Материалдар / Қарттарым, аман - сау жүрші !
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарттарым, аман - сау жүрші !

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Студенттердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
738
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қарттарым, аман – сау жүрші !

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Студенттердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Түрі: Ардагерлермен кездесу, концерт

Көрнекілігі: Тақырып, нақыл сөздер, шар, слайд, шақыру билеті, буклет т.б

Жүру барысы:

1.Қонаққа шақырып, қарсы алу

2. Құттықтау сөз кезегі

2.Өлең жолдары оқылады

3.Концерттік бағдарлама


Кіріспе сөз: Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Яғни бұл күн – аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Демек жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Адам баласының бойындағы бұл ізгі ниет. Бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қазақ – қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет. Жастары егде тартқан шақта қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, жетілдірген ұл-қыздары қас-қабағына қарап, немерелері қойнына тығылып, мойнына асылып жатса еңбектерінің ақталғаны емес пе? Қарияларымыздың «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп Жаратушыға құлшылық етуінің мәні де осында. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Қарттарым, аман-сау жүрші...

Баяхметова Аяулымның орындауында «Бастау»



1 – жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен студенттер !

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Тербедің күзгі бақты самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен !!!



2 – жүргізуші:

Қарты бар үйдің қазынасы бар. Қарттар – біздің асыл қазынамыз демекші, үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі сіздердің еткен еңбектеріңіз ерен, талай жасты тәрбиелеп өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп, ұрпақ үшін игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытып жолымызда жарық жұлдыз болып жүрсіздер. Ендеше, «Қарттарым, аман – сау жүрші» деп аталатын сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!!!

Олай болса осында отырған қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелерге мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Алғашқы сөз кезегін директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Аринов Қуаныш Бейсенұлына беріледі.

Сіздердің құрметтеріңізге әсем ән. Қабыл алыңыздар !


Ән: «Ана - Әке»   Орындайтын: Тоханов Айбатыр және Нұғманова Балжан


 1 – жүргізуші:

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар сіздердің келешек ұрпақ үшін жасаған игі істеріңіз әр жүректің төрінен орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Тәуелсіз еліміздің өсіп – өркендеуіне үлес қосқан осы ардақты жандар деп білеміз. Саналы ғұмырында Отан деп, тылда түре салып тынымсыз еңбек еткен аяулы жандар – біз сіздердің алдарыңызда қаншама қарыздармыз. Сіздер жас ұрпаққа төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.


Көрініс: Ата мен немере


Атасы: Жастық шағына қызыға да қызғана қараған қария шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қояды. Онан соң мойынының түймесін ағытып, мойынына ілген бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш бойтұмар. Қарт тұмарды ерініне жақындатып, тәу етті. Содан кейін бәкісін алып тұмарды сөкті де төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен бір уыс қиыршық топырақ құм жерге түсті. Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын туған жерінен түйіп алған топырақ болатын. Осындай әрқилы ойлардың құшағында отырған қарияның ойын немересі бұзды.

Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағынасыз ?

Атасы: Балам туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп өсіп – өндім. Ол менің ата-бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.

Немересі: Ата, осыншама жасқа келсеңізде туған жерге деген сүйіспеншілігіңіз бен құрметіңіз сіздің бойыңызға ана сүтімен, бесік жырымен сіңген бе?

Атасы: Ия, балам. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса үмітімнің ақталған деп білемін. Туған жерді сүю өз ата-әжеңді, бауырларыңды, әке-шешеңді туыстарыңды тыңдап құрметтеуден басталады балам. Үлкенді сыйласаң ұор болмайсың. Ақылды бол, балам, ақылды бол.


Мерекеңіз құтты болсын ата – апа

Көкіректен жыр төгілмей жата ма

Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің

Кенелтіп бір ілтипатты батаға деп –

Табылдинов Тікеш ағамызды ортаға шақырып бата сұрасақ.

Сіздердің құрметтеріңізге әсем ән. Қабыл алыңыздар !


