1.10.2024
Бекітемін.Мектеп директоры: Айтназаров М.
*
Тақырыбы:
«Қарттарым – асыл қазынам»
Өткізген: Нартаева К.
1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
(Фанфар. Жүргізушілер ортада)
1-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күнімен құттықтаймыз дей отырып ортаға Аманқос Балаусаны шақырамыз Ән «Ата әже»
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.
2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым-асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директоры Айтназаров Мұрат Шикалұлына береміз.
2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда 1- сынып оқушылары.
Әлихан
: Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем
Мәди: Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.
Дүйсебай
Айша
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман — есен жүр әжем.
Ақайым:
Ұстаздар ұлттың тірегі.
Ұстаздар-мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен.
Халықтың ұлы тілегі
Айша:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі-соқпақ, сөзі-нәр.
1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Жұматай Айяның орындауында « Әже,әжетайым» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Мектебіміздің биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!
«Гүлдер» биі
1-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектепалды даярлық тобының оқушысы Мақсат Еркеназдың орындауында « Жақсы көрем» әні
2-жүргізуші: Ата -ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
1-жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Қарсы алыңыздар алдарыңызда 4-сынып оқушысы Түгелбаева Мерейдің орындауында « Туған жер» әні
2-жүргізуші: Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау?!
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
Сіздердің құрметтеріңізге
1-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.
2-жүргізуші: Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Алдарыңызда 5сынып оқушысы Тілеубай Жібек «Ұстаздың алдында бас иген шәкірттің тасы өрге домалайды»
1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
2-жүргізуші: Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
Рабай Батырхан « Рақмет саған мұғалім»
1-жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін,
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
2-жүргізуші:
Құрметті ардагерлер, ұстаздар және жас мамандар! Бүгін біз үшін ерекше күннің бірі. Себебі бұл күні жас мамандардың ұстаздық жолға қадам басып, өзінің кәсіби жауапкершілігін қабылдайтын сәті. Әрбір жас маман үшін бұл сәт – оның жүрегінде мәңгі сақталатын маңызды күн. Бүгін олар ұстаздық қызметтің қастерлі жолына ант береді.
-
жүргізуші:
Иә, ұстаздық жол – бұл тек білім беру ғана емес, әрбір шәкірттің тағдырына әсер ететін үлкен жауапкершілік. Жас мамандарымызға алдағы уақытта бұл жолда абыройлы болып, елдің еңселі ұстазы болуды тілейміз! Ендеше, жас мамандардың салтанатты ант беру рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Құрметті жас мамандар! Алдарыңызда үлкен жауапкершілік жатыр.
Сіздер бүгін ұстаздық жолдың алғашқы қадамын жасап, адал қызмет
етуге, балалардың жүрегіне мейірім мен білім сәулесін себуге ант
бересіздер.
1-жүргізуші:
Бұл ант – тек сөз емес, ұстаздық мамандықтың мәні мен маңызын
түсініп, елге, шәкірттерге деген адал қызметті білдіреді. Енді жас
мамандарымызды ант беруге
шақырамыз!
Жас мамандар ортаға шығып ант береді, төсбелгі тағылады
Ардагер ұстаздардан құттықтау сөзі беріледі.
2-жүргізуші. Ұстаздық — өмірлік қызмет, шексіз қайрат пен шыдамдылықты талап ететін мамандық. Қарт ұстаздарымыздың мол тәжірибесі мен даналығы әрқашан бізге үлгі.
Алдарыңызда Жүсіпбек Марғұлан
1-жүргізуші: Алдарыңызда жас мамандардың орндауында «Ұстазым» әні
2-жүргізуші:
Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
1-жүргізуші: Шәкірттеріне мейірім шуағын төгіп, шыншылдығымен өнеге бере білген жаны жомарт, пейілі дархан ұстаздарымыз барлық құрметке лайық! Ғажайып дүниенің сырын ұқтырып, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған ұстаздарымызға мәңгі тағзым етеміз дей отыра
Келесі кезекте 2003 жылғы және 2018 жылғы мектеп түлектерінің ыстық лебіздеріне назар аударыңыздар. (Сыйлық табыстау рәсімі)
2-жүргізуші: Ендігі кезекте 5- сынып оқушыларының орындауында хор «Ұстазым менің»
1-жүргізуші: Алатаудай кейпі биік қашанда,
Таң сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
2-жүргізуші: Бүгінгі «Қарттарым-асыл қазынам» атты кешіміз осымен аяқталды.
1-жүргізуші: Қымбатты ардагерлер, ұстаздар, бүгінгі мерекелік шара сіздерге арналған алғысымыздың кішкентай ғана көрінісі. Сіздерге өмірлеріңіз ұзақ, бақытты және денсаулықтарыңыз мықты болсын деп тілейміз.
2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!

https://www.instagram.com/reel/DAlV_rioic8/?igsh=ZHV5bXJhOGQxODlp
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қарттар күні" сценарий

шағым қалдыра аласыз