«Қаржылық сауаттылық әліппесі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қаржылық сауаттылық әліппесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
қаржылық сауаттылық оқушыларды ақшаны үнемдеуге үйретеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екібастұз қаласы

26 мектеп-гимназиясы







1-4 сыныпқа арналған

«Қаржылық сауаттылық әліппесі»

арнаулы курс бағдарламасы











Құрастырушы:

бастауыш сынып мұғалімі:

Оспанова Сауле Саттаровна















2017жыл








Түсінік хат



«Қаржылық сауаттылық әліппесі» бағдарламасы 1-4 сыныпқа арналған. Аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. Бағдарлама 5 бөлімнен құралған. Бағдарлама оқушылардың қаржылық сауаттылығын терең білуге, өмірде өз қабілетін еркін игеруге білуге, бәсекелестікке дайын болуға көмектеседі.

«Қаржылық сауаттылық әліппесі» бастауыш сынып оқушыларының математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгеретін, ақыл-ой, ойлау қабілеттерін жетілдіретін бағдарлама.

Мазмұнының негізгі бағыттары:

- Отбасы бюджеті.

-Қаржы сауаттылығы.

-Ақша, олардың тарихы, түрлері, функциялары;

-Несиенің экономикалық мәні.

-Депозит түрлері



1-4 сыныптарға арналған «Қаржылық сауаттылық әліппесі» аптасына

1 сағат. Барлығы 34 сағат .























Бағдарлама

ның тақырыбы бөлімі

Тақырыптың негізгі мазмұны


Оқушылар қызметінің негізгі түрлерінің сипаттамасы


І. бөлім

Отбасы туралы түсінік

6 сағат

Отбасына не қажет?

Қажеттілік – адамның бір нәрсеге деген сұранысы. Тамақ, киім, баспана – өмірлік маңызы бар, бірінші кезектегі қажеттіліктер. Қалғандары екінші кезектегі, қосалқы қажеттілік болып есептеледі. Экономикалық қызмет түрлерінің барлығы да экономикалық қажеттіліктерді өтеуге бағытталады

Отбасына не қажет?

«Менің отбасым қаражат әлемінде» сурет салады.

ТShape3 Shape5 Shape2 Shape1 оптастыру

Shape8

Отбасына не қажет?



Отбасы бюджеті не үшін қажет?

Бюджет – мемлекеттің, кәсіпорынның, отбасының немесе жеке тұлғаның белгілі бір мерзімдегі кірісі мен шығысы.

Отбасылық бюджет – бір отбасының кіріс-шығысы.

Табыс, кіріс, түсім – сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен көретін пайда. Еңбекақы, жалақы – адамға белгілі бір мерзімдегі (ай, күн, апта) еңбегі үшін төленетін ақша.

Еңбекақы, жалақы – адамға белгілі бір мерзімдегі (ай, күн, апта) еңбегі үшін төленетін ақша.

Шығыс, шығын – белгілі бір мақсатқа жұмсалған ақша.

Дефицит – бір нәрсенің тапшылығы.

Профицит – шығынның табыстан асып кетуі.

Активтер – әралуан мүлік түріндегі пайдалы меншік.

Пассивтер – жеке тұлғаның немесе кәсіпорынның қарыздары

Күнделікті жұмсалатын ақша – ересек адам ұсақ-түйекке жұмсайтын ақша, ата-ананың балалары- на тамаққа, жолға беретін ақшасы. Күнделікті ақшаны дұрыс жұмсаудың маңызы зор. Ата-анасы берген ақшаны үнемдей білген бала ерте жастан ұқыптылыққа дағдыланады.

Практикалық жұмыс



Негізгі ұғымдарды дәптеріне жазады.

Сөздік жұмыстар

Отбасылық бюджет лабиринт- ойыны.


Ролдік ойын. Отбасылық бюджет – бір отбасының кіріс-шығысы.


Оқушының бір апталық бюджетін анықтау(кіріс, шығыс) есептейді.




Оқушы бір апталық бюжетін

есептейді


кірістер

шығыстар

атауы

теңге

атауы

теңге

Ата-ананың бір аптаға берген ақшасы

3000



барлығы

3000








ІІ. бөлім

«Білім байлықтан қымбат»

6 сағат


Қаржылық сауаттылық – адамның қаржыға қатысты мәселелерде ұтымды шешім қабылдап, оңтайлы әрекет ете білу қабілеті.

Мәтіннің жоспары:

1.Қаржы деген не?

2. Қаржықайданалынады?

3.Еліміздің экономикасытуралы не білесіз?


Қор, жинақ – кірістің болашаққа арналып жиналатын бөлігі.


Қаржылық қауіпсіздік жастығы – белгілі бір мерзім аралығындағы шығындарды өтеуге жеткілікті ақша.


Тұтынушы – тауар сатып алушы немесе әлдебір қызмет түрін пайдаланушы адам.Әртүрлі мақсатта алынатын кредит түрі.

Қызықты мәліметтер

Ең ежелгі қағаз ақша б.з. 812 ж Қытайда пайда болған болған. Ең алғашқы электронды ақша-1918 АҚШ Федералдық банкі ақшаны телеграф арқылы аударған. Ең қымбат алтын ақша- салмағы 250 кг тұрады,құны-3,7 млн доллар,Жапонияда жасалған. Ең ерекше ақша-Африка елдерінде жасалады. Бұл монеталар 2000ж Замбиде Сидней олимпиадасы құрметіне орай шығарылды. Ең табиғи ақша- каури бақалшықтары немесе фарфорлы ұлулар.Ақша орнына 3500ж бұрын Қытайда пайдаланылған. Еңіріноминалды валюта-2008 ж Зимбабведежасалған 14 нөлден тұрады.


Мәтінді оқиды. Жоспар құрады, талдайды

Сөздік жұмыстар

ҚShape9 ажет шығындар Қалау шығындар


Тамақ шырын

Су балмұздақ


Ойын:«Қаржылық қауіпсіздік

жастығы»

Ойын шарты бойынша, «қаржылық қауіпсіздік жастығын» жасауларың керек. Жолға шығарда түрлі-түсті фишкалар мен кубик алуды ұмытпаңдар. 1. Егер «Депозит» деген шеңберге түссеңдер, бағдарша бойынша алға жылжисыңдар

2. «Үнем» деген шеңберге түссеңдер, бір адым алға жылжисыңдар.

3. «Құнттылық» деген шеңберге түссеңдер, қосымша тағы бір жүріске ие боласыңдар.

4. «Шығын» деген шеңберге түссеңдер, кезекті келесі ойыншыға беруге тура келеді.

Қаржылық сауаттылық кеңестерін құрау.

Әрнәрседен үнемдеп, ақша жинаңдар. Қаржылық сауаттылықты үнемі арттырап отырыңдар. Тек білімді адам ғана зор жетістіктерге жетеді!

Практикалық жұмыс


Сызбалар, таблицалар арқылы

кеңестерді оқу, мағынасын түсіндіру, талдау




ІІІ.бөлім

Ақшадан қазына құралады.

8 сағат










Ақша қалай пайда болды?

Ақша – айырбас құралы. Ақша – материалдық нысан, яғни, банкнот пен монета түрінде; компьютерлік немесе бухгалтерлік жазбалар (мысалы, банк депозиттері) түрінде қолданылуы мүмкін

Ақшаның қызметі.

Ақша қызметінің әр қайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бірі .

Ақша айналымы дегеніміз не?



Құн өлшемі

Құн өлшемі. Ақшаның алғаш қы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді.

Айналыс құралы

Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады.

Төлем құралы

Жинақтау және қорлану құралы

Әлемдік ақша

Монета – белгілі бір металдан немесе қоспадан құйылып жа- салған ақша белгісі. Монетаның салмағы мен пішіні заңмен бекітіледі. Ол ел аумағында еркін айналысқа түсіп, төлем құралы ретінде қолданылады.

Купюра – қағаздан жасалған ақша белгісі.

Банк – ақшаны сақтайтын, айырбастайтын қаржы ұйымы.

