Тақырыбы:
«Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман
саумысың »
Мақсаты:Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ
сүтімен,әке өнегесімен, ата ақылымен берілетін өзіндік ұлттық
қасиетімізді балалардың бойында қалыптастыру.
Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім? Әрине,
қарттарымыз.
1.Айзере
жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған тау мүсін
Қарттарым аман саумысың
2.Диас
жүргізуші:
Өздерің болса жаныңда
Ел іші жомарт , еңселі
Дән иісі жүрген қаныңда
Даламның бір-бір бөлшегі
1. Айзере
жүргізуші:
Өзге бір менде жоқ тілек
Құрметпен балаң түргесін
Болғам жоқ алаң ,даламда
Әулие қарттар жүргесін
2. Диас
жүргізуші :
Алдында жүрші көзімнің
Асылым алтын қазынам
Ауыра қалсам өзіңнің
Пейіліңнен –ақ жазылам
1. Айзере
жүргізуші:
Сағынып талай жыр туар
Оралар әлі-ақ сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап
Қарттарым аман-сау жүрші
2 .Диас
жүргізуші:
-Бүгін ата-әжелеріміздің төл мерекелері, ардақты аталар мен әулие
әжелер! Мерекелеріңіз құттты болсын!Немелеріңіздің шат-шадыман
шаттығына бөленіп , тәтті қылығына кенеліп ,тізелеріңе отырғызып
,ертегі тыңдатып заманның қатал тұстары шынықтырған қуаттарыңыздың
арқасында аман – есен жүре
беріңіздер!
1.Айзере жүргізуші :«Дария кеуде тау мүсін,қарттарым аман саумысың» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Видеоролик: «Ата-әже»
ән
Сырым :
«Тоқта ботам»
Тоқта балам!Атаң келед артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға
Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға
Тоқта балам! Атаң келед артыңда
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін
Жүзе жүріп жүз құбылған сағымда
Жастық дейтін көктемінің шағында
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында
Ей,болашақ қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата-қыран ұялы
Сен сыйласаң,сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ өмірін қияды
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесін сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын біртүрлі....
Тоқта балам !Атаң келед артыңда!
Дария шалқар даналығын ,ал тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға,
Тоқта балам !Атаң келед артыңда!
Б.Арай:
Өзіңсің,сүйікті
ана,құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Алсу:
Бар ана туған елдің гүлі дер
ем
Анажан,қайғың болса,күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әрбір күнім- өлең
Анашым,айтарым көп тіл жетпейді,
Бір сендей асыл адам таба алмадым.
Разия:
Қызмет қылсаң халыққа
аянбадың,
Болашақтың қалауын даярладың.
Ат шалдырған жолаушы секілденіп,
Асып алып 60 тан аялдадың.
Ж.Алихан:
Қартайсаң да қайғырмай шауып
жүрсің,
Қартайғанмен пенсия алып жүрсің.
Шал десек те қолынан түк келмейтін
Балаңыздың баласын бағып жүрсің..
Ертуған:
Сен қартайды дегенге мен
сенбеймін
Әжімменен кәрілік өлшенбейді
Әжім деген-әйгілі тамшы уақыт
Тамшы уақыт тасты да жеңсем дейді
хор: «Сағындым,
әже»
Арайлым:
Шаршама,шашым ерте ағарды
деп,
Қайратын қан бойында қалар жүдеп
Ақ шаштың ар жағында-аппақ миың,
Әжімнің ар жағында-соғар жүрек.
Камилла:
Аялаған баптаған,асыраған
сақтаған
Айтып бәрін үйреткен,әжелерге мың алғыс
Ерлік еткен біз үшін,Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,аталарға мың
алғыс.
«Кара
жорға» биін
тамашалаңыздар.
А.Нұрлан:
Әжем-ақыл бесігі
Мейіріммен тербеткен
Мен де ақылды боламын
Аман-есен ержетсем
Маған ақыл беретін
Әжем менің асыл жан
Сипап жақсы көретін
«Құлыным»деп басымнан
Мағжан:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Көрініс: «Бай мен
ұлдары»
Айтолды:
Ашық аспан ақ жарқын күн
көзіндей
Жарқыраған тарихтың күмбезіндей
Асқар таудың шыңындай қыран ойы
Қарапайым болған соң тұр сезілмей
Шапағаты ақ маржан, ақ тарыдай
Жеміс төккен бағбаннның бақтарындай
Жүре тұршы жарқырап арамызда
Кең пейілді көне көз қариялар!
«Ай дидарлы
анашым»әні.
Д.Алихан:
Бабаларым рахмет сендерге
Бабаларым болмасындеп құр кеуде
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым рахмет сендерге!
Хор: «Ақ әжем»
М.Алихан:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Асемгул:
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
«Атаңа не
қылсаң»көрініс
1Айзере жүргізуші:
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
2.Диас жүргізуші:
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
Арсен:
Аппақ шашың күн сайын
қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Азиз:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен апалар!
Нуралы:
Үлкен сыйлау жасымнан әдет
маған
Сәлем берем қарт ата,анаға кеп
Сәлем берем осынау қарияға
Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп
Айару:
Бұл өмірде жүргендей тұз
арқалап
Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ
Менің жігіт шағыма қызыққандай
Тұрады ол соңыма ұзақ қарап
Желдей зулап таяқты
кететіндей
Соңыма мен бұрылмай тарта берем
Мені қуып бұл қарттық жететіндей.
« Қазақ жастары»хор
Хазірет:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар мен әжелер!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Меруерт:
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Көрініс:
2-жүргізуші: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.
Мақалбай ата: Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4-оқушы: Үлкеннің алдынан кесіп өтпе
5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
6-оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
Мақалбай ата: Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
А.Нурлан: Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
Д.Алихан: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
Ж.Алихан: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
М.Алихан: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
Камилла:«Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»
Айтолды: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»
К.Нұрлан: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»
Ертуған : «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»
Нурали: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!
Аумин!
1.Айзере жүргізуші:
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
2.Диас жүргізуші:
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлыұлттық қасиеттеріміздің бірі.
Рабиға:
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
Алижан:
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
Даниял:
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық
бар екен.
Туған
балаң жай ғана,
Демесең де жат
бөтен,
Нағыз бала
ойласаң.
«Немере» екен тәтті
екен.
Бата берушілер:
Нурали:
Абырой амандығын арта
берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
К.Нурлан:
Тыныштық елімізге бере
берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Сырым:
Қарттарым сіздерге Алла саулық
берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
Мұғалім:
-«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», — деп күңіренген.
Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді. Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп,
«жүз жаса», «жағың түскенше,жаманшылық көрме» «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз. Ендеше қарттық деген соншалықты қорқынышты, соншалықты қауқарсыз болмаса керек.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым аман сау жүрші…
Сарқылмас асыл қазынам,
Қарттарым аман-сау жүрші»
Жасай бер қазыналы қарттарым!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарттар күніне арналған әдеби-музыкалық монтаж 2 сынып
Қарттар күніне арналған әдеби-музыкалық монтаж 2 сынып
Тақырыбы:
«Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман
саумысың »
Мақсаты:Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ
сүтімен,әке өнегесімен, ата ақылымен берілетін өзіндік ұлттық
қасиетімізді балалардың бойында қалыптастыру.
Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім? Әрине,
қарттарымыз.
1.Айзере
жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған тау мүсін
Қарттарым аман саумысың
2.Диас
жүргізуші:
Өздерің болса жаныңда
Ел іші жомарт , еңселі
Дән иісі жүрген қаныңда
Даламның бір-бір бөлшегі
1. Айзере
жүргізуші:
Өзге бір менде жоқ тілек
Құрметпен балаң түргесін
Болғам жоқ алаң ,даламда
Әулие қарттар жүргесін
2. Диас
жүргізуші :
Алдында жүрші көзімнің
Асылым алтын қазынам
Ауыра қалсам өзіңнің
Пейіліңнен –ақ жазылам
1. Айзере
жүргізуші:
Сағынып талай жыр туар
Оралар әлі-ақ сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап
Қарттарым аман-сау жүрші
2 .Диас
жүргізуші:
-Бүгін ата-әжелеріміздің төл мерекелері, ардақты аталар мен әулие
әжелер! Мерекелеріңіз құттты болсын!Немелеріңіздің шат-шадыман
шаттығына бөленіп , тәтті қылығына кенеліп ,тізелеріңе отырғызып
,ертегі тыңдатып заманның қатал тұстары шынықтырған қуаттарыңыздың
арқасында аман – есен жүре
беріңіздер!
1.Айзере жүргізуші :«Дария кеуде тау мүсін,қарттарым аман саумысың» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Видеоролик: «Ата-әже»
ән
Сырым :
«Тоқта ботам»
Тоқта балам!Атаң келед артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға
Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға
Тоқта балам! Атаң келед артыңда
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін
Жүзе жүріп жүз құбылған сағымда
Жастық дейтін көктемінің шағында
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында
Ей,болашақ қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата-қыран ұялы
Сен сыйласаң,сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ өмірін қияды
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесін сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын біртүрлі....
Тоқта балам !Атаң келед артыңда!
Дария шалқар даналығын ,ал тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға,
Тоқта балам !Атаң келед артыңда!
