, денесінің басқа мүшелерін белгілі бір тәртіппен пайдаланған екен. Санауды сол қолының шынашағынан бастап, білегіне, шынтағына, иығына қарай жылжытып жалғастырып отырған. Ежелгі заманда қандай оқыту әдістерін пайдаланғаны дәл анық емес, алайда ол кездегі әдістер дәлелсіз болды деген жорамалдың негізі бар. Мысалы, египеттіктердің қолжазбаларында «мұны былай істе» немесе «қалай қабылданған болса, солай істе» деген нұсқаулар бар. Ежелгі Индия қолжазбаларында да осыған ұқсас ұсыныстар беріледі. Россияда 18-19 ғасырларда математиканы қалай оқытты және математиканы оқыту әдістері туралы кейбір түсініктерді біз Леонтий Филиппович Магницкийдің 1703 жылы жазылып, тұңғыш басылып шыққан орыс «Арифметикасын» алып қарасақ болады. Бұл кітап отандық математиканың даму дәуірін жасады. Л.Ф.Магницкий математикалық білімі жағынан да, өз білімі жағынан да Россияда Петрдің кезіндегі көрнекті адамдардың бірі болды. Л.Ф.Магницкий математикаға мынадай анықтама берді: арифметика немесе санау дегеніміз – таза, тәуелсіз және бәріне де түсінуге қолайлы, көп жағынан пайдалы, әр кезде өмір сүрген математиктер ойлап тауып баян еткен көркемдік өнер. Л.Ф.Магницкийдің «Арифметикасы» 50 жылдан аса оқытылды. Мектептерге де негізгі әдіс жаттау болды. Бастауыш орыс мектептерінде арифметиканы оқытуды жақсарту 19 ғасырдың екінші жартысында басталды. Шлегер өзінің «Жеті жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері» атты оқулығында былай дейді: «Балалар бақшасының мақсаты – балаға дайын білімді беріп қана қою емес, оның бойында бұл білімді қоршаған өмірден өзі ала білу қабілетін дамыту».
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі – математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми оқыту саласы болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Мектепке дейінгі балаларға әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдалану оларды ұйымдастыру түрлері негізгі мақсат болып табылады.
Сонымен мектепке дейінгі мекемеде балаларға алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылуы керек. Қоғамымыздағы өзгерістер де қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді. Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы қарапайым математикалық ұғымдарға баулу сабақ барысында жүзеге асырылады. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер туралы мағлұматтарды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына сіңдіруге болады. Балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру және алған дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйрету мәселелері оқу мен тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып, үнемі оны жетілдіру жолдарын іздестіру қажет. Жалпы алғанда бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын артыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Балалар элементар математикалық білім саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге, жинақтаған білімдерін жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
-
«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі құралы» Әбілдаев А.Қ., Қабылов Э.Қ., Орлова Л.И.
-
«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» Сарыбекова К.Н., Тараз, 2011ж.
-
«Болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру жұмысына дайындау» Нұғысова А., Алматы, 2002ж.
-
«Отбасы және балабақша» журналы №4, 2009ж.