Ән: «Аяулы ана» Орындайтын: Анишова Гаухар


2 – жүргізуші:

Жүз дейміз – ау !

Сөз болып па со–дағы !

Тек сол үшін жазбас едім оданы.

Қария ма ?

Қария ол

Қартаймас

Жас жүрек пен дана бастың одағы деп –

Қазақтың Қадыры жырлағандай қариялар мәңгі біздің жүрегімізде жүреді. Біз олардың ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз қажет. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Әр үйдің құтты қонағы қарттарымыз қашанда аман жүргей.


Нұғманова Балжанның орындауында ән «Жақсы адамдарым»


/Қарттарға арнап жыр шумақтары оқылады/

Музыка қосулы болу керек, баяу ән ойнап тұрады.


1 – студент: Құттықтаймыз мейрамынмен аталар !

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің-жұртың, ұл мен қызың бағалар.

Ана мейір күн көзімен пара – пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шышыпәрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар !


2 - студент: Қызылшақа боп туып, жөргекте едім

Мәпелеп еркелеттің, ер жет дедің

Төрт бөліп тәтті ұйқыңды, түнде тұрып

Есімде тал бесікті тербеткенің.

Жан ана, аяулы ана, зейінді ана

Кең пейіл, күн дидарын мейірлі ана

Бала үшін өлімге де бас байлаған

Қасиетің сондай асыл сенің ғана.


3 - студент: Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып

Қуат кетіп бара жатыр қартайып

Отбасыңда, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сынары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.


4 – студент: Еркелетіп өсіріп, тіл берген сен

Жаныңның жайлауынан гүл берген сен

Елін сүйген ер көңіл ақын етіп,

Кеудеме сарқылмайтын жыр берген сен.

Анаға сірә теңеу таба алар ма,

Ақын да, ақылы асқан даналарда

Ардақтап әнге қосқан есімдерін

Бас ием бір емес, бар аналарға.


5 – студент: Біз үшін өткен талай жылдарыңыз

Жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із

Әкелік мектебіңізден тәлім алған

Бұл күнде өзі де әке ұлдарыңыз.

Әлі де биік болсын жұлдызыңыз

Арналған перзенттерден жыр-гүліміз

Жүріңіз аман-есен ортамызда

Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз.


/Ардагерлерге гүл шоғын тарату/

Тоқанов Айбатырдың орындауында «Менің әкем – ең жақсы адам» әнің қабыл алыңыздар !


1 – жүргізуші: Ата – әжесі бар, әке – шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы – қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпайық.

Әуелеген ән де

Ұсылған дәм де

Тамаша көңіл-күй

Мыңбұралған би ! Бәрі – бәрі сіздердің құрметтеріңізге арналады.


Колледж студенттерінің орындауында «Қара жорға»биі



1 – жүргізуші: Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болсын деп тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.


Ән: «Тарбағатай таулары» орындайтын ұлдар


2 – жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйінде өмірлерін жалғастыруда.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуді ұмытуға болмайды. Қарт кісіні құт – береке деп қабылдап, ата-анаға қай кезде болса да қамқорлық танытайық. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әркезде де бақытты.


Серікқызы Арайлымның орындауында «Менің қос бәйтерегім»


Мұқағали Мақатаев «Мен қарапайым қарттарды сүйем» Нурдуллаева Гулнара /мәнерлеп оқу/

1 – жүргізуші: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды.

Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр болатыны. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол келеді. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.


Калимжанова Айгерімнің орындауында «Алғыс» әнің қабыл алыңыздар


1 – жүргізуші : Жанды ғой бағы даламның

Сендерге қуат дем берсін

Киесі де оның сендерсің

Иесі де оның сендерсің

Алдымда жүрсе көзімнің

Асылым алтын қазынам

Ауыра қалсам өзіңнің

Пейіліңмен ақ жазылам.

Сағынып талай жыр туар

Мадақтар әлі сан жыршы

Даламның иісі бұрқырап

Қарттарым аман – сау жүрші.


Баяхметова Аяулым Қарттарым, аман-саумысың!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!