Материалдар / "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
2245
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Жоспар: 

1.Кіріспе:

Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру 

II. Негізгі бөлім

1...Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау

2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс -әрекетіндегі педагогтың құзыреттілігі

III. Қорытынды

1.Кіріспе 

Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру 

бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой-өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.

Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.

Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.

Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.



Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, метепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалап отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.

Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет.Бағдарлама әр түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінің қарым-қатынасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: құрастыру, музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, дене шынықтыру. Негізгі міндет дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бағдарламада Б.Н.Никитинің,В.В.Воскобовичтің ,Овид Декорлидің ,Золтон Дьенештің дамытушы ойындарын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары берілген, бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп септігін тигізеді.

Мақсаты :

Дамытушы ойындарды пайдаланып балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы түсініктерін және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері:

Математикалық ойлауды және шапшаңдықты дамыту;

Жұмбақтарды шешу арқылы бақылау қасиетін дамыту;

Көзбен бақылауды дамыту;

Сызу негіздерімен таныстыру;

Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту.

II. Негізгі бөлім

1...Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау

Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жұмысын ұйымдасытру толыққанды математикалық дамуды қамтамасыз етуде ұйымдастырылған мақсаты іс – әрекет, соның ішінде педагог баланың алдына танымдық тапсырма беріп оны шешуге көмектеседі. Ол ұйымдастырылған оқу іс -әрекетте және күнделікті өмірдегі іс – әрекетте жүзеге асуы тиіс.

(Бағдарламалық мазмұнның баланың даму деңгейіне сәйкес әр түрлі материалдарды ойластыру қажет. Баланың ұйымдастырылған іс – әрекеттегі формасын ойластыру. ( жұппен немесе жартылай топпен)

Математикалық білім балаларға қатаң түрде белгілі бір жүйеде сонымен қоса жаңа материал балаға қол жетімді болуы тиіс. Әрбір бағдарламалық тапсырма әрбір кіші бөліктерге бөлінеді және тапсырманың шешімі жалғасып бірнеше сабақта ұзаруы мүмкін. Бір тапсырмадан келесі тапсырмаға өткен сайын алдыңғы өткен тақырыпты оралған маңызды. Осы арқылы материалдың дұрыс сіңуін қамтамасыз етуге болады.

Сабақтың түрін айыру

Дидактикалық ойын формасындағы сабақ

Дидактикалық жаттау формасындағы сабақ

Дидактикалық ойын және жаттығу формасындағы сабақ

Осы түрлердің шартына байланысты педагогі сабақ жүргізуді айқындап алады. Дидактикалар және іс – әрекет байланысты болу керек.

Дидактикалық ойын түріндегі сабақ кіші жаста өткізіледі. Міндетті түрде тосын сый, ертегі кейіпкерді шақыра отырып, дидактикалық ойындардың арасында байланыс болуына мән беруі керек.

Сабақтың түрі бағдарламалық тапсырмаға байланысты.

Сабақ толығымен жаңа материалды игеруге арналады.

Сабақ толығымен қайталауға арналады.

Аралас түрдегі сабақ (жиі қолданылады)

Қорытынды қайталау сабақ ( жаңа материалдар берілмейді)

ҚМҰҚ – сабақтарында бағдарламалық тапсырмалар қатары шешіледі. Қандай? Бұл тапсырманы шешіп көрейік.

Білімділік баланы неге үйретеміз? (оқуға, бекітуге, жасауға)

Дамытушылық нені үйретіп бекітеміз? Тыңдау қабілетін дамыту, қорытындылауға, ең бастысы дамуын қабылдау байқампаздығын дұрыс түсіну. Логикалық түсінігін жалғастыру әдісін қалыптастыру ( салыстыру, қорытынды, синтез).

Тәрбиелік балалардың несін тәрбиелеу? ( қабылдауын, адамзатты тыңдай білуге, ұқыптылыққа, өзімен –өзі жұмыс жасауға, еңбекқор, сәттілік сезімін, ойлаған ойына жетуге ,өте жақсы нәтиже көрсетуге.)

Тілдік – жұмыс ширақ және ұяң математика жоспарында әсіресе жұмыс атқару. Бұндай жағдайда сәтті сабақ тәрбиешінің сабаққа деген дайындығы. ҚМҰҚ сабағында қолданатын әдіс- тәсәлдер: ойындық, көрнекілік сөздік, тәжірбиелік

Ойындық: Бүкіл сабақ ойын жүзінде құралады. Дидактикалық жаттығуларды қолдану арқылы.

