«Асыл қариялар»
қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама
Өткізілетін орны: Макинск №4 орта мектебі
Өткізілу уақыты: 11.10.2013ж сағат 16.30-17.30
Өткізілу барысы
(Қариялар мен құрметті қонақтарды оқушылар сап түзеп қарсы алады)
Би «Қазақ биі» орындайтын аудандық мәдениет үйі
1-жүгізуші: -
Қош келіпсіздер, ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған ақ сақалды аталар.
Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі
Сіздер үшін айтылады баталар
Сіздерсіздер мақтанышым қариялар
Сіздер жайлы жыр шалқып, ән ұялар
Өткенменен жалғаған болашақты
Ақылы ұшан теңіз дариялар
2-жүгізуші:
Армысыздар ардақты аталар, ақ жаулықты әжелер,
қымбатты қонақтар! Бүгін бізде ерекше мейрам, барша баланың ең
сүйікті де, ең жақсы көретін мейрімді аталарымыз бен әжелеріміздің
мерейлі мерекесі.
Ардақты ата-әже қариялар
Елімнің шежіресі дариялар
Қуат алған нәр алған
Әр шаңырақ жанұялар-
-құрметті қариялар бүгінгі «Асыл қариялар» атты мерекелік кешімізге
қош келдіңіздер.
1-жүгізуші:
Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі
әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы,
асқар тауы да әрине сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да
жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың
игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға
құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды.
Ардақты аталар, аяулы әжелер сіздерді бүгінгі мерекелеріңіз шын
жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай панамыз болып ортамызда
аман-сау жүре беріңіздер.
2-жүгізуші:
В последнее время стало доброй традицией отмечать
замечательный праздник – День пожилых. В этот день мы благодарим
вас за тепло ваших сердец, за тот опыт, которым вы делитесь с
молодым поколением: с вашими детьми, с вашими внуками. Мы хотим
пожелать вам крепкого здоровья, благополучия, любви и внимания
близких, чтобы вы испытывали только радость.
1-жүгізуші:
Құрметті қонақтар сіздерді бүгінгі
мейрамдарыңызбен құтықтау үшін сөз кезегін аудан әкімі Балпан Мұрат
Сағатұлына береміз.
(Ән:
«Ағаларым»)
2-жүгізуші:
Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасында нардың жүгін артқандар.
Омырауға қос-қос орден таққандар-
Бүгінгі мерекелік кешімізге келген құрметті қонақтарымызбен таныс
болайық:
-
Бұланды аудынының әкімі-Балпан Мұрат Сағатұлы -
Макинск қаласының әкімі -Маулиев Қайрат Маулиұлы -
Аудандық маслихатты хатшысы -Құсайынов Шахман Байдүйсенұлы -
Аудандық аурухананың бас дәрігері- Нұрсадықова Алма Жантаевна -
Аудандық білім бөлімінің басшысы-Төлегенов Жангелді Мейрамұлы -
Бұланды ауданы әуімінің баспасөз-хатшысы-Аманжолова Айгүл Егізбайқызы
1-жүгізуші:Құрметті аталар, әжелер, сіздердің бүгінгі
мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде биден шашу шашылмақ, қабыл
алыңыздар.
Би: «өзбек биі»-орындайтын
оқушылар тобы
Ән:
«......................................»
2-жүгізуші:
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отыратын үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір
кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың
арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа
таусылмас қазына.
Би «орыс халық биі»-орындайтын
мұғалімдер тобы.
1 - жүргізуші:
Қарттарды құрметтеп, олардың алдындағы перзенттік
парызымызды үлкен ынтамен орындап, әдептілік көрсету, біздің адами
қасиетіміз және басты міндетіміз.
Ән: «Жақсы көрем атамды» бастауыш сынып оқушысы
Чокан Лада.
2-жүгізуші:Бала ата-анасына қамқорлық жасап, құрмет
көрсетсе, қариялар отбасының құтын қондырып, береке-бірлігін
артырары сөссіз.
1 - жүргізуші: Қадірлі аталар мен әжелер!Бұл мереке аға ұрпақтың
қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және
ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.Қарттарға
қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының
арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды
шаралар іске асырылуда. Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңізге,
тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп, өмірдің небір қиындықтарын
қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз
үшін алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз.
Тақпақтар:
1оқушы:
Болашақ күшін бәріне шыдаған
Көз жасын көрсетпеген ешқашан
Шаршамаймын сіздерді мен мақтауға
Жолдарыңыз ашық болсын әрқашан
2
оқушы
Ардақты ата-әже қариялар
Елімнің шежіресі дариялар
Қуат алған нәр алған
Әрбір шаңырақ жанұялар.
3
оқушы
Дей алмаймын қартайды
Батыр ұлын Отанның
Елі аңыз ғып айтады.
Жүрген жолын атамның
Сүй- дейді,-өз еліңді
Ер өспейді бата алмай
Қартайғанда мейрімді
Болсам деймін атамдай
4
оқушы
Менің атам сақалы
Асқардағы ақ қардай
Таусылмайды мақалы
Таудан бұлақ аққандай
Ой мен қырын даланың
Бес саусақтай біледі
Өзі туған алабын
Ойша шарлап жүреді
Ауа райын білгірі
Осы кісі деседі
Босқа кетпес бір күні
Дәл келеді есебі
Менің атам мықты адам
Күштілерден ықпаған
Жас кезінде өзінің
Жігіті жоқ жықпаған
Менің атам мықты адам
Фашистен де ықпаған
Отан үшін от кешкен
Басып алға нық қадам
Менің атам мықты адам
Боранннан да ықпаған
Жылқы жайып қой бағып
Биігі жоқ шықпаған
2 - жүргізуші:
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата -
бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен
ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.
Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
Ән:
«Терме»-орындайтын Азамат
Бейбітхан
Би: «мектеп вальсі»-орындайтын 5
сынып оқушылары
Ән:
«..........................................»
1 - жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз
үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық,
көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында
атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан
жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз
ұзағынан болғай! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй,
ұзақ ғұмыр тілейміз сонымен қатар бала- шағаларыңыздың қызықтарына
тоймай ортамызда асқар тауымыз болып отыра беріңіздер.
Бүгінгі мерекелік кешімізге келгендеріңізге көп алғыс
білдіреміз.Келесі жақсылық кештерде жолыққанша аман-сау
болыңыздар.
Авторы: Опашова Жанагул Жалеловна
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
№162 орта мектеп.
Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд- шоу, буклеттер.
2. Қанатты сөздер: «Қарты бардың- қазынасы бар»,
«Ата- анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің»
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! қадірлі қонақтар !
Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Бүгінгі «Қарттарым- асыл қазынам» атты кездесу кешіміз ашық деп жариялаймыз.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Психологиялық тренинг. 10 сынып оқушылары.
Бақытты отбасы- келешек кепілі,
Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-
Әрқашан үлкендердің міндеті.
-Сөз. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы, бас маман Жанболаттегі Ерсұлтанға беріледі.
-Көркем сөз. «Қара шал» оқитын Жанболттегі Іңкар 8 сынып оқушысы.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.
— Сөз кезегі ардақты да, аяулы Жұрқабаева Назым әжеге беріледі.
ӘН. «Асыл әжем» орындайтын: Абдірашитова Ақтөре 11 сынып оқушысы.
Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,
Тірек болар бір- біріне қайда да.
Үлкендері-кішілерге қамқоршы,
Ал кішісі- үлкендерге көмекші.
Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,
Араластыр ерте бастан еңбекке.
<p
Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар
орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
</p
Өз ұрпағың болсын десең бақытты,
Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.
-Оқушылардың бүгінгі қадірлі қонақтарға арнауы. 8 сынып оқушылары.
-ӘН. «Апатайым, анашым» орындайтын 1 сынып оқушысы: Темірханова Ақгүлім
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар
-Сөз ардагер ұстаздар Бижанов Әлібек ағай мен Исаев Амангелді ағайға беріледі.
ӘН: «Әке туралы жыр» орындайтын Тұрмағанбетова Аружан 5 сынып оқушысы.
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
-Сөз кезегі ардақты да ардагер ұстаздар Шүкірова Хадиша апай мен Кенжеғұлова Күлан апайға беріледі.
-ӘН: «Анашым» орындайтын Қабылова Жансая 2 сынып оқушысы.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр.
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі
-Сөз ауыл имамы Мүсілімов Қыдырқожа атаға беріледі.
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.
Аса құрметті ардагер ұстаздар, қариялар! сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.
-Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.
Қорытынды сөз мектеп директоры: Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлына беріледі.
Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!
Сұрақтар :
1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?
2. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз не?
3. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?
4. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?
5. Ауылдағы үлкен мешітке ауыл қарттары неге аз барады? Мектеп жасындағы балаларды мешітке барып, жұма намазға баруға ықпал ету үшін қандай шаралар жүргізіп жатырсыздар?
6. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?
Осыған ұқсас жазбала
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарттар күні

шағым қалдыра аласыз