"Қарттарым - асыл қазынам" сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қарттарым - асыл қазынам" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарттарым - асыл қазынам»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дүниеге келер бір рет

Дария кеуде тау мүсін

Құрыштан құйған құдірет

Қарттарым аман саумысың?




2. Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!




3 . Ортамызда қадірменді қарттар бар,

Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.

Арқасында нардың жүгін артқандар.

Омырауға қос-қос орден таққандар.


4. Әжем келді, алақай!

Қолтығынан демейін

Көрпе төсеп берейін

Тынығып ата- әже серігіңіз

Ертек айтып беріңіз

Қарттарды сүйген баламыз

Сіздерден тәлім аламыз

5. Әкелер!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

6. Аналар!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Жүздеріңді әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.

7. Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары



8. Ата сөзі- қасиетті киелі

Ата сөзі- жанға жылы тиеді

Ата сөзі- өміріме өнеге

Ата сөзі-тек шындықты сүйеді


9. Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!

Ақ жаулықты аналар!

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.



10. Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

11. Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2020
1732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі