Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы
Қаракөл орта мектебі
Авторы: Сансызбайқызы Анель 3-сынып
Қаракөл орта мектебі
Тақырыбы: «Қарақат туралы не білеміз!»
Бағыты: Дүниетану
Секциясы: Биология
Жетекшісі: Шүрегеева Дариға І санатты бастауыш
сынып мұғалімі
Кеңесшісі: Бақтыгереева Нұргүл Рысқұлқызы
жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
Қаракөл-2014ж
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Үй жағдайында дәрілік өсімдіктерді қорғау. Емдік қасиеттерін ашық көрсету. Дәрілік өсімдіктерді медицинада және күнделікті өмірде қолдана білуге, табиғатты сүюге және қорғауға баулу.
Зерттеушілік тәсілі: Зерттеушілік жоба, сұхбат, тәжірибе, шығармашылық тапсырмалар, видеофильм, презентация құру, кітапша жасау.
Гипотеза (болжау): Осы зерттеп жатқан жұмыстарымды тоқтатпау, әрі қарай жалғастыру.
Зерттеу кезеңі: Ғылыми тұрғыда зерттеу. Кітапханамен байланыс, баспасөз ақпараттарынан керекті материалдар жинақтау. Дәрілік шөптерді ажырата отырып, соның ішінде, қарақаттың шығу тарихын, оның құрамында не бар заттарды қасиеттерін, күтімін, оларды жинау, кептіру, сақтау тәсілдерін ілу. Өсімдікті тани отырып оның ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жаңалығы: Қарақаттың әр түрінен үй жағдайында өсіруді қолға алу. Оны өмірде қолдану. Түрлі ауруларға емдік қасиеттерін анықтау. Қарақат гүлін өсіре отырып осы бойынша зерттеу жұмыстарын жинақтадым.
Жұмыс нәтижесі: Қарақат өсімдігін зерттей келе дәрілік қасиеті бар, орнынан көшіріп үйге егіп өсіруге болады екен.
- денсаулығымызға көмектеседі.
-отбасының қаржысын үнемдейді.
-табиғат байлығын қорғауға үлес қосады.
-дәрілік өсімдік ретінде дертке дауа, дауаға шипа.
Теориялық-практикалық
маңызы: Жұмыста қарақат өсімдіктері, соның ішінде үйдің алдына өсетін қарақаттың құрамы, қасиеті, күтімі. Қарақаттан алынған дәрі-дәрмектер, өнімдер. Қарақаттық емдік және тағамдық қасиеті қолданылуы туралы мәселелер қозғалды. Практикалық мақсатта қарақат өсімдігінің әр түрін үй жағдайында өсіре отырып есдік және тағамдық қасиеттерін ауырғанда, несеп жолдары зақымданса, құлақтан ірің аққанда, тұмау тигенде т.б ауруларға қолдану. Күнделікті өмірде қарақаттан жасалған өнімдерді көбірек пайдалану.
Қаракөл орта мектебінің
3ә-сынып оқушысы Сансызбай Анельдің «Қарақат туралы не білеміз» тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір
Сынып жетекшісінің басшылығымен жазылған ғылыми жобамен танысып шықтым. Жұмыс өзі оқитын сынып деңгейіне сай, жасына лайықтап жасалған. Жұмыс барысында қосымша әдебиеттер, ғаламтор сайттары қолданған.
Жобада қарақат өсімдігінің табиғатта таралуына тоқталып өсімдік түрлеріне сипаттама берілген. Қарақат шырыны қалай жасалатындығы, қандай ауруларға ем болатындығы баяндалған. Ауру түрлеріне қарақат өсімдігінің қалай пайдалануға болатындығы тәжірибеде көрсетілген. Қарақат өсімдігі тек далада ғана емес үй жағдайында да өсіруге болатындығы оның отбасының қаржысын шығынын азайтуға болатындығына назыр аударған.
Қарақаттың күтімі казіргі кездегі пайдаланып жатқан қарақат шырынын жарнама түрінде көрсеткен.
Жұмыс оқушының жас ерекшелігіне лайықтап жасалған деп есептеймін. Болашақта осы ғылыми жобаны жетілдіруге тілектестік білдіремін.
Пікір жазған: Биология пәнінің жоғарғы санатты
мұғалімі Бақтыгереева Нұргүл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Зерттеу бөлімі
-
Қарақаттың табиғаттағы таралымы
-
Қарақаттық, құрамы, қасиеті, күтімі.
-
Қарақаттан алынатын шырын өнімдері.
-
Қарақаттың емдік қасиеттері.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе:
«Бала өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі дами түседі.»
Питер Клайн.
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатынын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап білген. Бұдан бірнеше жыл бұрын өсімдіктердің емге пайдаланудың мән-жайын халық арасында ауыздан-ауызға таралып кейінен қағазға жазыла бастағын. Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан 6 мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталған айтылған. Онда дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің, жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтарымен, дәндеріне ауру емдейтін әр түрлі тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кптірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатынын анықтап кептіру жұмысы күн көзінен таса жерлерде жүргізуді қажет деп дәлелденген, осы себептен Шурмерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған.
Өсімдіктерді ауру – сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуге үлкен мүмкіндікке жол ашады. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуде қолдануда Грекия елі біраз рөл атқарған. Грекия дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің 200 ден астам түрін жазып оларды ауруды емдеуге қалай пайдалану туралы толық ғылыми тұрғыда түсінік берген. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің кейбіреуін үйге егіп өсіруге болады. Егер осы істі дұрыс қолға алатын болса біріншіден бұл табиғатқа жасалған көмегіміз яғыни табиғаттағы өсімдік байлығын аз да болса қосымша қор болар еді. Екіншіден дәрілік өсімдіктер қысы - жазы қол астысызда болып, керек уақытында еш жерден іздемей пайдалануға болады.
Қарақат — тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биікгігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3-5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, шілде -тамызда жемісі піседі. Жемісі — жидек. Жеміс шоғында 2-18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12-20% құрғақ зат, 78 - 83% су, 5 - 10% қант, 2-4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер; ауруы: ақұнтақ кеселі.
Қарақаттық, құрамы, қасиеті, күтімі
Қарақат (Rіbes)– тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 – 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жидек. Жеміс шоғында 2 – 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 – 20% құрғақ зат, 78 – 83% су, 5 – 10% қант, 2 – 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер; ауруы: ақұнтақ кеселі.
Қарақат (қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді) барлық жерде кездеседі деуге болады. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттай шығарылған. Республикада — Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Қарақаттың биіктігі 100—150 см, бұтақтары тік. Өркендері көктемде бозғылт, күзде қоңыр түске енеді. Жапырақтарының ені 10—12 см, оның үстіңгі беті жылтыр да, астыңғы беті түкті келеді. Гүл шотыры шашақты, бір шоғырла 5—10 гүлден. Күлте жапырағы қызғылт. Жидек пішіні шар тәріздес, түсі қара, хош иісті. Қарақат әр түрлі витаминдерге бай. Оны кейде витаминдердің табиғи және комплексті қоспасы деп те атайды. Жидегінің құрамында 7—11% қант (4% органикалық қышқыл), 0,68—1,02% пектиндік заттар, кальций тұзы, темір, фосфор бар. С витамині—300—400 мг %, Р витамині —500, А провитамині —0,7, В витамині —0,06 мг % Қарақат құрамындағы С витаминінің мөлшері бүлдіргеннен 5, таңқурай, қарлыған (тұшала) және цитрустік дақылдардан (мандарин, лимон, апельсин) — 7—8, алма мен ал мұрттан —10—12, шие мен еректен —20—40, жүзімнен —100 есе көп. Қарақатты өңдегеннің өзінде оның құрамындағы С витамині сол күйінде (80—90%) сақталады деуге болады. Мысалы, қайнатпа мен компот даярлағанда С витамині 42 — 100%, жартылай мұздатылғанда 40—70% сақталады. Ұрығында 16,5 процентке дейін май болады. Оны жас күйінде кептіріп те, консервілеп те тамаққа пайдалынады. Жидегінен қайнатпа, қақ (пастила), конфет, мармелад, кисель, ликер және салқын су сындар даярланып, шырын алынады. Бүршігі мен жапырағы кондитер және витамин өндірістерінде кеңінен қолданылады. Қарақат халық медицинасында кеңінен қолданылған.[2]Кубарчатка қарақатты — Қазақстанда Алтай тауындағы Нарым жотасында, Жоңғар Алатауында өсетін аласа бұта өсімдігі. Өркендері тік. Жапырақ ені 10 см, жапырақ сыртын тегіс жауып тұратын иіс бездерінен хош иіс тарайды. Гүл реңі ақшыл сары. Жидегі шар тәріздес, иісі жағымды. Тау қаражаты — Қазақстанда Тобыл-Есіл бойында, Көкшетау мен Қазақтың қатпарлы тауының шығысында, Тарбағатай, Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауында өседі, биіктігі 1,5—2 м. Гүлі ұсақ, жасыл-сары. Жидегі шар пішіндес, қызыл.Янчевекий қарақаты — Қазақстанда Іле, Күнгей, Теріскей, Кетім, Қырғыз Алатауында, Тянь-Шаньның батысында өседі, биіктігі 100—150 см. Ол көбінесе тау беткейлеріндегі тас арасында, орманды белдеуле және тау өзендері аңғарында кездеседі. Жемісі қара түсті, ірі, шар пішіндес, гүлі қоңыр қызыл. Янчевский қарақаты жабайы қарақаттардың ең жақсысы. Өйткені жидегі ірі, дәмді, химиялық құрамы жағынан қарақатпен бірдей.
Қарақат – көздің қамқоршысы

Күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын көкөністер мен жемістердің пайдасы мен зияны, тарихы мен шығу тегі туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – қарақат болмақшы.
Бала кезіңізде жемістері өте ұсақ, дөңгелек келетін жидектерді көріп: "Әке, мынау не нәрсе?" деп сұрағаныңыз есіңізде ме? Сонда әкеңіз: "Балам, бұл "қара қарақат" деп жауап беріп еді ғой. Аң-таң болдыңыз да: "Неге оның түсі қызыл?" -дедіңіз. Естіген жауабыңыз:"Бұл әлі піспегендіктен қызыл болып тұр..."
Көпшілігіміздің қара қарақат туралы ең алғашқы ұғымымыз осылайша қалыптасты. Бүгін танымымызды арттыру мақсатында қарақаттың қасиеттерін толық ашуға тырысып көрелік. Дәстүр бойынша, ең алдымен тарих беттерін парақтайтын боламыз.

Қарақат өсірудің тарихы орта ғасырлардан бастау алады. Бұлай дейтініміз, жидек қалдықтары ХІ ғасырға жататын ескі қалалар мен қоныстардан табылып отыр. Тіпті, Мәскеуде Смородиновка (қарақаттың орысшасы) аталатын өзен болған. Бертін келе, яғни XV — XVII ғасыр саяхатшылары мен ғалымдары өз еңбектерінде қарақатты бірнеше рет атайды. Бұл жидек мәдениетінің қарқынды дами бастаған тұсы десек қате емес. Жазбаларға қарағанда, сол кездегі қарақаттың бүгінгіден айтарлықтай айырмашылығы болмаған. XVII ғасырдың соңына қарай Италия, Франция жерлерінде қарақатқа дәрілік өсімдік ретінде назар аударыла бастады. Батыс Еуропа, әсіресе Англия мемлекеті, АҚШ және Канада елдері де қарақатты өсіру, игеру жұмыстарына етене кірісті.
Қарақаттан алынатын шырын өнімдері
Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде қарақат өсіру кәсібі қарқынды түрде жүруде. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Негізінде қарақат қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттан шығарылған. Біздің елімізде Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Және Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар.

Қарақаттың құрамында B, P, K, E, A дәрумендері, 7—11% қант (4% органикалық қышқыл), 0,68—1,02% пектиндік зат, фосфор қышқылы, калий тұзы, темір, ал жапырағында марганец, мырыш, магний, күкірт, қорғасын, күміс және бәрімізге аса қажетті С дәрумен бар. Ұрығында 16,5 процентке дейін май болады.
Қарақаттың емдік қасиеттері.
Медицинада қарақаттан жасалған қоймалжың тұнбамен асқазан-ішек жолдарының ауруларын, асқазан сөлінің кеміп кетуін, альцгеймера және диабет, атеросклероз, тыныс жолдары ауруларын емдейді. Қарақаттың көздің көруін жақсартатын тамаша қасиеті бар. Жемісті немесе шырынын, йогурттарды жиі қорек етуге тырысыңыз.
Суықтан тұмау тиіп, тыныс жолдарының жұмыс қабілеті төмендеп кеткен жағдайда 2 ас қасық қарақат жемісін 300 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 10 минут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыны астан 15-20 минут бұрын, әр жолы 2 ас қасықтан күніне үш мезгілден ішеді.
Бүйрек ауырып, зәр жүрмей қалған кезде бір ас қасық қарақат жапырағын 300 г қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады. Осыдан ас алдында жарты стақаннан ішеді.

Құлақтан ірің аққан кезде 2 ас қасық кептірілген жапырақты 500 г қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады. Осыны жарты стақаннан төрт мезгіл қабылдайды.
Қарақаттан жасалған қайнатпа — құнды диеталық және емдік тағам. Піскен жидектерін жапырағынан тазалап, суық суға шайып, қағазға не таза матаға жайып кептіреді, шұңғыл ыдысқа салып ағаш қасықпен (темір қасықпен емес) жақсылап езеді немесе арнайы үккішті қолдануға болады. Алынған езбені қантпен мұқият араластырып, дереу таза құрғақ банкіге салады да, бетіне қалыңдығы 1-1,5 см қант сеуіп қояды. Мұндай қайнатпалар жаңа жеміс піскенше дәрумендерді бойында ұзақ сақтап тұра алады.
Есіңізде болсын, ағзаңызды кальциймен қамтамасыз ету үшін 20 дана қарақат жеу жеткілікті. Пайдасы осы екен деп артық мөлшерде жей берудің арты жақсылыққа апарып соқтырмайды.
Қара қарақат (смородина).
Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргені- нің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады
Қорытынды
Шипалы жемістер мен көкөністер сырқаттан сауықтырып,жаныңды жасартады.Мен қарақаттың биологиалық ерекшелігі мен пайдасына тоқталар болсам 1-ші сыныпта оқып жүрген кезімде кісі көзіне,түспейтін қоралардың арт жағынан өсіп түрған қарақатты байқадым.Күзде жемістерін ала алмадым түрған жері ыңғайсыз күбірлердің арасы...Келесі жылы қарақат сол жерге тағыда шықты енді мен оларды түбінен тамырымен,топырағымен қопарып қазып алып ,1-жартысын үйімнің алдына,1-жартысын гүл отырғызатын құмыраға бөлме терезесінің алдына орналастырдым содан зерттедім...Ылғал, кісікөзіне түспейтін тар жерлерге қарағанда менің көшірген қарақатын жемісін аз берді,сонда да мен жемісін жинап алып жуып, ет тартқыштан өткізіп,үстіне құм шекер сеуіп қойдым.Банкаларға қүйып алдым.Қыста ауырған кезде анам маған берді.Мен дәрі ішкеннен көрі қарақат шырынын пайдаланғанда өзімді жақсы сезіндім.
Қарақат өсімдіктерінің емдік қасиеті болғандықтан күтіп баптау қолға алынса.
1.Қарақаттың емдік қасиеттеріне байланысты қазіргі медицинаға қолдау енгізілсе.
2.Қарақат өсімдігін өңдеп, емдік-шөптік дәрілер жасайтын арнайы орындар, кабинеттер ашылса.
3.Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы аудандық газеттерде кеңінен насихаттап отырса.
4.Қарақат өсімдігінің емдік қасиеттерін киінгі жас ұрпақ білу мақсатында мектеп бағдарламасына дәрілік өсімдіктер бөліміне енгізілсе.
5.Қарақат өсімдігінің ашылмақан сырлары көп сондықтан әлі де толық зерттелсе.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
М.Қожабеков. Дәрілік өсімдіктер Алматы 1982ж,
-
З.С.Қалқамбай. Дәрілік шөптермен емделу Алматы
-
Мектептегі сыныптан тыс шаралар. Жергілікті дәрілік өсімдіктер 2010ж.
-
Биология және салауаттылық негізі.2006ж№5.
-
Пайдалы кеңес. 2009№8.
-
Балалар энциклопедиясы V том.
-
Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қарақат туралы не білеміз!»

шағым қалдыра аласыз