Материалдар / Қарттарым-асыл қазынам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарттарым-асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар мерекесі күніне орай өткізілген ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынамТәрбие сағатының мақсаты:Қарттар-еліміздің асыл қазынасы. Қарттар мерекесі туралы оқушыларға мағлұмат беру, қарттарымыздың қасиетті тұлға екендігін білу.Оқушылардың рухани жан дүниелерін дамытуОқушыларды қарт кісілерді құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, тақырыпқа сай нақыл сөздер,слайд

Тәрбие сағатының барысыЖүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар!Жүргізуші: «Қарттарым-асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!Бірге: Қарттар мерекесі құтты болсын!Жүргізуші:Ата күні, әже күні, әлем күніӘлемде тебірене ақылды үніӘжесіз жан туған жоқ бұл өмірдеҰғып ал бөбектерім сендер мұныАта-әже мерекелерініз құтты болсын!Жанұяңызға тек қана шаттық толсынНемерелеріңіздің өнерін тамашалап,Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсынЖүргізуші:Тыныштық елімізге бере берсінДенсаулық, ауыз бірлік бола берсінҰрпағың жақсы көрген жиі келіпТаусылмас дәм-тұзыңды тата берсінЖансая: «Қаттар күні» туралы мәлімет айтадыЖүргізуші: Сіздерге арналған жырларымызды қабыл алыңыздар!Арман:Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!Әр күлгенің бізге бақыт саналарЕңбегіңді еш етпейтін өмірдеЕлің, жұртың, ұл мен қызың бағаларАна мейір күн көзімен пара-парТқла бойға қуат болып тараларКөп жасаңдар аталар мен аналар!Анарыс:Менің әжем ақ әжемҰл мен қыздың бағы әжемЕртегі айтып бер десемАйтып бебер тағы әжемМенің әжем гүл әжемАлтын әжем, нұр әжемАнам үшін мен үшінНағыз әжем, тіл әжемАлтынбек:Дүниеге келер бір терДария кеуде,тау мүсінҚұрыштай күйген құдыретҚарттарым аман-саумысың?Өздерің болсаң жанындаЕл іші жомарт еңселіДән иісі сіңген қаныңдаДаламның бір-бір бөлшегіМеруерт:Тентек болсам ашынып,Жақсы іс қылсам асырыпМаған сақтап жүредіТәттіні де жасырыпТосып тәтті дәмдерінОл бар жерде бал жедімБіздің үйде осындай Әжетайым бар меніңАлина:Мені жақсы көредіКүндей күліп жүредіКөп ертегі біледіМаған айтып бередіӘлпештеген аялағанАқ сүт бергент апатайымСәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймынДанияр:Аташым менің тірегімКөп еді-ау сенің тілегіңАтыңды сенің ардақтапЖүремін әркез мақтаныпКөп жүріп кейде ойланамАтам жайлы толғанамАташым болса қасымдаҚуаныштан шаттанам

Бекарыс:Атам менің әмандаӘдепті жан бол дегенАтам сөзі санамдаЖасы үлкенге жол беремАлдын орап кісініңКесіп өтпе көлденеңІзетімен кішініңСәлемдесіп қол беремӘлия:Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайыпҚуат кетіп бара жатыр қартайыпОтбасында, бала-шаға қасындаЖетпістер мен сексендер жүр қартайып

Көңіл жетім болмаған соң сыңарыҚайта-қайта қарағың келіп тұрадыҚағыс естіп қалбаңдайды баладайНиеті ақ, пейілі кең даладайКімге болса қарттық келер аяңдап,Мәпелеңдер, қарт біткенді аялапЖүргізуші:«Асыл ана» орындайтын Жеңіс АнарысЖүргізуші:Мақал –мәтелдерімізді қабыл алыңыздар! Ата-баланың қорғаныҚарты бардың-жұрты барКемпірі бардың құрты барАлты жастағы бала келсеАлпыстағы шал амандасарАта- бәйтерекБала- жапырақЖақсы қартайса, жазып қойған хаттайЖаман қартайса, бықсып жанған оттайАтаңа не қылсаң-алдыңа сол келедіЖас жүрген жер-мерекеҚарт жүрген жер-берекеАта көрген оқ жонарШеше көрген тон пішерАтаңның ботасын алма, батасын алАтасыз үй -батасызАнасыз үй- панасызӨткен менен кеткендіКөп жасаған қарт білерҚарт кісіні қадірлеӨзіңде қар боларсыңЖүргізуші:«Ұлдар биі» қабыл алыңыздар! Көрініс:
  • Автобуста (мақсаты: үлкен кісілерге кез-келген ортада орын беру)
  • Телефон (мақсаты: ата-аналарға, ата-әжелерге үнемі қоңырау шалу, хал-жағдайларын білу)
  • Ата мен бала (мақсаты: еңбекқорлыққа тәрбиелеу)
Жүргізуші: Біз жақсы демалыста ата-әжеміздің ауылына баруға асығамыз. Оларды сағынамыз Хор: «Қошақаным»Жүргізуші: Бүгін біздің мерекеге Бүркіт пен Айша келіпті қарсы алыңыздар!Породия: «Тау-тау сезім»Жүргізуші:Мың бұрала билейтін аруларымызды ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар!Жүргізуші:Ән орындайтын Молдрахман Арман «Жаса қазақ»Жүргізуші:Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!Мұғалім: Қымбатты ақ жаулықты әжелер, ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! 3 сынып оқушыларының сіздерге арналған тәрбие сағатына келгендеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремін. Мерекелеріңіз құтты болсын! Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде, елі, жері үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір сүруіне үлес қосқан ардақты да аяулы қарттарымыз. Үлкен кісілерді құрметтеу жас ұрпақтың азаматтық борышы. Қарттар- еліміздің асыл қазынасы. Қазыналарымыз аман болсын! Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!