Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл
қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау
үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы
мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Бекзат
Қазанның 1 - і - халықаралық қарттар күні. Бас ассамблея 1990 жылы
14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге деп
қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар
күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық
әлемде атап өтетін болды. Міне сондай кешіміздің біреуі бүгін
құрметті ағайын.
Жүргізуші: Бекжан
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Жүргізуші: Бекзат
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты
аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы
ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері
қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Жүргізуші: Бекжан
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген
інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын
ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны
ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері
қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән
қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі
– үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық
ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей
теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына
бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып,
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош
келдіңіздер.
Ән: хор «Ана туралы
жыр»
Жүргізуші:Бекзат
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі
ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік
қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің
жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1 оқушы:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
2 оқушы:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
3 оқушы:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
4 оқушы:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
5 оқушы:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
6 оқушы:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
7 оқушы:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
8 оқушы:
Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр
9 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
10 оқушы:
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып
қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп
толқымайтын
Бара жатыр сарқылып
дариялар.
Неменеңе жетістің, бала
батыр,
Қариялар азайып бара
жатыр.
Бірі
мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада
тұр.
Ақыл айтып жүрмесе
қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік
басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп
беріп,
Бір күлшесін бөліскен
ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала
батыр,
Қариялар азайып бара
жатыр…
11 оқушы:
Құттықтаймыз мейрамыңмен
аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт
саналар
Еңбегіңді еш етпейтін
өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың
бағалар
Ана мейір күн көзімен
пара-пар
Тұла бойға қуат болып
таралар
Өміріме шуақ шашып
әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен
аналар!
12-оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
13-оқушы:
Ақиқатты айқындап
жариялар
Бара жатыр азайып
қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп
толқымайтын
Бара жатыр сарқылып
дариялар.
Неменеңе жетістің, бала
батыр,
Қариялар азайып бара
жатыр.
Бірі мініп келместің
кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада
тұр.
14-оқушы:
Ақыл айтып жүрмесе
қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік
басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп
беріп,
Бір күлшесін бөліскен
ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала
батыр,
Қариялар азайып бара
жатыр…
15-оқушы
Құттықтаймыз мейрамыңмен
аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт
саналар
Еңбегіңді еш етпейтін
өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың
бағалар
Ана мейір күн көзімен
пара-пар
Жүргізуші: Бекжан
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: Аят
Жүргізуші: Бекзат
Той деп бүгін халқым шашу
шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Флешмоп» бір топ бишілер
Мерекеңіз құтты болсын
ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Көрініс:
Жүргізуші: Бекжан
Бүгін біздің сүйікті атамыз
Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп
келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай
ата:
Қарияларды ардақтап өтсең,
құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер
ізет.
Маған мынаны айтып
беріңдерші, балаларым.
Қайсысың жеті аталарыңды
білесіңдер?
Балалар дүниеде не
қымбат?
Не қатты?
Не тәтті?
Мақалбай
ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен
екенсіңдер ғой!
Үлкендерді құрметтеуге
арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл
ал.
4-оқушы: Атаға
бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз
қалады.
5-оқушы: Үлкен кісіні
ренжітпе.
6-оқушы: Ауылыңда
қария болса,
Жазып қойған хатпен
тең.
7-оқушы: Кәрі келсе
асқа,
Жас келсе іске.
8-оқушы: Кәрі,
кәрінің сөзі – дәрі.
9-оқушы: Ақылды қария
– ағып жатқан дария.
10-оқушы: Кәріліктің
алды, жігіттіктің соңы.
11-оқушы: Жақсы
үленді қадірлесе – құт болар
Мақалбай
ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе
ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы
беске,
Жақсылығың жетсін
көпке
Балалар үйінің қуанышы
бол,
Бауырыңның жұбанышы
бол.
Сенімін ақта
үлкендердің,
Түлесін көктеп
мекенің!
Жүргізуші: Бекжан
Нағыз әке, ана ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден, аналардан басталған
Ал әкелер, аналар өздеріңе арналмақ
Бұл айтылатын асқақ ән.
Ән: Диас пен Еңлік
Жүргізуші: Бекзат
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Би: қазақша
Жүргізуші: Бекжан
Қарттарым жүректерің неткен
дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің
арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам
мен,
Оқитын келешекте бір-бір
дастан.
Таң атып, күн де шыққан
өздеріңнен,
Жалындап жұлдыз жанған
көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал
болып,
Өсиет жастарға айтқан
сөздеріңмен
Осымен бүгінгі сіздерге
арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешіміз аяқталды.
Сіздерге ең алғашқы денсаулық, бала-шағаларыңыздың,
немерелеріңіздің қызығына тоймай ұзақ өмір сүрулеріңізге
тілектеспіз. Сау болыңыздар!