Сөздік әдіс: қолданылатын маттериалдарда өте көп орын алмайды көбінесе сұрақ қоюмен қорытындылайды.

Сұрақ қою құрылымында баланың жас ерекшелігін ескере отырып нақты тапсырма, сұрақтар қойылады.

Кіші топта: нақты тікелей сұрақтар (қанша? Қалай?)

Ересек топта: негізгі ізденісті қалай жасауға болады? Сен неге олай ойлайсың? Неге? Не үшін? Неліктен?

Сонымен қатар

Түсіндірме ( қалай тапсырманы орындау)

Тәрбиешінің нұсқауымен ( әсіресе балалармен)

Мектепке дейінгі баланың жоспары

Тәжірибелік әдіс: жаттығу, ойын жүзіндегі тапсырма, дидактикалық (ойын) жатады, көбірек қолдану арқылы өткізу. Балалар тек қана тыңдап қана қоймай емес қабылдау арқылы берілген тапсырманы толығымен орындау арқылы қатысу керек. Көбірек дидактикалық ойынды ойнаса сол құрлым ҚМҰ сол құрлым түсінігі төмендейді.

Көрнекілік әдіс: Тақтада қолданатын көрнекі құралдар: ол үлкен пішінде, түрлі – түсті шық болуы керек. Әр балаға таратылатын үлестірмелі құралдар болуы керек. Сонымен қатар тиімді тәсілдерді қолдана отырып.

Көрнекі оқыту әдісіне қайта оралайық

ҚМҰҚ сабағы тек қана көрнекілікке құрылады.

Сондықтан да демонстрационный және таратпалы материалдар жақсы көркем безенірілуі керек. Эстетикалық талаптарға сай болу керек.

Оқытуда – тартымдылықтың үлкен маңызы бар. Әдемі көрнекілікпен балалар қызығып отырып жасайды. Неғұрлым ашық, айқын болған сайын соғұрлым балалар эмоциясы тередей түседі және логикалық ойындары толыға түседі. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қызықты өтеді және балалар сәтті қабылдау арқылы білімдері дамытады.

Әр балаға керекті құралдар жеткілікті және артығымен тұру керек.

Құралдар әр сабақта әр түрлі болу керек. Құралдар балаларға түсінікті болу керек. ( қоян- қоян сияқты болу керек, сәбіз -сәбіз сияқты).

Құралдарды бір- біріне ұқсастырып алуы керек. (тиын – жаңғақ, қоян – сәбіз, гүл – көбелек сияқты) көрнекі құралдардың және таратылмалы құралдарды үлгісін көрсету. Сонымен көрнекі құралдар мен үлестірмелі құралдардың дұрыс таңдалуы қажет.

Педагог өзі математикалық сөзді дұрыс меңгеру керек. ( нақты сөз, іріктеу түсініктемелерін жеткізу) грамматикалық тұрғыда тіл – нақы толығымен түсініп, сауатты жеткізу. (Математика сөздігін бағдарламадан алуға болады. ) Математика пәні көп сөзді қажет етпейтін сабақ.

Тәрбиешінің тілдік үлгісі – негізгі әдісі Тәрбиеші балалар мен мәнерлі тілде сөйлеу. Тәрбиешінің сөзін балалар қайталайды. Педагогтың тілі нақты болуы керек. Қысқа және нұсқа. Сонымен қатар сабақ тез және қызықты өтеді.Тәрбиеші балаларды әрекет жасауға үйретеді. Үйретер алдында іс – әрекетті түсіндіреді. Балалар нені қалай жасағанын айту керек

2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс -әрекетіндегі педагогтың құзыреттілігі

Мақсаты:

Балалардың интеллектуалдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамыту,қарапайым математикалық ұғымдарының қалыптасуына көмектесу.

Міндеттері:

«Көп», «Біреу», «Бір-бірден», «Ешбір» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

-біртектес заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;

-топтық бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

-заттарды салыстыру;

-заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен біріктіру және қосу;

-заттардың бір қатарға,реті бойынша,бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру;

-ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

-заттардың көлемін салыстыру түсініктерін қалыптастыру.

Геометриялық пішіндер:

-геометриялық пішіндерді тану жәнеатау дағдыларын қалыптастыру;

-өзіне тікелей жақындықтағы (оң жақта-сол жақта,алда-артта)кеңістіктік бағыттарды анықтау,оң қолымен сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

-өз денесінің бөліктерін атау және олардың қызметін бағдарлау;

-тәулік бөліктерін-таңертеңгілік,күндіз,кеш,түнді атау және тану дағдыларын қалыптастыру.

Көлем:

-Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы,ені,биіктігі мен жуандығы бойынша біріктіру және үстемелеу жолымен салыстыру,заттарды шамасы бойынша салыстыру,беттестіру және қондыру дағдыларын бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

-заттарды сол жақтан оң жаққа қарай оң қолмен орналастырады;

-екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы,ені ,шамасы бойынша салыстырады,салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;

-дөңгелек,төртбұрыш,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді таниды;

-заттарды түсі,өлшемі,пішіні бойынша топтастырады;

-қоршаған маңайдағы бір немесе бірдей бірнеше заттарды табады;

-«таңертең», «кеш», « күн», «түн» сөздерінің мәнін түсінеді;

-заттарды салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;

-дөңгелекті,төртбұрышты,үшбұрышты ,бұрыштары мен ірі пішіні бар заттарды ажыратады,мына белгілердің мәнін ұғынады:жоғарыға-төменге,алға-артқа,сол жақтан-оң жақтан,үстінде,астында,жоғары-төменгі;

-тәулік бөліктерін дұрыс атайды.

Жиын.«Бір,аз,көп»

ұғымдарымен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды топтардан жеке заттарды ажыратып алуға, «біреу», «көп», «аз» ұғымдары арасындағы қарым-қатынасты орнату.

«Көп», « біреу», «аз» , «бір-бірден» сөздерін сабақта қолдану.

Көрнекі құралдар: Ойыншық құстар топтамасы (ойыншық бала санына қарай), салфетка, 4 карточка,карточканың біреуінде 1 жалау,екіншісінде 3-жалау, үшіншісінде 8- жалау,төртіншісінде ешетеңе бейнеленбеген.

Жиын.Бір-көп.

Заттарды ортақ қасиетіне қарай біріктіру.

Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыруға үйрету.. Заттар арасында бір-біріне ұқсайтын жерлерін көрсету.

Көп, біреу,бір бірден ұғымдарын сабақ барысында қолдану.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар (шыршалар,қояндар мен машиналар бала санына байланысты.

Жиын.

«Көп,біреу және бір-бірден»

Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыру жұмыстарын бекіту.

Осы топтағы заттардың сәйкестіктерін табу, сол топтытағыны бірнеше топтарға бөлу,балалардың сөздік қорын көп,біреу, бір бірден ,біреу де емес сөздерімен толықтыру.

Көрнекі құралдар: Екі құмыра,біреуінің ішінде сары және жасыл жапырақтардан құралған гүл шоғы ал екіншсіі бос

4Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:оң жағында-сол жағында.

Мақсаты: Балаларды әр түрлі түсті екі жолақшаға көп және аз заттарды орналастыруға жаттықтыру.Ол заттарды жай ғана орналастыра салмай белгілі бір тәртіппен орналаструға үйрету. Жолақшалармен жұмыс істегенде оң қолмен солдан оңға қарай бағыттап қоюды үйрету.Жолақшалардың түстерін ажыратып неше ойыншық екенін санауға үйрету.Педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, берілген тапсырманы қатесіз орындауға үйрету.

.Сабаққа алдын ала дайындық: Сабақ басталмас бұрын балалардың әр қайсысының үстеліне әр түрлі тастар салынған қорапшалар қойылады.

Қызыл және сары түсті жолақшаны бір-біріне қарма-қарсы қояды. Барлық балада жолақшалар біркелкі орналасуы керек.

5Кеңістікте бағдарлау:

«Оң жақ және

сол жақ»

Мақсаты: Балаларды екі түсті сызықшаға берілген заттарды саны бойынша орналастыруға әрі қарай жаттықтыру. Берілген заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай орналастыруға үйрету. Жолақтардың түстерін атай білу, сол жолақшада орналасқан ойыншықтар санын атай білу,педагогтың нұсқауын орындауға үйрету,тек қана өз ойыншықтарын ғана қолдануға,басқа балалардың ойыншықтарын

рұқсатсыз алуға болмайтынын қалыптастыру.

Сабаққа алдын ала дайындық: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы алдыңғы сабақтікіне тән,тек қана ойыншықтар түрі басқа.

Саңырауқұлақтар, шыршалар, үйректер.

«Бір және көп»ұғымдарын бекіту.

Мақсаты: Балаларды көп заттарды тауып алуға , сол топ заттардың ішінене бір затты бөліп алуға үйрету. «Бір»сөзін қолдану.

Мысалы: «Бір тауық, қояндар көп» немесе «Қоян біреу, тауықтар көп». Көп,біреу,бір бірден,біреуі де емес барлық заттардың ішінен белгілері бірдей заттарды ажыратып алу.

Сабаққа алдын ала дайындық:

Сабаққа дейін тәрбиеші ойыншықтарды орналастырады.Бір үстелге әр түрлі ойыншықтарды біреуден ғана қойса,екінші үстелге сол ойыншықтардың бірнешеуін қояды.Барлығы 4-5 түрлі ойыншық қойылады. Ойыншықтар көлемі бойынша үлкен болмауы тиіс,бала барлық ойыншықтарды қолына сидырта ұстай алуы керек. Терезе алдына екі құмыра қояды. Бір құмырада қызыл және ақ гүлдер болса екіншісі бос болады.Балаларды жартылай шеңбер етіп ойыншық қоятын үстелге қарма-қарсы отырғызады

Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:

үстінде-астында

Мақсаты:Балаларды екі түсті жолақшаларға бірінің астына бірін берілген мөлшерде заттарды орналастыруға жаттықтыру.(көп және аз)

Жолақшалардың

түстерін,ойыншықтар санын және олардың орналасқан орнын

( астында немесе

үстінде )үйрету.Заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай қоюды үйретуді жалғастыру.

Көрнекі құралдар: Фланелеграф, оған қатты қағаздан қиылған әр түрлі түсті құстар мен жапырақтар суреті.Петрушка (қуыршақ театрының кеиіпкері)

Үлестірмелі құралдар: Әр балада ұсақ ойыншық салынған қорапшалар, қағаздан кесілген екі түсті жолақшалар..

Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:

«Астында-үстінде,

алдында-артында »

Мақсаты: Балаларды әрі қарай бір топ заттардың ішінен бір затты бөліп алуға үйрету.Балаларды үстелде неше зат бар, және олардың атауын атауды үйрету.Балаларға астында-үстінде,

алдында-артында бағыттарын бағыттауды үйрету.

Сабаққа алдын ала дайындық: Сабаққа деиін педагог ойыншықтарды орындарына орналастырып қояды.Бір үстелге екі түрлі ойыншық қояды. Мысалға: Бір қоян және көп мысықтар немесе бір мысық көп қояндар.

Көрнекі құралдар:

Әр түрліойыншықтар (6-7 түрлі) 4-5 данадан.Петрушка, әр түрлі- түсті жалаулар

Геометриялық. фигуралар

«Шеңбер»

Мақсаты: Балаларға шеңбер жайлы мағлұмат беру, шеңбердің мөлшері әр-түрлі болатынын үйрету.Балаларды пішіндерді қимыл әрекеті арқылы танып білуге үйрету.Балаларды топтастырылған көп заттың ішінен бір затты тауып алуға әрі қарай үйрету.

Көрнекі құралдар: Үлкен көк және кішкентай қызыл шеңбер,фланелеграф.

Таратылатын материалдар:Әр балада бір конверттен, конверттің ішінде үлкен қызыл және кішкентай көк шеңберлер.

Геометриялық фигуралар

«Шеңбер мен шаршы»

Мақсаты: Балаларды шаршымен шеңберді дұрыс атап оларды

ажырата білуге үйрету. Саусақтың ұшымен берілген пішіндірді көрсету арқылы оларды әрі қарай зерттеу. Арнайы дайындалған ортада бір немесе біренше заттарды тауып алуға дағдыландыру.

Күрделі сөз тіркестерін пайдалана отырып,неше және қандай заттарды алғандарын айтып беруге үйрету.

Көрнекі құралдар: Фланелеграф,көк шеңбер және сары шаршы, ойыншықтар жйынтығыжәне тағыда басқа заттары

Мақсаты. Заттарды берілген классификация бойынша топтастыру(өлшемі, түсі, пішіні), арнайы белгілермен қолдану (қолдануға болатын және болмайтын), ереже бойынша заттың оймен таңдап алу.

Құрал-жабдықтар:. Шырша және шардың 3-өлшемді суреттері, әртүрлі пішінді сыйлық қорапшалары(3-түрлі)-қолдануға болатын белгісі бар 24 карточка,ойын персонаждары(кірпі, қоян, түлкі).

III.Қорытынды.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқыту – ең көкейкесті проблемаларды , танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын , сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болмасын қызығушылық пен уәждемелерге, яғни (МОТИВАЦИЯ) бағытталады. Танымдық қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: «Баланың рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып-үйрену нәтижесі шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» - деген екен.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштай.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!