Қарттарым-асыл қазынам!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттарым-асыл қазынам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарына арналады. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: ..............................

Мектебі: …………………………

Сыныбы: .................................

Сынып жетекшісі: .........................

Машықкер: ............

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып бойынша суреттер, мақтау қағаздары мен сыйлықтар.

І. Кіріспе бөлім:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық дайындық

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Тақырыппен таныстыру

  2. «Жалғасын тап!» ойыны

  3. Балаларға тақпақ айтқызу

  4. Ойын (суреттер боятқызу)

  5. «Қарттар үйі» туралы мәлімет

ІІІ. Қорытынды бөлім:

  1. Жұмбақ арқылы тақырыпты шолу

  2. Марапаттау

  3. Сыйлықтар үлестіру

  4. Балалардың сабақ жайлы ойын білу

  5. Балармен қоштасу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл-күйлерің жақсы ма? Ал, онда сабағымызды бастайық. Барлығымыз мені мұқият тыңдаймыз.





Психологиялық дайындық:

Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Тақырыппен таныстыру: Балалар, білесіңдер ме, бүгін біздің ата-әжелеріміздің мерекесі екен. Ал сендер бүгін оларды құттықтадыңдар ма? .... Егер құттықтасаңдар олар менің немерем мені ұмытпай құттықтады деп қуанып қалады. Ал ата-әжелеріміз қуанса үйде береке болады. Кім ата-әжесімен бірге тұрады? Ал сендер ата-әжелеріңе көмектесесіңдер ме? Жарайсыңдар, үлкендерге әр қашан көмектесіп, ақыл сұрап, айтқанын тыңдау қажет.

«Жалғасын тап!» ойыны: Балалар, қанекей, бір ойын ойнайықшы! Ойынның шарты: бір-бір баладан келіп, тақтадағы кез-келген кигіз үйді таңдайды. Кигіз үйдегі мақалдың жалғасын табады. Ал егер білмей жатса сол қатардың оқушылары көмектеседі.

1.Ата көрген оқ жанар,

Әже көрген тон пішер.


2.Аталы баланың сөзі ойнайды,

Атасыз баланың көзі ойнайды.


3.Атадан өсиет, анадан қасиет.


4.Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.


5.Атаның салған жолы бар,

Ананың тіккен қолы бар.


6.Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық.

Сергіту сәті: Балалар, жаңылтпаш айту білесіңдер ме? Ал онда қайталайық!

1.« Балқурайдан »

Басқа да бар қурай.

Ал, балқурай

Қай қурай?

2.Тал тік,

Тіп – тік қып тік.

Түбін түпте,

Нық қып түпте.


3. Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.


Балаларғы тақпақ айтқызу: Балалар, сендер тақпақ жаттадыңдарма? Онда, тақпақ айтатын балалар тақтаға шыға қойыңдар! Жарайсыңдар! Өте жақсы балалар.

Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.

Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз!


Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.


Асқар таудай тұлғасы
Ақ сақалды қария
Ата сөзі жыр басы
Айтқан сөзі дәрия


Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.


Атам менің әмәндә
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Ойын: Балалар, ойын ойнағыларың келеді ме? Ал онда, мына суреттерді қай қатар жақсы бояр екен? Бірінші болып, әрі әдемі бояған қатар жеңіске жетеді!

Жарайсыңдар! Өте жақсы бояпсыңдар. Ойын ұнады ма?...


Мәлімет: Балалар, қарттар үйі деген қандай жер білесіңдер ме? ... Өкінішке орай, бүгінгі таңда ата-әжелерін, ата-аналарын қарттар үйіне апарып, қалдырып кететіндер көп екен. Ол жерге қариялардың барғысы келмейді. Біз, олай апарып тастамауымыз керек. Өйткені, ата-әжелеріміз, ата-аналарымыз бізді тәрбиелеп жатыр, барлық киімдерімізді алып береді, бізді жақсы көреді. Ал біз, өз отбасымызды, ата-әжелерімізді жақсы көреміз, олар біздің бақытымыз. Сондықтан ата-әжелерімізді әр-қашан қуантып жүрейік!




Жұмбақ арқылы тақырыпты шолу: Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (Әже)
Жарайсыңдар, сендердің ата-әжелеріңді қатты жақсы көретіндерің білініп-ақ тұр.


Марапаттау: Бүгін мен тақпақ жаттап келген балаларға ерекше алғыс айтқым келіп тұр. Рахмет сендерге балалар! Оларды мен мынадай мақтау қағазымен марапаттаймын. (тақпақ айтқан балаларды мақтау қағаздарымен сыйлықтармен марапаттау).


Сыйлықтар үлестіру: Балалар, менің сендерге кішкентай сыйлықтарым бар. Барлығымыз орнымызда отырып мені күтеміз.

Балалардың сабақ жайлы ойын білу: Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса алдыларыңдағы жасыл қағазды көтеріңдер, ал ұнамаған болса қызылды көтереміз.



Балалармен қоштасу: Барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Балалар сендерге бүгінгі сабаққа белсене қатысқындарың үшін көп рахмет. Сау болыңдар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі