Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
«Бекітемін:______________
Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.
«Келісемін» _______________
Сынып жетекшісі: _______________
Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Қарттарым - асыл қазынам ».
Өтетін орны: «№ 3 ЖОББМ» КММ
Сынып: 5 «А»
Мерзімі: 20.09.2021
Тобы: 27
Машықкер: Әділхан Арай Қуатқызы
Баға: «__ » (________)
Баға: «___ » (________)
Семей 2021
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды қарттарды құрметтеуге, оларды бағалауға үйрету.
Міндеті: Қарттардың қоғамдағы маңызын сезіндіру, өз ата -апасына деген махаббаттарын арттыру.
Тәрбиелік: Сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру формасы: Пікіралмасу
Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелесу
Көрнекілігі: Суреттер,нақыл сөздер
Тәрбие сағатының құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу.
2 минут
-Оқушылармен «Менің есімімнің тарихы» тренингін өткізу.
3 минут
II. Негізгі кезең
-Алғы сөз
3 минут
-Жағдаяттарды шешіп, талдау
5 минут
- Ой қозғау
5 минут
-«Кім тапқыр?» ойыны
5 минут
-Видеороликпен жұмыс
5 минут
-«Миға шабуыл» ойыны
3 минут
-«Синквейн» әдісі
2 минут
III. Қорытынды кезең
-«БББ» әдісі бойынша оқушылармен кері байланыс орнату.
4 минут
-Қорытынды сөз
3 минут
-Рефлексия
5 минут
Тәрбие сағатының барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдерме құрметті оқушылар?! Қалдарың қалай? Бүгін мен сендермен 1-қазан қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатын өткізетін боламын. Бүгінгі күндеріңе баршаңа сәттілік тілеймін.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын әуелі сендермен «Менің есімімнің тарихы» деген тренинг өткізіп алайық.(Мысалға,менің есімім Арай бұл есімді маған апайым таңның шуағы секілді әдемі болсын деген ниетте қойған екен.)
Негізгі кезең
Елімізде ең алғаш 1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қазанның бірін қарттар күні деп белгіледі.Бұл күн біз үшін ата-апаларымызға жақсы көретінімізді айтып,оларды құттықтайтын күн.
Мінекей,алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Біздің Қазақстанда бүгінгі кезде 2,5 миллионнан астам қарттар бар.Олардың 1025 Ұлы Отан соғысының ардагерлері.Жалпы біздің өңірімізде 200 ден астам соғыс ардагері тұрады.Бүгінде мемлекет тарапынан оларға тиісті деңгейде көмек көрсетіліп отыр.Мысалға,зейнетақыны өсіру,баспанамен қамтамасыз ету т.б.
Жағдаяттарды шешу
1.Жолдың арғы жағына бір апа өте алмай тұр. Қолында ауыр сөмкелері бар. Осы сәтте сен не істер едің? Қасына барып көмектесесіңбе?
2.Сенің досыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Сен досыңа қандай кеңес бере аласың?
3.Атаң сенен өзіне газет оқып беруіңді өтінді.Бір жағынан досың бірге доп ойнауға шақырды.Осы жағдайдан сен қалай шығатын едің? Кімнің өтінішін орындайсың ?
Ой қозғау.
Бұрын соңды сендер қарттар үйі деген сөзді естіп көріппе едіңдер? Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе ?
Өкінішке орай, қазіргі кезде Қазақстанда қарттар үйінің саны артпаса кеміген емес.Бір ғана мысал келтіре кетсем, елімізде 100 ге жуық қарттар үйі бар екен.Онда 19 мыңға жуық қарттар тұрып жатыр.
Ойын
«Кім тапқыр?» ойыны
(Оқушыларға бүгінгі тәрбие сағатына байланысты сөз жазылған қағаз таратылады.Олар сол сөзге қатысты мақал-мәтел не болмаса сөйлем құрастыруы керек.)
Видеороликпен жұмыс
Ал оқушылар ендігі кезекте видеоролик жайлы ойларыңды ортаға салып, бірге талқылайық.
Ойын
«Миға шабуыл» ойыны ( Оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеруге арналған ойын түрі )
Қарттар,ата,апа,Қазақстан,1-қазан,мейірім.
Синквейн
«Синквейн» әдісі
«Апа» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
1 жолы - зат есім
2 жолы - етістік
3 жолы - сын есім
4 жолы - сөйлем құрау
5 жолы - синоним
Қорытынды кезең
«БББ» әдісі бойынша оқушылармен кері байланыс орнату.(Оқушылардың алдына парақ таратамын.)

Қорытынды сөз : Міне, балалар жасы үлкенге құрмет көрсету – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге әкелген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның қарызы, міндеті өлшеусіз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Ал енді қымбатты оқушылар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйін айтатын кезде келіп жетті.Сендерде, менде өмір бойы жас болып тұрмаймыз. Қарттық адамды айналып өтпейді, дүние алма кезек. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата - анаға не істесең, алдыңнан сол қайтады деген дана халқымыздың тамаша бір сөзі бар. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Рефлексия
«Көңіл-күй аралы»
(Тақтада аралдар картасы тұрады, оқушылар стикерге бүгінгі тәрбие сағатынан алған білімдері, әсерлері жайлы жазады, аралдардың біріне барып іледі.)
Қуаныш аралы ( Мысал ретінде: бүгінгі тәрбие сағаты маған ұнады. Мен тапсырмаларды толықтай орындай алғаныма қуаныштымын. Сондықтан қуаныш аралына барамын.)
Өкініш аралы ( Бүгінгі сабаққа мен жөнді қатыса алмадым )
Көңілсіздік аралы ( Мен үшін сабақ көңілсіз болды мені қызықтырмады )
Білімділік аралы ( Бүгін мен өз білімімді арттырдым, көп жаңа ақпаратпен таныстым сол себепті білімділік аралын таңдаймын ) т.б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарттарым - асыл қазынам

шағым қалдыра аласыз