Материалдар / "Қарттарым аман-сау жүрші"сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарттарым аман-сау жүрші"сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2020
1304
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қарттарым аман- сау жүрші!»

Мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де “сіз”

Кішіге де “сіз”

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз

.Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1) – Қазына деген не?

2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?

3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?

4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз - үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Ендеше бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Қарттарым аман-сау жүрші» деп аталады.Бәріміз білеміз 1- қазан қариялар күні.

Сабақ барысы айтылады.

- Балалардың назарларына шағын слайд ұсыну

Міне,өздеріңіз көргендей сәби кезімізден бағып-қағып өсірген ата-анамызды үлкейіп,қартайған кезде бізде оларды бағып,киіндіріп,ренжітпей ,еркелетіп,бар мүмкіндігін жасау керек екенбіз.

Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі.Видеоролик)

Мінекей өздерің көргендей балалар ата-анасын, немерелері ата-әжелерінің ақыл-кеңесін тыңдаған пайдалы екенін байқадыңдар.

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.


Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.


Жыр- шашу:

 Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.


Нұрәли:

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай


Інжу:

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.


Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.


Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.


«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!




Сараптама

Күні:1.10.2020

Тақырыбы: «Қарттарым аман- сау жүрші!»

Мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасы орнату кезеңінен соң

Ой қозғау оқушыларға сұрақтар қойылды.

1) – Қазына деген не?

2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?

3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?

4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар ата-әжелеріне арнаған өлең шумақтарын оқып отбасылық фото суреттер таныстырылым жасалып видеоролик дайындалды















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!