Материалдар / "Қарындашыңды берші" 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарындашыңды берші" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2.1.3.1.Хабарламаны тыңдау және сұрақтарға жауап беру, түсінгенін хабарлама мазмұнына сәйкес иллюстрация заттық\сурет\сызба таңдау арқылы көрсету. 1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сыныбы

2-«В»

Пәні

Қазақ тілі

Тобы

1

Мұғалімнің аты-жөні

Тажибаева Айгерим Азизовна

Оқулық

Қазақ тілі «Көкжиек-Горизонт»

Бөлім

1-бөлім. Менің мектебім

Сабақ №, тақырыбы

4-сабақ. Қарындашыңды берші

Оқу мақсаты


2.1.3.1.Хабарламаны тыңдау және сұрақтарға жауап беру, түсінгенін хабарлама мазмұнына сәйкес иллюстрация заттық\сурет\сызба таңдау арқылы көрсету.

1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.

Жаңа сөздер

Қайшы, өшір, қи, түрлі түсті, күнделік толтырамын, апарамын, апармаймын.

Сілтеме

https://bilimland.kz/kk/subject/kazah-tili/2-synyp/mektepke-sayahat?mid=23:simple – Мектепке саяхат

https://www.youtube.com/watch?v=psgKLw7RQAg – Тәуелдік жалғау 


С а б а қ т ы ң м а з м ұ н ы

Сабақтың мақсаты:

оқушыға қаратылған оқу мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті: тақырып туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар білуге тиіс: қосымша парақшалармен жұмыс істейді.

Жаңа тақырыптың мазмұны








Жаңа сөздерді меңгеру: Қайшы, өшір, қи, түрлі түсті, күнделік толтырамын, апарамын, апармаймын.

Грамматикалық қоржынға назар аударыңыздар! 96 және 100-бет

Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді.

Тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:

Жекеше түрі

І жақ–ым, -ім, -м

ІІ жақ-ың, -ің, -ң

-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і

Көпше түрі

І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.


І жақ Менің қарындашым І жақ Біздің қарындашымыз

ІІ жақ Сенің қарындашың ІІ жақ Сендердің қарындаштарың

Сіздің қарындашыңыз Сіздердің қарындаштарыңыз

ІІІ жақ Оның қарындашы ІІІ жақ Олардың қарындашы


Оқы

















Орында





























Оқу тапсырмасы





1-тапсырма. ОҚЫЛЫМ. 97-бет. Мәтінді түсініп оқы

3-тапсырма. ЖАЗЫЛЫМ. 98-бет. Суреттер арқылы берілген сөйлемдерді толықтырып жаз. Суреттегі сөздерді буынның түрлеріне қарай ажырат.


а.б а.б а.б а.б а.б

Үлгі: Әнелдің са - ры қа-ла-мы бар.

Дескриптор:

  • Суретте берілген сөздерді сөзбен жазып, сөйлемдерді толықтырады – 1;

  • суреттегі сөздерді буынға бөліп, түрлеріне қарай ажыратады – 3;

  • қатесіз әрі көркем жазады – 1. (5 ұпай)



101-бет. «Күнделік» сөзін жекеше және көпше түрде тәуелде!

Дескриптор:

- Суреттің орнына қажетті сөзді қояды және көп нүктенің орнына қосымша жалғап жазады;

- «Күнделік» сөзін жекеше және көпше түрде тәуелдейді;

- қатесіз әрі көркем жазады. (5 ұпай)



Рефлексия


Мен білемін…

Енді мен жасай аламын…

(с-абақ критерийіне байланысты жазасыз)

Бағалау критерийі

1 – 3 балл - «Нашар»

4 – 5 балл - «Қанағаттанарлық»

6 – 7 балл - «Жақсы»

8 – 10 балл - «Өте жақсы»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!