Материалдар / Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Таным» білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 56.Мақсаты заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау; 2)қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз-қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
548
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні бойынша әр жас топқа үлгілік оқу бағдарламасы

Бірінші кіші топ

(2 жастан 3 жасқа дейін)

7-параграф. «Таным» білім беру саласы

55.«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

56.Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.

57.Міндеттері:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- түрлі сенсорлық əсерлермен байыту;

- қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;

- табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тəрбиелеу;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету.

8-параграф. I Жартыжылдық

58.Сенсорика

1)заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

2)қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз-қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Біліктерді жетілдіру:

1)көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

2)түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, əртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады жəне іріктейді.

Күтілетін нəтижелер:

- үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;

- қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;

- ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;

- түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.

59. Құрастыру

Балаларды үйрету:

1) құрылыс материалдарынан жəне ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;

2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.

Білімдерін қалыптастыру:

1) əртүрлі түстегі жəне пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;

2) материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың əртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта əртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;

3) кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;

4) қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.

Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нəтижелер:

- құрылыс материалдарынан жəне ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;

- заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің,машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;

- құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;

- құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.



9-параграф. ІІ жартыжылдық

61. Сенсорика

Біліктерін:

1) түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруді: бейнелеуде, құрастыруда;

2)берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша əр текті байланыс орната білу іскерлігін бекітуді;

Күтілетін нəтижелер:

-көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;

- заттардың көлемін, түсін жəне пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;

- бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;

- кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген.

62. Құрастыру

Құрылыс материалдарынан жəне ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру.

Біліктерді қалыптастыру:

1) жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел жəне орындық, үстел жəне диван), құрылыстыққасиетін ескере отырып материалды таңдау;

2) құрылыс масштабына сəйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып оларды ойнату жəне тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;

3) балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру.

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: қою, тіреу, басу.

Күтілетін нəтижелер:

- пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады жəне таңдайды;

-құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;

- ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды, тірейді, басады);

- тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды жəне ойыншықтарды қолдана отырып ойнатады.

Екінші кіші топ

(3 жастан 4 жасқа дейін)



7-параграф. «Таным» білім беру саласы

89.«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

90.Мақсаты инновациялық əдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту жəне қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады.

91.Міндеттері:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге жəне олармен ойнауға ынтасын тəрбиелеу;

- көрнекі-қимылдық ойлауды жəне шығармашылық қиялдауды дамыту;

- тірі жəне өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді жəне қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;

- табиғатқа сүйіспеншілікке жəне ұқыпты қарауға баулу.



8-параграф І жартыжылдық

92. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сан. «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

1)біртекті заттардан топтар құрастыру жəне олардың біреуін бөліп көрсету;

2)бөлмедегі заттарды ажырату жəне олардың санын анықтау;

3)заттарды салыстыру;

4)заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру жəне қосу;

5)заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.

Шама. Шама бойынша заттардың əртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

Дағдыларды қалыптастыру:

1)ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы жəне бірдей заттарды салыстыру;

2)биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы жəне бірдей заттарды салыстыру.

Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға жəне атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну жəне көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1)геометриялық пішіндерді тану жəне атау;

2)пішін түрлерін зерттеу.

Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1)өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.

2)өзінің дене бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау жəне атау.

Уақытты бағдарлау

Дағдыларды қалыптастыру:

- тəулік бөліктерін тану жəне атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.

Күтілетін нəтижелер:

- бір затты топтан бөледі жəне топтарға біріктіре алады;

- біртекті заттарды құрастырады жəне бөліп алады;

- заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;

- екі қарама-қарсы жəне бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру жəне тұстастыру арқылы салыстырады;

- геометриялық пішіндерді таниды жəне атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады;

- тəулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды жəне атайды.

93. Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Дағдыларды қалыптастыру:

1) əртүрлі түстегі жəне пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

2) бөлшектерді орналастыру жəне кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта жəне көлденең орналастыру тəсілдерін пайдалану;

3) ірі жəне ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру;

4) көп түсті құрылым құрастыру;

5) үлгі бойынша құрастыру;

6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тəсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.

Күтілетін нəтижелер:

- əртүрлі түстегі жəне пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;

- құрылыс бөліктерін ажыратады жəне атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;

- сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі жəне ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;

- түрлі тəсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді.



9-параграф. ІI жартыжылдық

95. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сан. «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу, бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру жəне тұстастыру тəсілдерін пайдалану.

Шама. Екі қарама-қарсы жəне бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.

Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

Кеңістікті, уақытты бағдарлау

Кеңістікті жəне уақытты бағдарлауға үйрету. Тəуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.

Күтілетін нəтижелер:

- «көп», «бір», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» түсініктерін біледі;

- ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей екі əртүрлі жəне бірдей заттарды салыстыруды біледі;

- салыстыру нəтижесін сөзбен жеткізеді;

- геометриялық пішіндерді біледі;

- кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі;

- оң жəне сол қолдарын ажырата алады.

96. Құрастыру

1) құрылыс материалдарынан құрастыру

2) құрылыс материалының негізгі бөлшектері, олардың бөлшектері туралы білімді қалыптастыру, оларды түсі, шамасы бойынша тану. Сюжеті бойынша біріктіру жəне ойнау арқылы құрылыс салу кезінде шығармашылық қиялды қалыптастыру.

3) қағаздан құрастыру. Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге

үйрету.

Күтілетін нəтижелер:

- құрылыс материалдарының бөліктерін біледі жəне атайды,оларды түрлі тəсілдермен орналастырады;

- түсі жəне көлемі бойынша ажырата алады;

- қарапайым құрылыстарды құрастырады;

- түрлі құрастыру тəсілдерін қолдана отырып қағаз парағын түрлендіреді.



Ортаңғы топ

(4 жастан 5 жасқа дейін)

«Таным» білім беру саласы

132. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

133. Мақсаты математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру болып табылады.

134. Міндеттері:

- сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту;

- жаратылыстану бойынша түсініктерін, тірі жəне өлі табиғат жайлы білімдерін, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру;

- табиғатта өзін ұстай білу ережелерімен жəне қарапайым өзара байланыспен таныстыру;

- тірі жəне өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым- қатынасқа тəрбиелеу;

- эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой - өрістерін кеңейту.



8-параграф. І жартыжылдық



135. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Жиын

1) əртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру;

2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.

Сан, санау

1) 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша жəне аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды тəртібі бойынша атауға жəне қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беругеүйрету. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету;

2) теңдік жəне теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір жəне екі, екі жəне үш жəне төрт, төрт жəне бес;

3) теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тəсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету;

4) 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту. Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу;

5) əртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура жəне кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру.

Шама

Заттар шамасы бойынша əртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) ұзындығы жəне ені бойынша бірдей жəне екі түрлі заттарды салыстыру;

2) биіктігі жəне жуандығы бойынша бірдей жəне екі түрлі заттарды салыстыру;

3) шаманы салыстыруда беттестіру жəне тұстастыру тəсілдерін қолдану.

Геометриялық пішіндер

1) балаларды геометриялық пішіндерді: шеңбер жəне төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату жəне дұрыс атай білуін; пішіндерді көру жəне сипап сезу арқылы іздену, зерттеу қызығушылығын дамыту.

2) дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану жəне атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау жəне атау (бас, аяқтар, қолдар).

Уақытты бағдарлау. Таңертең, күндіз, кеш, түн тəулік бөліктерін ажырату жəне атай білу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нəтижелер:

- 5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды;

- теңдік жəне теңсіздік туралы ұғымдарға ие; шамасы əртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу жəне кему ретімен орналастыра алады;

- геометриялық пішіндерді жəне геометриялық денелерді ажыратады жəне атайды; кеңістікті жəне уақытты бағдарлай алады.

136. Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Дағдыларды қалыптастыру:

1) орналастыру тəсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен жəне кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру;

2) схеманы қолданып, ірі жəне ұсақ құрылыс материалынан құрастыру;

3) үлгі бойынша құрастыру;

4) умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.

Қағаздан құрастыру

Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды жəне тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру

Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу. Конструктор бөлшектерінен құрастыру Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын

қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тəсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.

Күтілетін нəтижелер:

- құрылыс бөлшектерін атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдаланады;

- құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады;

биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстарды өзгертеді;

- бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді;

- қағаздан көлемді пішіндерді жасай алады;

- табиғи материалдардан түрлі заттар дайындайды; конструктордан құрылыс жасайды.



9-параграф. ІІ жартыжылдық



138. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Жиын

1) жиынтық сапасы бойынша əртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру;

2) осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру.

Сан, санау

1) 5-ке дейін тура жəне кері санауды жетілдіру;

2) Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тəсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Топтарды салыстыру негізінде сандық мəндерді дұрыс талдап қорыта

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!