Банк жүйесі – елдегі барлық банктердің, несиелік мекеме- лердің және банк операцияларын жүзеге асыратын жекелеген экономикалық ұйымдардың жиынтығы. Банк жүйесінде басты рөлді орталық банк атқарады

Банк шоты – банктегі ақша сақталатын виртуалды ұяшық.

Төлемкартасы – банк шотынынңиесінеберілетінарнайы карта. Әдеттепластиктенжасалады. Оныңкөмегімен банкомат- танақшаалып, түрлітөлемжасаймыз. Сондай-ақ, төлем карта- сыарқылыақшаныбасқабіреудіңшотынааударуға, депозиткесалуғанемесенесиетөлеугеболады.

Бартер - белгілі зат немесе қызмет түрімен алмасу

Айырбасқа тек зат қана жатпайды, сондай-ақ, қызмет түрлерімен де алмасуға болады.

Бұрын ақшаның қызметін тас та, бидай да, түрлі металл құймалары да атқарған екен. Ал қазіргі қолданыстағы ақша қандай?

Әр елде өзінің ақша бірлігі бар. Оны Валюта деп атайды. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасында Теңге валютасы қолданылады. Оның туған күні, яғни, теңге алғаш қолданысқа енген күн – 1993 жылғы 15 қараша. Құны 1 теңгеден кіші ақшалар тиын деп аталады






Теңге

Қазақстан Республикасының ақша бірлігі

Алғашқыда теңге мен тиындар қағаз күйінде басылса, кейін тиындар темір теңге күйінде де шыға бастады. Теңгеде қазақ халқының ұлы тұлғалары – әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Абылай хан, Әбілқайыр хан және өзге де хан, ғұлама-ғалым, ақын-күйшілерінің суреттері бейнеленген болатын. Алайда жыл өткен сайын теңгенің түр-келбеті де, құны да өзгере бастады. Дәл қазіргі таңда тиындар қолданыста жоқ. Ал 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелер темір тиын күйінде шықса, 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгеліктер қағаз күйінде шығады. Еңүлкенақшабірлігі де – осы 10 мыңтеңгелік.


Негізгі ұғымдарды, оқиды дәптеріне жазады


Сөздік жұмыстар

Ақша түрлерін салыстырады

монета купюра










Шығармашылық жұмыстар


Эссе жазады,



Ролдік ойындар:




Өлең құрастырады




Сөз жұмбақ құрастырады.






Негізгі ұғымдарды дәптеріне жазады.


Сөздік жұмыстар






Ойын:Банк өнімдерін жинаңдар!

Суреттен банк өнідерін табыңдар. Сызық жүргізе отырып, оларды қоржынға жинаңдар.





Ролдік ойындар: Бартер


Өлең құрастырады


Мысал келтіреді





Негізгі ұғымдарды дәптеріне жазады.









«Теңге» сөзіне

5 жол өлең құрастырады




Эссе жазады


«Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»

«Тиыннан сом құралады» деген мақалдардардың мағынасын түсіндіру 




Қаржылық сауаттылық кеңестерін құрау

1. Ақша сені басқармасын, сен ақшаны басқар. (Сенека, Ежелгі Рим философы, ақын және мемлекет қайраткері).

2. Ақшаңды керексіз затқа жұмсасаң, керек кезінде қатты өкінесің. (Хилон, Ежелгі Грекияның мемлекет қайраткері, ақын, Жеті данышпанның бірі). 3. Ақша ақылды адамдар үшін құрал ғана, ақымақтар үшін – мақсат. (Адриан Декурсель, француз драматургі).4. Сараң болмау – байлық, ысырап жасамау – табыс. (Марк Тулий Цицерон, Ежелгі Рим саясаткері, философ).

5. Жұмыс істегеніңді айтпа. Тапқан табысыңды көрсет. (Роберт Дьюар, ағылшын кәсіпкері).


Практикалық жұмыс



Сызбалар, таблицалар арқылы

кеңестерді оқу, мағынасын түсіндіру, талдау


Ролдік ойындар


Ойын : «Кім жүйрік»

Мұғалім елдердің атын атайды, оқушылар сол елдің қолданылатын ақшаның атауын атайды.

1.Қазақстан- Теңге

2.Ресей- Рубль

3.АҚШ- Долларь

4.Түрік- Лир

ІV.бөлім

Несие

7 сағат

Несие түрлері .

