Материалдар / Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.

Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2018
1009
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ 10 СЫНЫП:

Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы  Күштері,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері– отансүйгіштік жəне  көпұлттылық  мектебі,  əскери  анттың  əскери  қызметкерлерге  қоятын талабы,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  рəміздері,  əскери бөлімнің туы.Мақсаты:Білімділікемлектіміздің қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштері– отансүйгіштік жəне  көпұлттылық  мектебі жайлы Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  рəміздері,  əскери бөлімнің туы жайлы терең мағлұматтар беру, үйрету.Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау қабілетерін, қоғаммен жұмыс жасауға дағдыландыру.Тәрбиелілік:Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  рəміздерін құрметтеуге және еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы.Сабақтың барысы:       а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.     б) Негізгі бөлім – 25мин. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндеқызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.    Патриотизм – азаматтардың, әсіресе жастардың өз Отанын қалтқысыз сүюі мен оны қорғауға әрқашанда дайын болуы, туған жерге деген терең перзенттік махаббат. Шынайы патриотизмді қалыптастыру – жеке тұлғаның нық саяси тұрғыда өзін - өзі нақты айқындау деген сөз. Оны мемлекет туына, елтаңбасына, әнұранына құрметпен қарауға, заңға бағынуға, үкіметті сыйлауға тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала жасынан: «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі керек.    Патриотизмнің адамгершілік сипатыкерек уақытта адамның өзіне «керек» деп бұйрық беріп, ауыр сын сәтінде «істей алмаймын» дегенді жеңе білуі.    Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз.    Патриотизм сезімі мен Отанның жауларына деген жек көрушілік – қасиетті, жалынды, өшпейтін сезім. Қазіргі жауынгер үшін патриот болу дегеніміз - өзінің білімі мен мүмкіндігін, бар күшін ҚР ҚК-нің жауынгерлік қуатын нығайтуға жұмсау мен қашан да оны қорғауға дайын болу.    Жауынгердің патриотизмі, сонымен қатар оның өз бөліміне деген сүіспеншілігінен, бөлімінің жауынгерлік туына адалдығынан, оларды ұрыста табандылықпен қорғауға дайындығынан, халықтың, жауынгерлік дәстүрлеріне адалдығынан, өздерінің күнделікті еңбегі мен даңқты ерліктері арқылы біздің қаруымыздың жауынгерлік даңқын арттырудан көрінеді.    Әрбір жауынгердің патриоттық және интернационалдық міндеті, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі – бөлімшелерді жауынгерлік дайындықта, жоғары деңгейде ұстау, жауынгерлік шеберлігін жетілдіру, тәртіп пен реттілікті нығайту болып табылады.    Тек қана нағыз патриот пен интернационалист қана бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен, ержүректілікпен орындауға қабілетті.    Кейде кейбір жауынгерлердің, әдейі, немесе еріксіз интернационализмге жат идеяларды насихаттайтын жағдайлар да кездесіп жатады. Ол әскери қызметшілер арасында жарғыға жат қарым – қатынастар туғызады. Адамның дене немесе моральдық жағынан кемсітілуінің өзі адамгершілікке жат, ал егер ол ұлттық сезімді қозғаса, оның қиратушы күші бірнеше өседі. Сондықтан ұлттық артықшылыққа байланысты талаптарға кез келген ұжымда жол берілмеуі және әшекерленуі тиіс.     Патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістері мыналар болып саналады:-                жауынгерлерді идеялық сеніммен, тәрбие жұмыстарымен саяси саналыққа тәрбиелеу;-                қоғамдық – гуманитарлық жүйесі жеке құрамның жауынгерлік оқуын іске асыру;-                жауынгерлерді патритизм мен интернационализм идеяларымен қаруландыру;-                республика аумағында, ТМД мемлекеттерінде тұратын барлық халықтардың достығын насихаттау;-                азаматтар мен жауынгерлерді республиканың Қарулы Күштері, халықтың еңбек және жауынгерлік дәстүрлері арқылы тәрбиелеу;-                жеке қасиеттерін жетілдіру, өзін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;-                әскери мәселеге, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты республикада қабылданған заң ережелері мен талаптарын білу;    Сөйтіп әскери патриоттық тәрбие дегеніміз:-                адамдардың Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;-                өзінің азаматтық парызын терең түсінуді дайындау;-                халықтың жауынгерлік дәстүрі мен оның қарулы күштеріне деген адалдық;-                әскери және әскери – техникалық білім мен дағдыларды меңгеру;   Әскери – патриоттық тәрбие халықтың жасына, кәсібіне және де басқа ерекшеліктеріне қарай әр түрлі деңгейде жүргізіледі ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   МЕМЛЕКЕТТІК  НЫШАНДАРЫ.   ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ   ҚАРУЛЫ   КҮШТЕРІНІҢ   НЫШАНДАРЫ   ЖӘНЕ  ӘСКЕРИ  БӨЛІМНІҢ      ТУЫ.   ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен  мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. ҚР Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков.    Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған.    Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.    Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған  Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған.    Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.    Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы  көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.    Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желепжебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.    Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