Б.Арай:
Өзіңсің,сүйікті
ана,құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Алсу:
Бар ана туған елдің гүлі дер
ем
Анажан,қайғың болса,күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әрбір күнім- өлең
Анашым,айтарым көп тіл жетпейді,
Бір сендей асыл адам таба алмадым.
Разия:
Қызмет қылсаң халыққа
аянбадың,
Болашақтың қалауын даярладың.
Ат шалдырған жолаушы секілденіп,
Асып алып 60 тан аялдадың.
Ж.Алихан:
Қартайсаң да қайғырмай шауып
жүрсің,
Қартайғанмен пенсия алып жүрсің.
Шал десек те қолынан түк келмейтін
Балаңыздың баласын бағып жүрсің..
Ертуған:
Сен қартайды дегенге мен
сенбеймін
Әжімменен кәрілік өлшенбейді
Әжім деген-әйгілі тамшы уақыт
Тамшы уақыт тасты да жеңсем дейді
хор: «Сағындым,
әже»
Арайлым:
Шаршама,шашым ерте ағарды
деп,
Қайратын қан бойында қалар жүдеп
Ақ шаштың ар жағында-аппақ миың,
Әжімнің ар жағында-соғар жүрек.
Камилла:
Аялаған баптаған,асыраған
сақтаған
Айтып бәрін үйреткен,әжелерге мың алғыс
Ерлік еткен біз үшін,Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,аталарға мың
алғыс.
«Кара
жорға» биін
тамашалаңыздар.
А.Нұрлан:
Әжем-ақыл бесігі
Мейіріммен тербеткен
Мен де ақылды боламын
Аман-есен ержетсем
Маған ақыл беретін
Әжем менің асыл жан
Сипап жақсы көретін
«Құлыным»деп басымнан
Мағжан:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Көрініс: «Бай мен
ұлдары»
Айтолды:
Ашық аспан ақ жарқын күн
көзіндей
Жарқыраған тарихтың күмбезіндей
Асқар таудың шыңындай қыран ойы
Қарапайым болған соң тұр сезілмей
Шапағаты ақ маржан, ақ тарыдай
Жеміс төккен бағбаннның бақтарындай
Жүре тұршы жарқырап арамызда
Кең пейілді көне көз қариялар!
«Ай дидарлы
анашым»әні.
Д.Алихан:
Бабаларым рахмет сендерге
Бабаларым болмасындеп құр кеуде
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым рахмет сендерге!
Хор: «Ақ әжем»
М.Алихан:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Асемгул:
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
«Атаңа не
қылсаң»көрініс
1Айзере жүргізуші:
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
2.Диас жүргізуші:
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
Арсен:
Аппақ шашың күн сайын
қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Азиз:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен апалар!
Нуралы:
Үлкен сыйлау жасымнан әдет
маған
Сәлем берем қарт ата,анаға кеп
Сәлем берем осынау қарияға
Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп
Айару:
Бұл өмірде жүргендей тұз
арқалап
Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ
Менің жігіт шағыма қызыққандай
Тұрады ол соңыма ұзақ қарап
Желдей зулап таяқты
кететіндей
Соңыма мен бұрылмай тарта берем
Мені қуып бұл қарттық жететіндей.
« Қазақ жастары»хор
Хазірет:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар мен әжелер!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Меруерт:
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Көрініс:
2-жүргізуші: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.
Мақалбай ата: Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4-оқушы: Үлкеннің алдынан кесіп өтпе
5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
6-оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
Мақалбай ата: Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
А.Нурлан: Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
Д.Алихан: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
Ж.Алихан: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
М.Алихан: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
Камилла:«Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»
Айтолды: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»
К.Нұрлан: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»
Ертуған : «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»
Нурали: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!
Аумин!
1.Айзере жүргізуші:
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
2.Диас жүргізуші:
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлыұлттық қасиеттеріміздің бірі.
Рабиға:
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
Алижан:
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
Даниял:
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық
бар екен.
Туған
балаң жай ғана,
Демесең де жат
бөтен,
Нағыз бала
ойласаң.
«Немере» екен тәтті
екен.
Бата берушілер:
Нурали:
Абырой амандығын арта
берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
К.Нурлан:
Тыныштық елімізге бере
берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Сырым:
Қарттарым сіздерге Алла саулық
берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
Мұғалім:
-«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», — деп күңіренген.
Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді. Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп,
«жүз жаса», «жағың түскенше,жаманшылық көрме» «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз. Ендеше қарттық деген соншалықты қорқынышты, соншалықты қауқарсыз болмаса керек.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым аман сау жүрші…
Сарқылмас асыл қазынам,
Қарттарым аман-сау жүрші»
Жасай бер қазыналы қарттарым!
шағым қалдыра аласыз