Несие– қарызға ақша емесе тауар алу. Шарт бойынша. Несие белгілі бір мерзімге беріледі. Қайтарылуы міндетті. Үстіне пайыз қосылады.

Несиенің экономикалық мәні

Тұтынушылық несие – белгілі бір затқа ақша жетпеген жағдайда алынатын несие.

Несие бюросы – бұрын-соңды несие алған адамдардың несиелік тарихы жайлы мәліметтер сақталатын орын. Керек кезінде банктер немесе өзгеде қаржы ұйымдары арнайы сұрау салып, ол жерден клиент жайлы ақпарат алады.

Несиелік тарих –бұрын несие алған адам жайлы мәлімет. Онда клиенттіңне сені қалай төлегені туралы толыққанды ақпарат сақталады.

Пайыз (процент) – кредиторға (несиеберуші) дебитордан (қарызалушы) түсетінпайда. Көп жағдайд қарызға алынған ақшаның жүзден бір бөлігі болуы мүмкін. Процент (procentum) – латын сөзі. «Жүзден», «жүзге» деген мағына береді. Римдіктер қарызға берілген әр жүзтеңгеден алынатын пайызды «процент» деп атаған. Белгілі бірмерзімде (көбінесе ай сайыннемесе жылына) алынатын негізгі пайыз «пайыздық мөлшерлеме» депаталады.

Күрделі пайыздар– қосылғанпайыздардан алынатын пайыздар.

Төлем мерзімі – қарыз төленетін уақыт. Несиелік тәуекел – қарызды төлейалмау қатері.

Өсімпұл (пеня) – қарызды уақтылы төлемеген жағдай да қосылатын ақша.

Ипотекалық кредит. Үй алу үшін берілетін кредит түрі.

Автокредит. Машина алу үшін берілетін кредит түрі.

Тұтынушылық кредит

Әртүрлі мақсатта алынатын кредит түрі.


Негізгі ұғымдарды, оқиды дәптеріне жазады


Сөздікпен жұмыс


«Несие» Ролдік ойындар


Топтастырады



Shape14

Кредит түрлері












Негізгі ұғымдарды дәптеріне жазады.




Мақал-мәтел құрастырады





Сурет салады. Болашақ тағы өз

үйін салады.



Болашақ машинасын салады


Қаржылық сауаттылық кеңестерін құру 1.Несие алмас бұрын, «маған бұл қарыз ақша өте керек пе?» деп жақсылап ойланыңдар. 2. Келісім шартты мұқият оқыңдар. Тек содан кейін ғана қол қойыңдар. Түсінбеген жерлері болса, сұраңдар. Келісім шартқа қол қойылған соң, оның талаптарын бұлжытпай орындауға тиіссіңдер. 3. Несиені аса мұқтаж болған жағдайда ғана алу керек. Несиені уақтылы төлеу үшін сендердің тұрақты табыстарың болуы шарт. Әйтпесе, ай сайын ақша төлегенде қиналып қаласыңдар. 4. Ай сайын төленетін ақша табыстың 20 пайызынан асса, несие алмаңдар. Жұмыстан шығып қалу қаупі барда, ауырып жүргенде несие алуға болмайды. 5. Ақшаны тиімді пайдаланыңдар. Кіріс-шығы сты есептеп, қай жерінен алып-қосу керектігін анықтаңдар. Артық ақшаны мүмкіндігінше жинай беріңдер. Сонда болашақта ешқандай қарыз ал майсыңдар

Практикалық жұмыс



Сызба , таблицалар арқылы талдау




Қаржылық сауаттылық кеңестерін құрайды, талдайды











V. бөлім

Депозит


7 сағат

«Шашу оңай, жинау қиын»

Депозиттің маңызы.

Депозит түрлері.

Депозит мүмкіндіктері.

Депозит – пайыздық үстеме алу мақсатымен банкке салынатын ақша.

Пайыз – банктің клиент салымын пайдаланғаны үшін төлейтін ақшасы. Пайыздық мөлшерлеме – депозиттегі ақшаға қосылатын үстеме.

Пайызды капитализациялау – салымның бүкіл сомасына және жинақ ақшаға белгілі бір мөлшерде пайыз қосу.

Жедел депозит – белгілі бір мерзімге арналып ашылатын депозиттік есепшот. Ол көбінесе ұзақ мерзімдік қаржылық жұмсалым мен жинақ ақша болуы мүмкін. Жедел депозитке мейлінше көп пайыз қосыла- ды. Талап етілмелі депозит – иесі кез келген уақытта қайтарып алатын депозит. Бұл депозит айтарлықтай табыс әкелмейді.

Депозиттерді сақтандыру – қандай жағдайда да салымның қайтарылуына кепілдік беретін сақтандыру түрі. Кепілгері – мемлекет.

Банк салымының (депозитінің) келісім- шарты – банк пен салымшы арасындағы келісім- шарт. Ол бойынша, банк салынған ақшаны қайтарып беруге, тиісті мөлшерде пайыз қосып отыруға кепілдік береді. Салымның мерзімін ұзарту – банктің салым жөніндегі келісімшартты автоматты түрде ұзартуы. Бұлдепозиттегіақшаныңмерзіміөтіпкеткенде

жүзеге асады

Ай аттары

салым

алым

қаңтар

450

0

ақпан

1000

0

наурыз

1550

0

нәтиже

3000

0


Негізгі ұғымдарды, оқиды дәптеріне жазады, түсінгенін айтады. Сөздікпен жұмыс



Ойын. Миллион теңгеніқалайсақтап, көбейтугеболады? Ойын шарты бойынша, 1000000 теңгені сақтап қана қоймай, көбейтуге тиіссіңдер. Жолға шығарда түрлі-түсті фишкалар мен кубик алуды ұмытпаңдар. 1. «Банка» деген шеңбергетүссеңдер, ойын қайта басталады. Ақшаларың жоғалады. 2. «Сатып алу» деген шеңберге түссеңдер, кері қайтуға тура келеді. Жарты ақшадан айырыласыңдар.

3. «Қаржы пирамидасына» ақша салсаң, ойын аяқталды деген сөз. Ақша күйіп кетеді. 4. «Банк» деген шеңберге түссеңдер, бағдарша бойынша алға жылжып, ұтқан ақшаны аласыңдар


Қаржылық сауаттылық кеңестерін құру.

1 Ақша аспаннан жаумайды, еңбекпен келеді. Бірақ ақылмен жұмсамасаң, жоғалтып алу оп- оңай. 2. Ақша есепті ұнатады. Ақшаны бейберекет ша шуға болмайды. Әр теңгенің қайда жұмсалғанын күнделікті есептеп отыру керек. 3. Ақшаны үйде емес, банктің депозитінде сақтаған дұрыс. Сонда ол ешқайда жоғалмайды әрі иесіне табыс әкеледі. 4. Байлық тиыннан құралады. Ақша жинауды ерте бастасаңдар, күндердің бір күні қызығын көресіңдер. 5. Ақша сендерді емес, сендер ақшаны басқаруларың керек. Ол үшін қаржылық сауаттылық ауадай қажет. Жас кезде терең білім алсаңдар, есейгенде ақшаны дұрыс басқарып, байлыққа қол жеткізесіңдер.



Сызбалар, таблицалар арқылы

кеңестерді оқу, мағынасын түсіндіру, талдау



Инфляция

Инфляция: мәні, себебі, түрі, салдары

Туарлар мен қызметтер бағасының көтерілуі. Инфляция валюта курстарындағы өзгерістерге байланысты туындайды. Яғни, бүгінгікүні бір дәптер бағасы 50 теңге болса, ол 1 не 2 айдансоң 55 не 60 теңгеге қымбаттап кетуі мүмкін. Демек, бүгін қолыңызда бар ақшаға сатып алуға мүмкіндігіңіз бар затты инфляция орыналғаннан кейін иелене алмай қалуқаупі туындайды.

Практикалық жұмыс

Негізгі ұғымдарды дәптеріне жазады. Сөздікпен жұмыс

Салыстырады, талдайды




Эссе жазады, өлең құрастырады









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3978
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі