«Қарттарым -
асыл қазынам»
Мақсаты: Оқушыларды
адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау,
кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды
құрметтеуге
тәрбиелеу.
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман саумысың?
2. Асқар тауым, ақылгөйім,
ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
3 . Ортамызда қадірменді
қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін
тартқандар.
Арқасында нардың жүгін
артқандар.
Омырауға қос-қос орден
таққандар.
4. Әжем келді,
алақай!
Қолтығынан
демейін
Көрпе төсеп
берейін
Тынығып ата- әже
серігіңіз
Ертек айтып
беріңіз
Қарттарды сүйген
баламыз
Сіздерден тәлім
аламыз
5.
Әкелер!
Мәңгі өшпейтін
атақ-даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын
жақты.
Ерлігіңді жалғастырам,
бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы
бақты.
6.
Аналар!
Қарыздармын өзіңе
мен,
Қайыспай қиындыққа төзе
білген.
Жүздеріңді әжімдер
басқанымен
Баяғы бәз жүзіңдерің
өзгермеген.
7.
Хош келіпсіз ақ жаулықты
аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке
шашулары
8. Ата сөзі- қасиетті
киелі
Ата сөзі- жанға жылы
тиеді
Ата сөзі- өміріме
өнеге
Ата сөзі-тек шындықты
сүйеді
9. Қымбатты ақылдың кенін
арқалаған айбынды аталар!
Ақ жаулықты
аналар!
Аппақ шашың күн сайын
қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
10.
Әр күлгенің бізге бақыт
саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
11. Абырой амандығың арта
берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін