Материалдар / Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша даярлық оқушы мұғалім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері


Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.

Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн. Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте – бірте меңгереді. Соларды бағалай отырып, олар өзінің және жолдастардың ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым – қатынастардың дұрыстығын бағалайды.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық – оңай жолымен, қажеттілер – қызық жолымен беріледі.

  2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

  3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді...?” , “Мен не істер едім, егер...” деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшелінеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

  1. Ойын – жұмбақтар. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.

  2. Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым – қатынасын негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындар мынадай түрге жіктеледі:

  1. Сюжеттік – рольдік ойындар.

  2. Жаттығу ойындар.

  3. Драммалық ойындар.

  4. Шығармашылы ойындар.

  5. Әдеби – музакалық ойындар.

Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандайда бір мақсаттары мен міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұлылдыру, ерікті зейін қою, ой – күшін жұмсау, ережені ой енігінен өткізе білу, іс - әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.

Мақсаты:

  1. Бала ойының құрылымы бойынша негiзгi математикалық түсiнiктердi (сан, есеп, пiшiн, көлем, бағыт) бiлуi қажет.

  2. Бала қандай да бiр нақты математикалық жағдайда дидактикалық ойындардың шарттарын пайдалана бiлуi керек.

  3. Баланың пайдаланылатын дидактикалық ойындар жайында түсiнiгi болуы қажет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!