Материалдар / Қарттарым- менің шежірем!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарттарым- менің шежірем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
1021
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қарттарым- менің шежірем!


Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Қонақтармен амандасу

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Ата- апаларымыздың білімгерлерге берер ақыл кеңестері, жүрек жарды сөздері.

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті  ата-әжелер, ұстаздар,білімгерлер!

Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз.

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 

Ал, енді келесі кезекте И 1-18 тобының білімгерлерінің өздеріңізге арнаған өлең шумақтарына бергім келеді!

Жазира:

Теңіздей боп тасиды көңіл бүгін,

Шаттық барда өмірді сүймейді кім.

Біз тілейміз сіздерге болашақта,

Бақыт толы өмірдің небір күнін.

 Жақсылық:

Ғасыр деген арман жасқа толыңыз,

Өріс боп жайлау болып оң-солыңыз.

Ұрпақтардың ортасында құтты қарт,

Аталатын бақытты да көріңіз.

 Аян:

Сізді қалай жүреміз біз үлгі етпей

Жан – тәніңіз өнеге мен құрмет қой!

Ұзақ жасап, бақыт кешіп өмірде,

Жолыңызды сәулелі де нұрлы еткей.

 Арай: 

Асқар тау боп көрінсеңіз біріңіз,

Ал біріңіз шуақ төккен күніміз.

Қызық көріп ортамызда біздердің,

Ардагерлер аман-есен жүріңіз

https://www.youtube.com/watch?v=dU0TxktRBm4 «Асыл әже» әні

Жүргізуші:


Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


Айдана:

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.


Қанат:

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.

Жүргізуші:

Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

М.Мақатаев «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» https://www.youtube.com/watch?v=L4Snxohrum0

Келесі кезекті жағдаяттар жинағына берейік:

  1. Айдана сол күні сабақтан қатты ауырып,шаршап шықты. Автобуста сол күні адам толы болды. Дегенмен Айдана орын тауып жайғаса кетті. Келесі аялдамадан жасы үлкен әжей мінді Айдана өзінің шаршағанын аға тартып, орын бермеді. Ал, ендә сендер әженің орнында болғанда және Айдананың орнында болғанда қандай әрекет жасар едіңдер?

  2. Саған үлкен үлкен кісі дорбаларын 5 қабатқа дейін көтерісуін сұрайды. Бірақ ол адамның сырт келбеті саған күдікті көрінді?! Сенің әрекетің?

  1. Сұрақтар кезеңі:
    Қазіргі таңдағы қарттарға деген сыйластық қаншалықты?

  2. Не себептен қарттар үйі көбеймесе, азаяр емес?

  3. Ата-аналарың сендерге қаншалықты үлкенді құрметтеу туралы айтады?

Жүргізуші:Олай болса, тәрбие сағатымызды қорытындылайық!

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөлігендеріңізге көп рахмет!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!