“Қарапайымнан күрделіге” емес, “күрделіден күрделіге…”
“Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек” дейді ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда білім беру саласында алдыға қойылған ең үлкен мақсат - бәсекеге қабілетті, сынға төзімді маман дайындау деп әсірелеп айтып жатқанымызбен, маман болу деңгейіне жетпей тұрып, оқушы кезден-ақ үйренер білім мен тәлім тәлтіректеп тұр. Оған себеп, ата-ана да, мұғалім де емес,
Ата-аналардың басым бөлігі баланы бастауыш сыныпқа 7 жастан беруді құп көретіні әлжелідегі наразы пікірлерден жиі-жиі байқалуда. Оған басты себеп, оқу программасының күрделілігі, түсініксіз тапсырмалар, оқулықтаға олқылықтар, буыны бекімеген балаға бір емес, үш тілді ұатар меңгерту… Осылай жалғаса береді, ұлы жібек жолының керуен көші түзіле ме деп қорқасың. Баланың жас ерекшелігіне, берілер ақпаратты қабылдай алу мүмкіндігіне мән беру көңіл көншілтпейді. Сәт сайын жаңару, технологияландыру үрдісі қарқын алып тұрған бүгінгі таңда білім беру жүйесіне де дерлік күн сайын жаңалық енгізілмесе, тоқтау судай тобарсып, тоқырауға ұшырайтындай-ақ өзгерістер мен талаптар енгізілуі бір сәт аялдайтын емес. Өз ісінің шебері болған тәжірибелі мұғалімдер қандай тапсырманы болсын дөңгелетіп әкетіп, тасы өрге домалауы бек мүмкін. Олар қарсы уәж айтуға да, атойлап қарсы шығуға да дәрменсіз боп жатады көбіне-көп. “Үндемеген үйлей бәледен құтылады”, “аш құлақтан тиыш құлақ жақсы” деген қасаң қағида да өз үстемдігін жүргізеді. Дегенмен де, “бұға берсең сұға беретінін” де ұмытпаған жөн болар. Мұғалім меңгерер, мейлі, бірақ мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің болмысы, қара нүкте түспеген ақ қағаздай таза ой-санасы шектен тыс тапсырмалардың әсерінен шарасыздыққа шырмалып, іштей күйреуге әкеп соқтырмасына кім кепіл?
Әуелі, үштілділік дедік. Өз ана тілін, төл әрібін үйренбеген балаға тағы екі жат тілді телу.. Бұрын ағылшын тілі сабағы 5-сыныптан басталатын. Сонда отырған бір оқушының “самый” сөзін “сатый” деп жазып кеткені әлі есімде. Ағылшынның 26 әріпін жаңа үйреніп жүрген оқушы, орыс тілі сабағына келіп, самый сөзінің қатысуымен оншақты сөз жазған ғой. Мұғалім тексергенде қып-қызыл қате. Себеп, м әрібі ағылшынша жазылған. Оқығанда “сатый большой”, “сатая красивая”… осылай кете берген. Енді ойлап қараңыз, 5-сыныптың баласы қос тілді шатастырып жатқанда, әлі өз ана тілінде оқу, жазуды меңгермеген бала өзге тілді қалай қарық қылсын. Іргетас берік болмай тұрып, үстіне қабырғаны, шатырды құрай берсең, көп өтпей-ақ үйіңнің күлі көкке ұшатынын неге ескермейміз?
“Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін” деген С.Торайғыров. 2-сыныпта “Ана тілі” кітабы осылай құшағын ашып қарсы алатын. Кітаптың сыртқы мұқабасы да тартымды. Ақ бантик таққан қыз баласын алдына алып отырған ақ жаулықты ананың суреті болатын. Оны көрген баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігі қалай оянбасын?! Ал қазір оқулық та, оқыту жүйесі де өзгеріске ұшырады. Тиімсіз түрде.
Оқулықтағы олқылықтардан көрер көз сүрініп кетердей. 1-сынып оқушысына тілі күрделі Жаратылыстану пәнінің қажеттілігі неде? “Өсімдік-тірі ағза” деп басталады алғашқы беттерінен-ақ. 5-6 жасар бала әуелі “ағза” дегеннің не екенін аңғара ма? “Өсімдікке зерттеу жүргізіп, дәптеріңе жаз” депті. Әліппесін кеше ашып, қаламды қолына енді ұстаған бала не жазсын? Қазақ тілі кітаптарында берілген мәтіндер, өлеңдер тым күрделі, баланың жас ерекшелігіне сай емес. Бұрын самсап тұратын ауыз әдебиетінен үзінділер, балаларға арнайы жазылған тілге жеңіл жаттау, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер жоқтың қасы. “Балалар әдебиетінің атасы”, “Бала жанының бағбаны” деген әдемі теңеулер бар қазақ әдебиетінде. Балалар үшін арнайы өлең жазатын небір мықты ақындар бар. Сол еңбектердің жемісін терудің орнына, күрделі де тілі ауыр тапсырмалар оқулық бетінде қаптап кеткені қынжылтады. Қазіргі таңда Бастауыш сынып оқулықтарын теоритикьер емес, білім майданның қақ ортасында жүрген мұғалімдер құрастырса нұр үстіне нұр болушы еді. Басқасы басқа, білім беру саласында қандай данышпан болсын, практиканы бастан өткермей тұрып, оқулық жазу құптарлық іс емес.
А.Байтұрсынұлының "Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы
шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын кызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын, көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шабыттанады” дейтіні бар
.
Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі”
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарапайымнан күрделіге

шағым қалдыра аласыз