Қарттарым-асыл қазынам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттарым-асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілері үшін,қарттарды,үлкендерді сыйлау,құрметтеу,үлгі тұту мақсатында оқушыларды тәрбиелеу.Оқушыларды ардагер адамдарға апарып,олармен пікірлесіп,үлкен кісілердің ақылын тыңдап, еңбектері туралы айтқан сөздерін ойға түйіп шынайылықты сезіндіру,қайырымдылыққа тәрбиелеу,жастайынан,үлкендерге қамқор болуға үйрету..Оқушылардың мәнерлеп оқуға,қарттар туралы мақал-мәтел,өлеңдер оқуға қалыптастыру.Өзімнің іс-тәжірибиемен ұстаздермен,бөлісу,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарттарым –асыл қазынам

Сабақтың мақсаты: қарттардың қоғамдағы орнын, тәлім-тарбие, өнеге көзі екенін тусіндіру.Оқушыларды әдептілікке,ата-ана борышын ақтауға,адал болуға үлкендерді құрметтеуге,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,шарлар,суреттер,слайд.
Барысы:
Жүргізуші:Қайырлы күн,қадірлі әжелер мен аталар,ұстаздар мен оқушылар! «Қарттарым асыл-қазынам» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Салем ата,әже-алтын күн,
Сәлем,қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз!
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман-саумысың?!
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт,еңселі
Дән иісі жүрген қанында,
Даламның бір-бір бөлшегі,-дей келе «Қарттарым- асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызды өздеріңізге тарту етеміз.
2-ЖҮРГІЗУШІ:Ия,балалар бізге қызықты ертегі айтып беретін,жыр-дастандарды аңыздарды көп білетін,бата-тілегін әркез аямайтын ақсақалды адамды кім дейміз?
1-оқушы:Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам
Жер мен көкті аралап
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары
Ардақтаймын өмірде
Асқар таудай атамды
2-оқушы:Атамды жақсы көремін,
Жаттап алам өлеңін
Ертегі айтса қызықтап
Ұғуға көңіл бөлемін
3-оқушы:Мән беріп ден қойғанда,
Терең ойға батасың.
Шілдехана,тойларда,
Береді атам батасын.
4-оқушы:Әр сөзінің ақырын,
Жақсылыққа тірейді.
Қадап айтып ақылын,,
Көпке бақыт тілейді.
Мұғалім:Аталарың сендерге не дейді?
5-оқушы:Атам маған әрқашан
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
6-оқушы:Атам маған әрқашан,
Әділеттті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
Жұмбақ:Ал,балалар,бізге түрлі тәттілерді көп беретін,маңдайымыздан сипап еркелететін,маңдайымымыздан сипап еркелететін,мейірімді жанды кім дейміз? «Әже» Ендеше әжелерінің балаларына кезек берейік.
7-оқушы:Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан.
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
8-оқушы:Әжем-ақыл бесігі,
Мейіріммен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман-есен ержетсем.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
9-оқушы:Шуағыңды сеуіп,
Жайна,анамыз,әже,
Жұлдыздарың болып,
Айналамыз,әже!
«Қошақаным» әні орындалады.
Атадан бізге не қалған?

10-оқушы:Бұл сөзімді отырған қауым қоштар,
Осындағы достарым,сыныптастар.
Аталар мен әжелер ұрпағына,
Қалдырған аманаты мынау ,достар:
1.Ерлік; 2.Бірлік; 3.Еңбек; 4.Шалқыған көңіл; 5.Бақытты өмір.
1-жүргізуші:Біз өнерсіз боламыз ба?
Көрсін ата-әжелер
Көрсін әке-аналар
Риза болсын көрермендер,-дей келе «Қазақ биін» тамашалайық.
2-жүргізуші:Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ,өзі нар
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты-дегендей тәлім-тәрбиенің көзі болған нақыл сөздереге кезек берейік:
1.Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер
2.Қарты бар үйдің қазынасы бар.
3.Үлкенге құрмет,кішіге ізет.
1-жүргізуші:Балалар,біз осы мейрамға қарсы ауылымыздың ардагер ата-апаларына барып қарттар күнімен құттықтап,батасын алып қайттық.
2-жүргізуші:Ия,Қарлығаш міне сол кездегі түсірілімге,суреттерге назар аударайық.
Слайд:Қарттарым- асыл қазынам.
1-жүргізуші: Келесі кезекте Нұржақыш Аяулымның орындауында әсем ән. Мұқағали Мақатаеватың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін Сатан Балнұр.
2-жүргізуші: Хор «Атамекен»
Арсен:Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болар өзіде,
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Тілегенің бәрі болсын!-дегендей,бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтай келе бізге ақ баталарыңызды беріңіздер.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі